Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


,8- лекция. Әдеби жанрлар теориясы



бет4/9
Дата25.05.2023
өлшемі198,5 Kb.
#97285
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекциялар -Қазіргі әдеби үдеріс жане әдеби сын

7,8- лекция. Әдеби жанрлар теориясы.
Әдебиеттің тектері мен түрлері туралы жалпы ұғым (4 сағат)


Жоспар:1. Әдеби жанр дегеніміз не?
2. Көркем әдебиеттің жанрына нелер жатады?
3. Әдеби жанр теориясы туралы жалпы түсінік.
4. «Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні. Олардың әдебиетте қолданылу аясы.
5. Ғылыми зерттеу еңбектеріндегі әдебиет тектерінің аталуы.
6. Әдебиеттің тектері мен түрлері туралы жалпы ұғым.
Көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш топқа жіктеуге болады. Бұлай жіктеуді әдебиетті тегіне қарап бөлу деп атайды. Әдебиетті текке, түрлерге бөлу, жіктеу принциптері. Бұл туралы Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов, т.б. ойшылдардың пікірлері.
Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері– әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптар көбінде әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – повесть, поэма, кең көлемді эпикалық түрге – роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама, дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат не табиғат лирикасы деген санаулы түрлерге ғана бөліп бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шыңдығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынын қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік терең психологиялық тебіреністер суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына – түрліше тағдырлар тартысына құралатыны мәлім.
Өнер өмірден тұрады. Ал, өмір күрделі, өмір құбылыстары әр алуан, өмір процесі қиын. Ендеше өмірден туған өнер де күрделі, әр алуан, қиын. Эпостың, лирика мен драманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда болған.
Әрбір әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Әр дәуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды.
Әдеби шығарманың өзгешелігін тарихи тұрғыдан пайымдай тұра, қай дәуірде жазылсын, қандай қоғамдық шындықтан тусын бәрібір тектес туыныдларда адам өмірін бейнелеу жағынан заңды ұқсастық, композициялық құрылым жағынан бірізділік болатынын ескеру қажет: лирика жеке басқа тән сан иірім сезімге құралса, эпос адам өмірінің кезең-кезеңіне кеңірек қанат жаяды да, драма нақты қимыл-әрекеттен өрбіп, өрістейді. Мұны ескеру зерттеудегі историзмді жоққа шығармайды, жанр мәселесін неғұрлым байсалды, терең және жан-жақты талдауға, әрбір әдеби түрдің өзара өзгешелігімен қатар, бірлігін де жіті тануға меңзейді.
Көркем дамудың әдеби процестен танылатын құбылыстары алуан-алуан: бірін әдеби шығарманың тақырыбынан аңғарсақ, бірін идеясынан, енді бірін адам образынан аңғарамыз. Әдеби жанрлар тағдыры осы құбылыстарға тығыз байланысты.
Жанрлық жай-күйдің бәрін тек қана тарих аясында, халық өмірімен тығыз байланыстыра, барлық әдеби дамумен бір арнада тексеру шарт.
Жанр – даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар роліне, алар орнына байланысты.
Жанрлық дамудың өзі – тірі процесс. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады. Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады.
Жанр – нақты тарихи түр. Бұл, сайып келгенде, әлеуметтік-эконимикалық факторларға да тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет