Лекция. Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері Постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы. Ғылыми зерттеу жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық жүйелерді меңгеру


Рациональдылық формаларының тарихи көп түрлілігі



бет5/7
Дата07.01.2022
өлшемі146,5 Kb.
#19504
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Рациональдылық формаларының тарихи көп түрлілігі

Ғылым мен философияның тарихи даму жолдарын және нәтижелерін пайымдау әрекеттерінің бір қорытындысы-ғылыми рациональдылықты рациональдылықтың бірден-бір түрі деп қарастыруға болмайтыны. Ғылым өзінің даму барысында неғүрлым күрделі объектілермен кездесіп, оларды зерттеуге мәжбүр болған сайын, тек объектіні ғана емес, таным субъектісінің өзінің әрекетіне де айрықша көңіл бөлу қажеттігі айқындала түсті. Ғылымды ақыл-ой қызметі жағынан емес, белгілі бір мақсат, мүдделер тұрғысынан қарастыру басым бола бастады. Дүниені түсіңдірудің ғылымнан басқа түрлеріне де мән беріле бастады, дін, миф, магия сияқты нәрселер адасушылықтың ғана көздері емес, олардың да өзіндік логикалық құрылымы бар, тәжірибелік дәлелдемелері болады деген көзқарастар қалыптаса бастады. Бұндай кезқарастардың қалыптасуына да, күшейе түсуіне де сананың дамуы жағынан төменгі, алғашқы формаларын тереңірек зерттеу жұмыстары себеп болды.

XX ғасырда миф философиясы пайда болып, айтарлықтай табыстарға жетті. Егер көпке дейін миф салыстырмалы -тарихи зерттеудің ғана мәселесі деп есептелсе, енді ол жалпы қазіргі заманғы мәдениеттің негізгі көзі ретінде бағаланады, тек мифтің мәнін түсіну арқылы ғана мәдениеттің мәнін де, қызметінің қандай екенін де пайымдауға болады деп саналады. Миф философиясының ең беделді бағыты қазіргі заманғы структурализм болып табылады. Структурализм мифті күрделі түрде ұйымдасқан белгілер жүйесі түрінде қарастырады. Философиялық структурализмнің негізін салушы К.Леви-Стростың пікірінше, мифті дұрыстап зерттеп, оған тән ойлау әдістерін түсінбейінше, жалпы адам ойлауының мәнін түсіну мүмкін емес. Жазуы жоқ қоғамдарды зерттеу адам мен табиғат арасындағы шын мәніндегі байланыстың бейнесін жасауға мүмкіндік береді. Жазусыз мәдениетті түсіну үшін оның мағынасын іштей сезіну керек, соның арқасында ғана қазіргі адам өзін-өзі, өз мәдениетінің тарихи орны мен даму бағытын түсіне алады. Дамудың алғашқы, архаистік сатыларында тоқтап қалған мәдениет адам мен табиғат байланысының ең алғашқы таза әдістерін сақтап қалған. Сондықтан миф пен ғылымның бір-бірінен айырмашылығы сапалық айырмашылық емес, сан жағынан айырмашылық қана. Миф белгілерді қолдана отырып түсіндіруге тырысады, ал ғылым ұғымдарды пайдаланады, бірақ екеуінің де нәтижелері ғылымилығы жағынан бірдей болып шығады. Лови-Стростың пікірі бойынша, алғашқы қауым адамдары қоршаған ортаны қарама-қарсылықтарға толы дүние ретінде қабылдаған. Бұл қарама-қарсылықтар дүниеден адамды, адамның қабылдау қабілетін бөліп тастау қаупін төндіреді. Дүниені түсіндіру үшін дүние мен адам арасындағы алшақтықты жою керек. Миф дегеніміз осындай алшақтықта құтылудың логикалық құралы болып табылады. Леви-Стросс алғашқы қауым адамдарының ойлауында логикалық сииат болмайды деген пікірді теріске шығарып, олардың да құбылыстар мен процестердегі қарама-қарсылықтарды тани білетінін, солар тұрғысынан дүниені талдай білетінін дәлелдеуге тырысады. Бірақ, бұлар ұғыммен жұмыс істейтін рациональдылыққа жеке-дара адам ойлауы түрінде емес, коллективтік субъект ойлауы дәрежесінде ғана теңесе алады. Қалай болғанда да мифтің логикасы мен қазіргі ойлау логикасының арасында бірліктің бар екендігі күмәнсіз нәрсе.

Мифті түсіндірудің структуралистік программасы ғылыми әдебиетте көптеген бір-біріне қарама-қарсы пікірлерді туғызды. Кейбір ғалымдар ғылым мен мифтің арасында ешқандай бірліктің болуы мүмкін емес, ғылым өзінің пайда болған кезінен бастап-ақ мифке қарама-қарсы ғылыми-философиялық рациональдылық түрлерін қалыптастырды деп есептейді. Мифте танымдық қызмет бола алмайды, өйткені мифологиялық ойлауда табиғат адамға қарама-қарсы тұрған сыртқы дүние түрінде қарастырылмайды. Ойлаудың негізгі шарты-таным процесіндегі субъект пен объектінің бір-бірінен бөлектігі, қарама-қарсылығы, мифте ол жоқ, демек, алғашқы қауым адамдары өзінің болмысын гносеология тұрғысынан меңгермейді, тек эмоция, ассоциациялық тұрғыдан ғана қабылдай алады деген пікір бар.

