күрделі екендігі тағайындалды. Қазіргі кезде протон заряды 2 |𝑒|/3-ға тең нүктелік екі оң
зарядталған кварктан және зарядының шамасы |𝑒 |/3-ке нүктелік
теріс зарядталған бір
кварктан тұрады деп есептейді.
Нейтрон – ядроны құрастырушы бейтарап бөлшек. Нейтронды өте үлкен
жылдамдықтары бар электрондармен атқылау арқылы оның құрылысы жайында
мағлұматтар алынды. Нейтрон зарядының шамасы 1/3 |𝑒 |-ға
тең теріс зарядталған екі
кварктан және заряды 2/3 |𝑒|болатын оң зарядталған бір кварктан тұрады деп есептеледі.
Электр зарядтарының қасиеттері:
- электр зарядтары оң және теріс болады, аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, ал әр аттас
зарядтар бір-біріне тартылады;
- электр заряды релятивтік - инвариантты: ол қозғалыс кезінде мәнін өзгертпейді, яғни
оның шамасы санақ жүйесіне тәуелсіз;
- электр заряды аддитивті, яғни кез-келген жүйенің заряды жүйені
құрайтын
бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысына тең;
- электр заряды дискретті, яғни кез келген бөлшек е элементар зарядтан тұрады, яғни : q=
eN.
Элементар заряды бар бөлшектер электрон ( теріс ) және протон (оң),
Элементар заряд /е/ = 1,6 10
-19
Кл.
Электр зарядының сақталу заңы - тұйықталған жүйенің электр заряды осы жүйеде өтетін
кез келген процесс кезінде өзгермейді.
Q1 + q2 + q3+ ….+ qn = const
Достарыңызбен бөлісу: