1.6 Өрістік транзиторлар.
1. Өрістік транзиторлар
2. Басқарылмалы р–n өткелі бар өрістік транзистор.
3.Өрістік транзисторлардың тізбекке жалғану схемалары және эквивалент схемасы.
4. Басқарылатын р – n -өтпелі өрістік транзисторлар ВАС-ы
Негізгі түсініктемелер сөздігі: ағызба, құйылма, жаптырық.
Өрістік транзисторлар
Күшейткіш каскадтарда биполярлы транзисторлар кірер сигналды әлсіретеді, өйткені каскадтың кірмелік тізбегінде кірер сигналдың қуаты шығындалады. Сондықтан өте әлсіз сигналдарды күшейту үшін кірер сигналдың қуатын шығындамайтын, р–n-өтпенің кері кернеуін өзгерту әсерінен шығыс тогы басқарылатын өрістік транзисторлар қолданылады.
Өрістік транзистор - бұл күшейткіш қасиеті негізгі заряд тасымалдаушылар ағынымен түзілетін және электр өрісімен басқарылатын шалаөткізгіш аспап.
Конструктивті құрылымы мен дайындау технологиясына қарай өрістік транзисторлар екі топқа бөлінеді.
1) Басқарылатын р–n-өтпелі өрістік транзистор
2) Оқшауланған жаптырықты өрістік транзистор
Достарыңызбен бөлісу: |