Ал басқа ғалымдар, керісінше, мифология мен ғылымның өзара тығыз байланысын негіздеуге тырысады. Мысалы, миф антик философиясына тән рациональдылықтың шығу көзі деп есептейтіндер бар. Антик философиясының дүниенің біртұтас негізін табуға тырысуы ертедегі шығыс және грек мифологиясының ойлау ерекшеліктерімен байланыстырылады. Оның үстіне грек философиясының алғашқы қадамдарында (Гераклит, элеаттар) мифология тілінің, мифологиялық бейнелердің әсері бадырайып көрініп тұрған сияқты. Рациональдылық адамға туа біткен қасиет, бірақ тарихи даму барысында әртүрлі формаға ие болады. Миф рациональдылықтың занды түрінің бірі болып табылады, дүниені түйсінудің, қабылдаудың алғашқы түрі, мифте дүниені түсінудің өзінен кейін пайда болған әдістерінің барлық мүмкіндіктері болған, сондықтан ғылым мифке сыртгай қарсылас емес, мифтің ішкі дамуының, мифті іштей жеңудің нәтижесі деп есептелінеді. Тіпті, қазіргі заманғы ғылым мифтің жаңа түрі деп сынайтындар да бар.

XX ғ. философиясы ғылыми рациональдылықтың табиғатын, мәнін зерттеу барысында мифологиямен қатар дінге де көңіл аударады. Дін бұрын тек иррациональды нәрсе деп қарастырылып, ғылымға қарсы қойылса, енді осындай қарама-қарсьшықты теріске шығару әрекеттері қолға алынды. Бұл үшін ғылым ұғымын ғана емес, дін ұғымының да мазмұнын кеңейту қажет болды. М.Вебердің пікірінше, дінді иррациональды нәрсе деп санауға тек тәжірибеге, математикалық ойлауға арқа сүйеген, дүниені тек тұтыну, пайда табудың көзі деп есептейтін ғылымның дамуы себеп болды. Мұндай ғылымда адам әрекетінің мағынасы бар ма, жоқ па деген сұрақ тумайды. Осының салдарынан дін мен ғылым дүниені түсінудің бір-бірімен ымыраға келе алмайтын әдістері түріңде қарастырылады. Бірақ, бір қатар ғалымдардың ойынша, бұл екеуінің түбірі бір. Діннің жалпы мазмұнының негізі-адамға қойылатын этикалық талаптар, ал бұл талаптар негізінен алғанда рациоанальдылыққа арқа сүйейді, өйткені бұл талаптар тұрғысынан адамның өзін-өзі қалай ұстауы белгілі бір білімдерді басшылыққа алуды қажет етеді. Дін этикасын сақтауға ұмтылу құбылыстар арасындағы мағына жағынан байланыстарды табуға итермелейді. Оның үстіне, діннің рациональдық сипаты оның даму барысында күшейе түседі, өйткені неғүрлым қоғам дамыған сайын дін қағидаларына, діни талаптарға байланысты пікір тартыстары көбейе түседі, діни ұғымдарды сенім тұрғысынан ғана емес, дәлелділігі тұрғысынан да қарастыру, діни текстерді логикалық қисындылығы жағынан талдау қажеттігі пайда болады.

Діннің адам үшін қажеттілігі ғылымның қажеттілігінен бірде-бір кем емес деп есептелінеді. Тек қана дүниені танудың, табиғатты адамға бағындырудың құралы ретінде қарастыратын ғылым адам болмысының түбірлі мәселелерін пайымдауға көмектесе алмайды, сондықтан дін ғылыммен қатар дүниенің бірлігін, тұтастығын түсіну үшін, адамның материалды тіршілігі мен рухани өмірінің тұтастығын пайымдауды қамтамасыз ететін құрал болып табылады дейтіндер де аз емес. Тіпті дінді ғылымның көзі ретінде қарастыратын пікірлер де бар. Ғылым мен техника жетістіктеріне арқа сүйеген Европа цивилизациясының, жалпы Европа ғылымының шығуының түпкі көзі христиан дінінің дәстүрлерімен тығыз байланысты деген ойлар қазіргі кезде жиі айтылады.

Рациональдылықты дінмен байланыстыра отырып тадау әрекеттеріне қазіргі заман ғылымының даму ерекшеліктері де түрткі болды. Қазіргі ғылымның жетістіктерінің салдары ретінде қалыптасқан классикалық емес дүние бейнесі туғызған сұрақтарға ғылым өз бетімен жауап бере алмайды, сондықтан, бір жағынан, философияның көмегіне мұқтаж болса, екінші жағынан, дүние туралы, адам туралы жаңа, кеңейтілген, ғылым жаңалықтарына арқа сүйеуге ұмтылған діни көзқарастардың қалыптасып, ықпалын арттыру мүмкіндігін тудырады.

