Лекция. Электролит емес ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы Идеал ерітінді компонентінің химиялық потенциалы



бет12/18
Дата05.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#134465
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Ëåêöèÿ. Ýëåêòðîëèò åìåñ åð³ò³íä³ëåð. Åð³ò³íä³ëåð êîíöåíòðàöèÿñû

Судың диссоциялануы.
Су - әлсіз амфотерлі электролит және су өте нашар диссоциацияланатын заттың бірі. Таза су электр тогын тіпті нашар өткізеді, бірақ өлшеуге келетін электр өткізгіштігі бар, өйткені су өте аз түрде болса да диссоциацияланады:
2О Н3О++ОН-
Оны оңайлату үшін былай жазады : Н2О Н++ОН-
Теңдеуден көрініп тұрғанындай, Н+ және ОН- иондарының концентрациялары бірдей, сондықтан диссоциация кезіндегі судың коцентрациясы |Н2О| іс жүзінде тұрақты қалады. Демек диссоциация тұрақтысының мәні де тұрақты күйде қалады. Судың диссоциациялануына әрекеттесуші массалар заңын қолданып, диссоциациялану константасын жазуға болады:
+ | |ОН-|
К= = 1.8 10-16
2О|
не болмаса |Н+ | |ОН-| = K |Н2О|

Cудың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, диссоциация-ланбаған молекулалар концентрациясын- Н2О тұрақты шама деп қарауға болады.Сонда соңғы теңдеудің оң жағындағы екі шаманың екеуі де тұрақты шама, сондықтан олардың көбейтіндісі де К тұрақты шама болады, оны Кн2о деп белгілесек |Н+ | |ОН-| = K |Н2О| =Кн2о болады.


Таза судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы, ондағы сутек иондарының және әрине оған тең гидроксид иондарының концентрациясын есептеп шығаруға болады. Ол 10-7моль/л тең.
Cудың диссоциациялануы өте кіші болғандықтан, судың диссоциация-ланбай қалған молекулаларының тепе-теңдік концентрациясын |Н2О| судың жалпы концентрациясына тең, яғни 1000/18 =55,55 моль/л.
Онда К =|Н+ | |ОН-| = K |Н2О| = 1,8 .1016 . 55,55 =1,0. 10-14 = Кw
Мұндағы Кw - судың иондық көбетіндісі дейді.
Бұл теңдеуден су да болсын, не сұйық ертінділер де болсын, температура өзгермеген жағдайда, сутек және гидроксид иондары концентрациясының көбейтіндісі тұрақты шама екенін көреміз.
Теңдеуді пайдаланып сутек иондарының концентрациясы белгілі болса, гидроксид иондарының концентрациясын анықтауға болады және, керісінше гидроксидтің концентрациясы белгілі болса сутек иондарының концентрациясын анықтауға болады. Мысалы, ертіндідегі сутек иондарының концентрациясы |Н+| 1011- моль/л болса, |ОН-| гидроксид иондарының концентрациясы былай анықталады:
Кw =|Н+ | |ОН-| = 1,0. 10-7.1,0. 10-7=1,0. 10-14 моль/л
Кw
|ОН-|= =1,0. 10-3 моль/л
+ |
Кез келген сулы ерітіндісінің ортасын сутек иондарының концентрациясымен |Н+ | немесе гидроксид-иондарының концентрациясымен |ОН-| сипаттауға болады:

  1. егер =|Н+ | =|ОН-| =10-7 моль/л болса , онда орта бейтарапты;

  2. егер =|Н+ | >|ОН-|, |Н+ | >10-7 моль/л болса , онда орта қышқылды;

  3. егер =|Н+ | <|ОН-|, |Н+ | < 10-7 моль/л болса , онда орта сілтілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет