Лекция. Электролит емес ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы


Бинарлы жүйедегі сұйық-бу тепе-теңдік диаграммасы



бет4/18
Дата05.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#134465
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ýëåêòðîëèò åìåñ åð³ò³íä³ëåð. Åð³ò³íä³ëåð êîíöåíòðàöèÿñû

Бинарлы жүйедегі сұйық-бу тепе-теңдік диаграммасы.


14 Лекция. Азеотроп ерітінділер. Фракциялы айдау. Айдау түрлері. Өзара ерімейтін сұйықтықтардың қоспаларының бу қысымы. Эбулиоскопия. Криоскопия


Азеотроп ерітінділер. Фракциялы айдау. Айдау түрлері

Бір затта екінші зат ерігенде еріткіштіңде, еріген заттың да қасиеттерінде өзгерістер пайда болады. Еріткіштің қасиеті өзгеруден туатын жаңа қасиеттерр барлық ерітінділердегі ортақ қасиетке айналады, себебі еріген заттың бөлшектері көбейген сайын ерітіндінің кесімді көлеміндегі еріткіштің молекулаларының концентрациясы кемиді. Осының салдарынан ерітіндіде еріткішпен салыстырғанда жаңа қасиеттер пайда болады. Ол қасиеттер: ерітіндінің буының қысымы, осмос, ерітінділердің қайнау және қату температуралары.


Сұйылтылған ерітінділер қасиеттері.
Ерітінділерді зерттеу барысында идеалды ерітінділер ұғымы кіргізіледі. Еріткіш және еріген зат бөлшектерін кез-келген мөлшерде араластырғанда жылу құбылысы, көлем өзгерісі орын алмайтын ерітінділер – идеалды ерітінділер деп аталады. Идеалды ерітінділерде еріген зат бөлшектерінің арасындағы байланыс идеалды газдардағыдай деп қабылданады. Осындай ерітінділерге қасиеті жөнінен өте сұйылтылған ерітінділер жуықтау келеді.идеалды ерітінділерге қатысты шығарылған заңдылықтар кәдімгі ерітінділер үшін де орындала береді. Енді осы заңдылықпен танысалық.
Рауль заңы бейэлектролиттер үшін.
Ерітінділер буының қысымы немесе ерітіндіні құрайтын сұйықтардың булануынын туындаған ерітінді бетіндегі қысым, осы заттардың ерітіндідегі мольдік үлесіне тура пропорционал.
Мысалы, ерітінді ацетон және бензол араласуынан түзілсін делік. Осы ерітінді бетінде ацетон мен бензолдың булануынан пайда болған олардың бу қысымы бар. Бензол және ацетон заттарының ерітінді бетіндегі бу қысымдары олардың ерітіндідегі мольдік үлесіне тура пропорционал болып келеді, яғни:
Р А= P0 nA
nA nБ

Р Б= P0 nБ


nA nБ
мұндағы: РА ,РБ –ацетон А және Б ерітінді бетіндегі бу қысымдары;
P0- ерітінді бетіндегі жалпы қысым, яғни РА + РБ;
nA nБ –ацетон А және бензол Б мөлшерлері;
мысалы, ерітінді 80 моль ацетон және 20 моль бензолды қосу арқылы алынсын. Ерітінді бетіндегі жалпы қысым Р-П нүктесіне сәйкес келеді. Ал бензол және ацетон қы сымдарын анықтағымыз келсе Рауль заңын пайдаланамыз, яғни:
РА= P0 80 =0.8 P0
80+20


РБ = P0 80 =0.2 P0
80+20
Рауль заңы тек сұйық ерітінділерге бағынады. Қышқыл , гидроксид тұздардың ерітнділері Рауль заңына бағынбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет