Лекция: эндокриндік жүЙЕ. II. Перифериялық МҮшелер перифериялық эндокриндік бездер



бет2/2
Дата11.01.2023
өлшемі1,79 Mb.
#61010
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Лек.Эндо.Периф.Каз

3. Бүйрек үсті бездер


Бүйрек үсті бездер – бүйректердің жоғарғы ұшында экстраперито-неалды (іш астарынан тыс) орналасқан жұп мүшелер. Әрбір бүйрек үсті без эмбриондық тегі әр түрлі екі безден тұрады: қыртысты заттан және милы заттан. Олар әр түрлі функцияларды атқарады: бүйрек үсті бездің қыртысты заты - стероидтды гормондарды (минералокортикоидтарды, глюкокортикоидтарды, андрогендерді), милы затыкатехол аминдерді өндіреді.
Без сыртынан тығыз талшықты дәнекер тіннен түратын капсуламен қоршалған. Одан паренхимаға қарай, көптеген қан тамырларын әкелетін БТД тінді қалқаларсепталар шығады. Бірігіп олар стромасын қалып-тастырады (Сур. 6).
Бүйрек үсті без қыртысының паренхимасы әр бөліктерінде мүшенің бетіне қатысты бағыты әр түрлі эпителийлі баулардан тұрады. Осыған орай, және де синтезделетін гормондар типіне қарай, бүйрек үсті бездің қыртысты затында 3 зонасын ажыратады: 1) шумақшалы, 2) будалы, 3) торлы.
Шумақшалы зонасы қыртыстың 10% алып жатады. Оны құрайтын ұсақ кортикоциттер шумақшаларды қалыптастырады - жасушалар бұл жерде арка, яғни доға тәрізді орналасады (сур. 6). Бұл зонаның жасушалары минералокортикоидтарды (альдостерон және б.) өндіреді.
Будалы зонасы қыртыс көлемінің 75% алып жатады. Ол бауларды және будаларды қалыптастыратын ірі кортикоциттерден тұрады. Соңғылардың арасында синусоидты капиллярлары бар БТД тінді қабатшалар өтеді. Корти-коциттерде стероидты гормондарды синтездейтін еркін рибосомдар, агрЭПТ және Гольджи комплексі дамыған. Будалы зонаның функциясы - глюкокор- тикоидтарды (кортизол және кортизонды) өндіру.
Торлы зонасы қыртыс көлемінің 10-15% алып жатады. Ол торды қалып-тастыратын ұсақ кортикоциттерден тұрады. Оларда агрЭПТ, Гольджи комплексі, митохондриялары, еркін рибосомдары дамыған, лизосомдары көп. Бұл зонада глюкокортикоидтар және аталық жыныс гормондары, және де шамалы аналық жыныс гормондары (эстрогендер және прогестерон) өндіріледі.

Арка



Капсула



Шумақшалы зона



Будалы зона



Септалар-қалқалар



Торлы зона



Будалы зона



Милы зат



А Б


Сур. 6. Бүйрек үсті бездің құрылысы (А - ×100; Б - ×400)


Бүйрек үсті бездің милы заты қыртысты заттан БТД тінді қабатша арқылы бөлініп тұрады. Ол хром тұздарымен жақсы боялатын хромаффин-дік жасушалардың жиынтығынан немесе бауларынан тұрады. Ірі ашық түсті А-жасушалар адреналин (80%) гормонын өндіреді; күңгірт түсті ұсақ НА-хромаффинноциттер норадреналинді (20%) секрециялайды. Адре-налиннің және норадреналиннің қанға көп мөлшерде күрт бөлінуі, мысалы, қорқыныш сияқты, қарқынды эмоцияларға жауап ретінде жүзеге асады. Гормондардың мұндай бөлінуінің нәтижесі – қан тамырларының тарылады, қанда глюкоза деңгейі көтеріледі.
Бүйрек үсті бездің функцияларының бұзылуы әр түрлі аурулардың дамуына әкеледі. Милы заттың жасушаларының ісігі феохромоцитома қан қысымының өтпелі көтерілуін қоздырады. Қыртыс заттың жасуша-ларының ісігі глюкокортикоидтардың, андрогендердің артық өндірілуіне әкеледі Кушинг синдромы дамиды. Бұл синдром кезінде әйелдерде гирсуитизм – түктердің қалыпты емес өсуі (мұрт, сақал), балалардамезгілден бұрын жыныстық пісіп жетілуі дамиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет