Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет28/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Шала өткізгіш диодтар Жартылайөткізгіш диодтарда n–р өтпенің бір бағытта электр тогын өткізетін және келесі бағытта электр тогын өткізбейтін қасиетін қолданады. Сәйкесінше диодтың өткізетін бағыттағы күйін «ашық» күйі, өткізбейтін бағыттағы күйі «жабық» күйі –деп аталады. «Ашық» күйіндегі тогы мен қысқыштары арасындағы кернеуі – тура ток және кернеу, «жабық» күйіндегі тогы мен қысқыштары арасындағы кернеуі – кері ток және кернеу деп аталады. Кейбір әдебиеттерде диодтың электр тогын біржақты өткізу қасиетін «кілт» (басқаша оны «вентиль» деп те атайды, яғни «су кранының вентилін бір жаққа бұрасаң су ағады және басқа жаққа бұрасаң су ақпайды» деген мағынада) қарастыруы мүмкін. Техникада кездесетін диодтар көбіне кремний мен германийден жасалған. Дайындау әдісі бойынша диодтар қоспалық(сурет-10), диффузиялық және нүктелік (сурет-9) болып бөлінеді. Қоспалық және диффузиялық диодтар n–типті және р–типті жартылайөткізгіш пластиналарды балқытып түйістіру немесе бастапқы жартылайөткізгішке қоспалы атомдар пластинасын енгізу (диффузия жасау) арқылы алынады.

Қорытпалық және диффуиялық диодтардың жанасу көлемі ≈ 1000мм2 шамасында, нүктелік диодтардың жанасу көлемі ≈ 0,1 мм2 шамасында. Олар көбіне асқын жиілікті аппаратураларда 10-20 мА ток мәндерінде жұмыс істейді. Жұмыс істеу тәртібіне және атқаратын міндетіне қарай қорытпалық және нүктелік жартылайөткізгішті диодтар түрлері (9-суретте) көрсетілген.



Атқаратын қызметіне байланысты диод подкластарының түрлері 11-суретте көрсетілген.

Сурет-9. Нүктелік диод конструкциясы:1- қысқыштары, 2-шыны корпус, 3-жартылайөткізгіш кристал, 4-майысқыш контакт.




Сурет-10. Қорытпалық диод конструкциясы: 1,9- қысқыштары, 2- метал трубка, 3- майысқыш контакт, 4- шыны оқшаулағыш, 5- металдан жасалған корпус, 6- жартылайөткізгіш кристал, 7- корпус төс етегі (подложка корпуса), 8- оқшаулау шайбасы, 10- бекітуге арналған шайба (для крепежа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет