Лекция Электромагниттік өзара әсерлесудің табиғаттағы маңызы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата30.01.2023
өлшемі0,78 Mb.
#63784
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 1. Электромагнитизм

 
5. Зарядтың сақталу заңы 
Зарядтың сақталу заңы - табиғаттағы іргелі заңдарының бірі. Зарядтың сақталу 
заңының екі қыры бар. Бірінші, протон мен электрон шексіз ұзақ өмір сүретін 
элементар бөлшектер және олардың элементар зарядтар жылдамдыққа байланысты 
емес, яғни олардың шамалары инвариант. Екінші жағынан, зарядтың сақталу заңы 
заряд 
тасушылардың 
ешқайда 
жоғалмайтындығының 
және 
зарядтың 
инвариантылығының салдары.
Өзара әсерлесетін элементар бөлшектерден құралған жабық жүйенің толық 
заряды сақталады.
Бұл заңнан, егер жүйе жабық болса, реакция нәтижесінде оң таңбалы микробөлшек 
пайда болса, міндетті түрде теріс таңбалы микробөлшек пайда болатындығы шығады. 
Жабық жүйедегі оң микробөлшектің саны қаншаға кемісе, теріс зарядталған 
микробөлшектің саны соншаға кемуі тиіс.
Бірақ зарядтардың салыстырмалы тәуелсігіне қарамастан, олар заряд тасушылардан 
жеке – дара, кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүре алмайды. Басқаша айтқанда, заряд 
материядан тыс өмір сүре алмайды, ол материяның қасиетінің бір көрінісі деген сөз. 
Қорытынды: 

табиғаттағы заттар молекулалар, атомдар, электрондар, протондар, нейтрондардан 
т.б. тұрады. Бұлар элементар бөлшектерді құрайды. 

элементар бөлшектердің қасиеттері сан қилы. Массалары да, өмір сүру уақыттары 
да әртүрлі. 

табиғаттағы әсерлесуді гравитациялық, күшті, әлсіз, электромагниттік деп төрт 


іргелі әсерлесулер тобына бөлуге болады

күшті әсерлесу тобына жататын ядролық күштердің үстемдік ететін аралығы өте 
қысқа (10
-15
м). Ол арақашықтыққа байланысты 1/r2 заңдылығына қарағанда өте 
тез азаяды. Егер арақашықтық 10
-15
м шамасынан артық болса, ядролық әсер нөлге 
дейін азаяды да, элементар бөлшектердің арасында электромагниттік әсерлесу 
үстемдік етеді.

Заряд дискретті. Элементар заряд шамасы электрон зарядының шамасына тең. 
Электромагниттік құбылыстарды қарастырылғанда элементар заряд ұсақ 
бөліктерге бөлінбейді деп есептеледі.

Элементар заряд шамасы – санақ жүйесіне, бөлшектердің қозғалу жылдамдығына 
тәуелді емес инвариант шама.

протон мен электрон шексіз ұзақ өмір сүретін элементар бөлшектер және олардың 
элементар зарядтары жылдамдыққа тәуелді емес, яғни олардың шамалары 
инвариант; 

өзара әсерлесетін элементар бөлшектерден құралған жабық жүйенің толық заряды 
сақталады. Басқаша айтқанда, заряд жоқтан пайда болмайды, ешқайда 
жоғалмайды; 

Заряд кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүре алмайды, олар материяның қасиетінің 
бір көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет