Бүйрек үсті бездер – бүйректердің жоғарғы ұшында экстраперито-неалды (іш астарынан тыс) орналасқан жұп мүшелер. Әрбір бүйрек үсті без эмбриондық тегі әр түрлі екі безден тұрады: қыртысты заттан және милы заттан. Олар әр түрлі функцияларды атқарады: бүйрек үсті бездің қыртысты заты -стероидтдыгормондарды (минералокортикоидтарды, глюкокортикоидтарды, андрогендерді), милы заты – катехол аминдерді өндіреді.
Без сыртынан тығыз талшықты дәнекер тіннен түратын капсуламен қоршалған. Одан паренхимаға қарай, көптеген қан тамырларын әкелетін БТД тінді қалқалар – септалар шығады. Бірігіп олар стромасын қалып-тастырады (Сур. 6).
Бүйрек үсті безқыртысының паренхимасы әр бөліктеріндемүшенің бетіне қатысты бағыты әр түрлі эпителийлі баулардан тұрады. Осыған орай, және де синтезделетін гормондартипіне қарай, бүйрек үсті бездіңқыртысты затында 3 зонасын ажыратады: 1) шумақшалы, 2) будалы, 3) торлы.
Шумақшалызонасы қыртыстың 10% алып жатады. Оны құрайтын ұсақ кортикоциттер шумақшаларды қалыптастырады - жасушалар бұл жерде арка, яғни доғатәрізді орналасады (сур. 6). Бұл зонаның жасушалары минералокортикоидтарды (альдостерон және б.) өндіреді.
Будалы зонасы қыртыс көлемінің 75% алып жатады. Ол бауларды және будаларды қалыптастыратын ірі кортикоциттерден тұрады. Соңғылардың арасында синусоидты капиллярлары бар БТД тінді қабатшалар өтеді. Корти-коциттерде стероидты гормондарды синтездейтін еркін рибосомдар, агрЭПТ және Гольджи комплексі дамыған. Будалы зонаның функциясы - глюкокор- тикоидтарды (кортизол және кортизонды) өндіру.
Торлы зонасықыртыс көлемінің 10-15% алып жатады. Ол торды қалып-тастыратын ұсақ кортикоциттерден тұрады. Оларда агрЭПТ, Гольджи комплексі, митохондриялары, еркін рибосомдары дамыған, лизосомдары көп. Бұл зонада глюкокортикоидтар және аталық жыныс гормондары, және де шамалы аналық жыныс гормондары (эстрогендер және прогестерон) өндіріледі.
Арка
Капсула
Шумақшалы зона
Будалы зона
Септалар-қалқалар
Торлы зона
Будалы зона
Милы зат
А Б
Сур. 6. Бүйрек үсті бездің құрылысы (А - ×100; Б - ×400)
Бүйрек үсті бездің милы заты қыртысты заттан БТД тінді қабатша арқылы бөлініп тұрады. Ол хром тұздарымен жақсы боялатын хромаффин-дікжасушалардыңжиынтығынан немесе бауларынан тұрады. Ірі ашық түстіА-жасушаларадреналин (80%) гормонын өндіреді; күңгірт түстіұсақ НА-хромаффинноциттер норадреналинді (20%) секрециялайды. Адре-налиннің және норадреналиннің қанға көп мөлшерде күрт бөлінуі, мысалы, қорқыныш сияқты, қарқынды эмоцияларға жауап ретінде жүзеге асады. Гормондардың мұндай бөлінуінің нәтижесі – қан тамырларының тарылады, қанда глюкоза деңгейі көтеріледі.
Бүйрек үсті бездің функцияларының бұзылуы әр түрлі аурулардың дамуына әкеледі. Милы заттың жасушаларының ісігі– феохромоцитомақан қысымының өтпелі көтерілуін қоздырады. Қыртыс заттың жасуша-ларының ісігі глюкокортикоидтардың, андрогендердің артық өндірілуіне әкеледі– Кушингсиндромы дамиды. Бұл синдром кезінде әйелдердегирсуитизм – түктердің қалыпты емес өсуі (мұрт, сақал), балаларда – мезгілден бұрын жыныстық пісіп жетілуі дамиды.