Лекция. Электролит емес ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы


Сұйылтылған ерітінділердің қату және қайнау температуралары



бет5/18
Дата05.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#134465
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ýëåêòðîëèò åìåñ åð³ò³íä³ëåð. Åð³ò³íä³ëåð êîíöåíòðàöèÿñû

Сұйылтылған ерітінділердің қату және қайнау температуралары. Эбулиоскопия. Криоскопия

Әрбір таза заттың өзіне тән белгілі қату және қайнау температуралары болады.


Сұйықтың қату температурасы дегеніміз - оның сұйық және қатты күйлерінде бетіндегі буының қысымдары біріне –бірі тең болатын температура. 0 0С-та мұз бен сұйық судың бетіндегі буының қысымы тең болады (0,6 кПа).
Сондықтан 0 0С таза судың қату температурасы.
0 0С-та ерітіндінің бетіндегі буының қысымы 0,6 кПа-дан кем болады, сондықтан мұз бен су ерітіндісінің бірге болуы 0 0С-тан төменірек температурады болады. Демек, ерітіндінің қату температурасы таза ерітіндісімен төмен болады.
Физика пәнінен белгілі, қайнау дегеніміз - сұйық зат бетіндегі оның қаныққан буының қоршаған орта қысымымен теңделуінен туындайтын құбылыс. Міне сондықтан сұйықтарды қайнату үшін сыртқы энергия көзінен жылу бере отырып, оның қаныққан бу шамасын сыртқы қоршаған орта қысымына теңелдіреді. Ол төмендегіше өрнектеледі:

t = Kэ т


мұндағы; t- температура өзгерісі,
Kэ- эбулиоскопиялық константа,
т- ерітінді молялдығы.
Сұйықтық қайнау температурасы – ол сұйық бетіндегі буының қысымы сыртқы атмосфералық Р теңесетін температура.
Суды алсақ ол 100 0С оның буының қысымы 101,3 кПа, сондықтан 1 атм қысымда су 100 0С-та қайнайды.
Суда бір затты еріткенде, бу қысымы кемиді. Соның салдарынан 100 0С ерітіндінің бетіндегі бу қысымы 101,3 кПа –ден кем болады. Оны атмосфералық қысымға жеткізу үшін ерітіндіні 100 0С-тан жоғары қыздыру керек. Сондықьар ерітіндінің қайнау температурасы ерігіштігінен жоғары болады. Демек, еріген зат ерітіндінің қату температурасын төмендетіп, қайнау температурасын жоғарылатады.

1887 жылы Рауль келесідей заң ашты:


1. Қату темрпературасының төмендеуі, еріткіштің сол салмақ мөлшерінде еріген заттың мөлшеріне пропорционал.
2. түрлі заттардың эквимоекулалық мөлшерлері бір еріткіштің бірдей етіп алынған мөлшерлерінде ерітілген болса, ол ерітінділердің қату температурасы бірдей градус санына төмендейді.
Бір моль заттың 1000 г еріткіште еріткендегі температурасының төмендеуі әрбір еріткіштің өзіне тән тұрақты шама. Оны еріткіштің криоскопиялық константасы дейді.
Рауль заңы математикалық тілде келесідей жазылады:

t = K СМ


мұнда: t- қату температурасының төмендеуі;


К- криоскопиялық константа;
СМ- 1000 г еріткіште еріген заттың моль саны;
СМ- заттың граммен алынған массасын молекулалық массасына бөлгенге тең

СМ =m/M


Сонда,
t=K m/M

осы формуладан заттың мольдік массасын анықтуға болады.


И=K m/t

Ерітіндінің қайнау температурасының көтерілуі жөнінде Рауль осындай заңнан тапқан. Бір моль зат 1000 г еріткіш ерігендегі қайнау температурасының көтерілуі еріткіштің эбулиоскопиялық константасы дейді. Оны Е деп белгілейді.
Tқайн = E CM
Есу=0,52
Ксу = 1,86



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет