Диод параметрлері. Бірнеше подкласқа бөлінетін диодтар санын қамту үшін олардың параметрлері де сан алуан. Кейбір параметрлер әр түрлі подкластардағы диодтарды сипаттайтын болса, кейбірлері нақты бір подкластың өзіндік қасиетін ғана сипаттайды. Әр түрлі диод подкластары үшін қолданылатын кең тараған диод параметрлерін атап өтеміз:
А) Imaxтура – максимальді мүмкін тұрақты тура ток. Импульстік құрылғыларда берілетін тура ток мәні Imaxтура –дан үлкен болуы мүмкін, бірақ ток берілетін уақыт интервалы өте аз болғандықтан диод қызып үлгермейді.
В) Umaxтура – Imaxтура –ға сәйкес максимальді мүмкін тұрақты тура кернеу,
С) Imaxкері - максимальді мүмкін тұрақты кері ток. Әдетте осы параметрге байланысты таңдау жасалады. Егер берілетін кері ток Imaxкері -дан үлкен болса, диод жұмысқа жарамсыз деп есептелінеді.
Д) Umaxкері – диодтың максимальді мүмкін тұрақты кері кернеу.
С) Rдиф – берілген режимдегі диодтың дифференциальдық кедергісі.
Диодтарды белгілі бір құрылғы үшін таңдап алғанда алдымен осы параметрлері және қуаты мен жұмыс жасай алатын жиілік аралығын ескеру керек. Қазіргі таңда арнаулы диодтар өте кең ток және кернеу диапазонында жұмыс істей алады. Қуатты диодтар үшін Imaxтура килоампермен, Umaxтура киловольтпен есептеледі.
Сурет-11. Жартылайөткізгіш диод түрлері және шартты белгіленуі.
Диодтың түрлері
Жартылай өткізгіштердің диодтардың әрбір түрінің атқаратын қызметіне тоқталайық. Жартылай өткізгіш диодтардың ішінде ең көп қолданылатыны p-n -өтпенің біржақты өткізгіштік қасиетін қолданатын түзеткіш диодтар.
Достарыңызбен бөлісу: |