Қорыта келгенде, классикалық емес ғылым мен философия рациональдылықты тек ғылыммен ғана шектемей, адамның дүниеге қатынастарының басқа да түрлерімен байланыстыра қарастыру дұрыс деп есептейді. Алайда, рациональдылық ұғымының мазмұнын бұлайша кеңейту талабы түбінде рациональдылық пен рациональды еместіктің айырмашылығын, жалпы алғанда, ғылым мен ғылым еместігің айырмашылығын жоққа шығарып, рациональдылық ұғымы жалпы керексіз деген ой тудыруы мүмкін. Оның үстіне, рациональдылық мәселесін қарастырған классикалық емес философияның әртүрлі бағыттарының бұл мәселе жөнінде, әсіресе рациональдылықтың критерийі жөніңде, бір ортақ баянды тұжырымға келе алмағандығы айқын көрініп тұр. Классикалық емес философия өкілдері рациональдылықтың классикалық ұғымын тар көлемді, сыңаржақ деп сынағанымен, өздері де бұл ұғым жөнінде сыңаржақтылықтан құтыла алмаған сияқты.

Рациональдылық мәселесін талдаудың бағыттары мен жолдары, түптеп келгенде, адам санасының, адамның ақыл-ойының табиғаты мен қызметтерін қай тұрғыдан түсінуіне байланысты. Антик заманының философия болмыс пен ойдың табиғи бірлігін басшылыққа алады, қоршаған ортаның өзінде реттілік, тәртіп үйлесімділік бар, ал ой сыртқы дүние сипатына сәйкес болуы керек, соның арқасында ғана дүниені танып-білу мүмкін болады деп санаған. Демек, антик философиясы үшін рациональдылық дүниенің өзінің, құрылымының ішкі қасиеті, ендеше адам ақыл-ойының да өзіне тән табиғи қасиеті. Сондықтан да антик философиясы дамуының алғашқы кезендерін адамның рациональды ойлау әдісін меңгере бастауының алғашқы қадамдары ретінде қарастыруға болады. Алайда, дүниені зерттейтін нақтылы арнайы ғылымдардың нәтижелеріне арқа сүйеу мүмкіндігі болмағандықтан, рациональдық туралы антик заман түсінігі дәлелдігі жағынан дәрменсіз жалпы тұжырымнан аса алмады. Болмыс пен ойдың біртұтастығы жөніндегі қағида іс жүзінде қолданыс таппады, ойды, сананы болмыстан тыс, бөлек құбылыс ретінде қарастыру мүмкіндігі пайда болып, алғашында материалистік бағытта болған грек философиясы біртіндеп идеалистік, ал кейіннен тіпті мистикалық сипатқа ауысты. Ертедегі грек философиясы дамуының соңғы кезеңдерінде қалыптасқан бағыттарының (мысалы неоплатонизм) орта ғасырлық теологияның бір көзіне айналғаны тегін емес.

XVII—XVIII ғасырларда жаратылыстану дербес жеке ғылымдар түрінде қалыптасып, қарқынды түрде дамып, адамның табиғат күштеріне билігін арттыра түсу бағытында қызмет ете бастады. Осыған сәйкес табиғатты зерттеудің ең тиімді, ең пайдалы дұрыс әдістерін жасап, қолдану міндеті туды. Осы міндетті шешу барысында сананың мәні, жалпы таным процесінің табиғаты туралы көзқарас қалыптасты. Бұл көзқарас бойынша, зерттелетін объекті жөніңдегі білімнің сипаты, мөлшері толығынан сананың қасиеттеріне, мүмкіндіктеріне тәуелді. Тек білімнің ғана емес, тіпті қоғам өмірінің, қоғамдық құрылыстың дұрыстығы немесе терістігінің бірден-бір төрешісі сана, ақыл-ой болып шығады, Ағартушылық дәуірінде бұл жағдай ақылға ғана табыну талабын тудырды. Бүкіл дүниені сананың, ақылдың заңдылықтары тұрғысынан қарастырып, бағалау рациональдылықтың классикалық деп аталған түрін қалыптастырып, болмыс пен сананың бір ұтастығын сана қызметінің жемісі түрінде ғана түсіндіруге итермеледі.

Рациональдықтың классикалық түрінің сыңаржақ сипатын, тар көлемділігін, қоғам үшін зияңды мүмкіндіктерін сыңай отырып, қалыптасқан классикалық емес және одан кейінгі кезеңдегі философиялық бағыттардың өзі де рациональдық ұғымына қаншама кең тұрғыдан қарауға тырысқанмен, қанағаттаңдырарлық шешімге келе алмады, тіпті керісінше, рациональдық ұғымынан бас тартуға бейімделе бастады. Мұның негізгі себебі - жалпы адам танымының белсенді әрекетке байланыстылығын, адам танымындағы практиканың түбірлі рөлін түсінбеушілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет