Сандық өлшегіш құралдары Сандық өлшегіш құралдары деп, көрсетулері сандық формада берілетін құралдарды айтады.
Өлшеу құралдарыолар қабылдайтын ақпараттар түріне байланысты: көрсеткіш; интеграциялаушы және жинақтаушы болып бөлінеді.
Электротехника тәжірибесінде ең көп тараған түрі көрсеткіш , яғни тікелей бағалау немесе тікелей есептеу құралдары. .
Мұндай құралдар, атқаратын қызметі мен жұмыс істеу принциптеріне байланыссыз, екі негізгі бөліктерден тұрады: өлшеу тізбегі және өлшеу механизмі. Қарапайым өлшегіш тізбек, мысалы вольтметр, қосымша кедергісңмен тізбектей жалғанған орамдардан тұрады. Тұрақты кедергісі тізбектерде орамдар арқылы өлшенетін кернеуге пропорционал ток өтеді
Сандық электр өлшегіш құралдары (сурет 3.19)
Сурет Сандық электр қлшегіш құралының схемасы
ВУУ кіріс күшеткіш қондырғысынан, үздіксіз берілетін Y сигналын, ГИ импульстар генераторының сигналдарын Y¢ сандық кодқа, айналдыратын АЦП аналогті-сандық өзгерткіштен, ЦСИ есептегіш индикаторы, коммутациялық және логикалық блоктары УУ басқарушы қондырғылардан тұрады.
Олар электрлік шамалардың параметрлерін сенімді, жоғары дәлдікте, және өлшеудерді жылдам есептеуге арналған.
Оларда кіріске берілетін сигналдар күшейтіледі және А сандық формадағы дискретті шығыс сигналдарына айналдырады.
Электрлік шамаларды өлшеу әдістері1. Токты өлшеу
Электр тогын өлшейтін құралдары амперметрлер деп аталады.
Электр өлшегіш құралдары электр тогы жэәне кернеуін өлшеуге қолдланылады. Мұндай жағдайларда, электр тізбектеріне жалғау тәсілдері мен өлшенетін тізбектің кедергісіне сәйкес олардың айырмашылығы болады.
Амперметр тізбектегі токты өлшеуі үшін оның бойынан өлшенетін ток тікелей өтуі керектігіне байланысты, тізбекке тізбектей жалғанады.
Сол себепті, амперметрде кернеу түсуі сезілмеуі үшін, кедергісі өте аз болуы тиіс.
Тұрақты ток тізбегіндегі шамаларды өлшеу үшін, көп жағдайда магнитоэлектрлік өлшеу құралдары пайдаланылады, ал ток жиілігі 50Гц шамасындағы электр тогы үшін электромагниттік жүйедегі амперметрлер колданылады.
Амперметрлерді өлшенетін электр тізбектеріне тікелей жалғау көптеген жағдайларда мүмкін бола бермейді, өйткені өлшенетін ток шамасы кейбір жағдайларда, құралдардың қозғалатын бөлігіне қажетті ток шамасынан артық болады. Сондықтан тұрақты ток шамасын өлшегенде амперметрлерге параллель шунттар жалғанады, бұл өлшенетін токтың бңр парасын шунттар арқылы өткізуге мүмкіндік тудырады (сурет 3.7)
Сурет Амперметрді тұрмыстық жағдайда жалғау схемасы
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша, шунт жағдайында амперметр өлшейтін ток шамасы:
Iмах= IАН + I ш
Мұндағы I max - тізбектегі токтың максимал шамасы;
Достарыңызбен бөлісу: |