Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу 1 лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы



бет12/48
Дата06.09.2023
өлшемі371,9 Kb.
#106222
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі -emirsaba.org

IAH - шунтсыз жағдайдағы амперметрдің номинал тогының мәні;
IШ - шунт арқылы өтетін ток шамасы.
Егер амперметрдің шкаласын шунтты есепке ала отырып градирлейтін болсақ, онда өлшенетін I ток шамасы құралдың тікелей көсетуі бойынша алынады.
Айнымалы токторды өлшеу барысында шунттар пайдаланылмайды. Өйткені, ток шунт және амперметрлерге бөлінгенде олардың тек актив кедергілерінен басқа, ток жиілігіне байланысты орын алатын реактивті кедергілері пайда болады. Сол себепті, амперметрлердің айнымалы ток тізбектеріндегі өлшеу шегін арттыру мақсатында, ток өлшегіш трансформаторлар қолданылады.


Кернеуді өлшеу Электр тізбегінің кернеуін өлшеуге арналған құралдарды вольтметрлер деп атайды. Бұл құралдарды кернеуін өлшейтін электр тізбегіне (элементіне) параллель жалғайды.
Кернеуі өлшенетін элементпен салыстырғанда влоьтметрдің кедергісі үлкен болуы тиіс. Бұл өлшеу қателігін төмендету ұшін қажет. Негізінен, вольтметрдің кедергісі қаншалықты көп болса, соншалық ол арқылы өтетін ток шамасы аз болады, бұл өз кезегінде электр энергиясының шығынын азайтады деген сөз.

Кернеуі 1000-4500 В дейін жететін тұрақты ток тізбегіндегі шаманы өлшеуде, вольтметрлерге өлшеу шегін арттыру мақсатында, қосымша резисторларды тізбектей жалғады (сурет 3.8).



  1. Сурет Қосымша резисторы бар вольтметрді тізбекке жалғау схемасы



Кернеуі 1000 В артатын айнымалы ток тізбектерінде өлшеу шегін арттыру мақсатында, кернеу өлшегіш трансформатор жалғанады.
Вольтметрлерге қосымша кедергілерді жалғау келесі жағдайларға байланысты болады: мысалы, UНОМ, кернеуге арналған, кедергісі rV, вольтметрге шамасы UНОМ, кернеуден n есе көп болатын Uxmax кернеуді өлшеу керек болсын. Онда, вольтметр арқылы өтетін ток екі кернеуге де қатысты бірдей болуы керек. Яғни
Iv = Uном /rv = Ux max / (rv + rд) = Uном n /(rV + rд)
бұдан rд = rV (n-1) және нақтылы өлшенетін кернеу
Ux = n UV
мұндағы UV - вольтметрдің көрсеткіші.
Волтметрлердің шкалалры көбінесе, rд. кедергісін есепке ала отырып жасайды. Мұндай жағдайда, вольтметр бірнеше өлшеу шектерімен орындалады, ол үшін бірнеше қосымша кедергілер әрқайсысына сәйкес келетін, қуралдың алдыңғы бетіне шығарылып қойылған, ажаратып қосқыстармен жалғанады.
Тұрақты ток тізбектерінің кернеуін өлшеу үшін, магитоэлектрлік вольтметрлер, а айнымалы ток тізбектері үшін – электромагниттік және электродинамикалық вольтметрлер пайдаланылады.

Шамасы аз болатын айнымалы кернеулерді өлшеуде түзеткіштік және электрондық микровольтметрлер, оның ішінде, жоғары жиілікті кернеулерді өлшеуде тек электрондық вольтметрлер пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет