Бір стратадан екіншісіне (жоғары) өтуге тыйым салынады немесе шектеу қойылады
Бір стратадан екіншісіне өтуге тыйым салынбайды
Ашық коғам
Ашық қоғам — мемлекеттің ішкі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйелерінің деңгейін білдіретін ұғым; Карл Поппердің «еркін қоғам» концепциясы, мұнда білімнің барлық түрлері және кез-келген әлеуметтік саясат ашық сыналады. Ол оны фальсификациялық және сыни рационалистік эпистемологиямен сәйкестене алатын жалғыз қоғам түрі ретінде қарастырады; бір қабаттан екінші қабатқа өту ресми түрде шектелмейтін қоғам
Жабық қоғам
Жабық” қоғам — догматты түрде жеке басқа табынушылықты, сондай-ақ дамудың ерте кезеңдеріне тән сипаттармен, жаңару, жаңғыруларсыз, ілгері қозғалыссыз тұрып қалу мәнін білдірсе, “ашық” қоғам — бұған қарама-қарсы ұғымда айтылады. Ол сыртқы жағдайларға тез икемделіп, жылдам ыңғайланатын, өзара сынға ерік бере білетін демократияшыл қоғам.
Әлеуметтік стратификация - қоғамның түрлі әлеуметтік топтарға немесе қауымдастықтарға жіктелуі. Ол қоғам мүшелерінің әлеуметтік күйінің бірдей еместігін, әлеуметтік теңсіздікті білдіреді.
Стратификация және дифференцация жүйелері.
Әлеуметтік дифференциация-қоғамның әртүрлі позицияларды алатын топтарға бөлінуі. Әлеуметтік стратификация-биліктің, байлықтың, беделдің, құқықтар мен міндеттердің, артықшылықтардың тең емес көлемімен ерекшеленетін көптеген әлеуметтік топтарды қамтитын жүйе.
Шиеленісті теория (М.Вебер)-
Страфикация қажеттілік емес, бірақ одан бас тарту мүмкін емес, ол топтардың күресі немесе шиеленісі нәтижесінде қалыптасады
Әлеуметтік стратификация проблемасына қазіргі заманғы көзқарастың негізін Макс Вебер қалаған болатын, ол әлеуметтік құрылымды таптармен және оларды тудырушы меншік қатынастарымен қатар әлеуметтік мәртебе мен билік те маңызды орын алатын көп өлшемді жүйе ретінде қараған. М.Вебер экономиканы ұйымдастыруды стратификацияның негізі деп санамай, экономикалық сипаттамалардың бастапқылығы тезисінен бас тартты және "стратификацияның үш автономды өлшемдері” туралы өз ұғымын тұжырымдады. 1864-1920