Лекция. Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері Постклассикалық емес ғылымның сипаттамасы. Ғылыми зерттеу жаңа стратегиялары және өздігінен дамитын синергетикалық жүйелерді меңгеру


Рациональдықты философиялық проблема ретівде пайымдау бағыттары



бет4/7
Дата07.01.2022
өлшемі146,5 Kb.
#19504
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-56988

Рациональдықты философиялық проблема ретівде пайымдау бағыттары

XX ғ. философиясында рациональдық проблемасын талдау бір жағынан, социологиялық, ал екінші жағынан, методологиялық бағытта жүргізілді.

Рациональдықты социология тұрғысынан талдау М.Веберден басталады. Оның пікірінше, қоғамның тарихи дамуы барған сайын қоғамның рациональды сипаттының жетілуімен байланысты болады. Бұл процесті жағымды деп бағалауға болмайды, өйткені ол түбінде адам еркіндігін шегеріп, биліктің ең қатаң түрлерінің шығуына жол ашады. Қоғам өмірінің барлық саласына енген рациональдылық ұғымы адамды жеке бас бостандығынан айырып, оның тіршілігіне, әрекеттеріне иррациональды сипат береді: Демек, Вебер үшін рациональдылық дегеніміз ғылымның көрсеткіші емес, адам әрекетінің ең жоғарғы принципі және мәдениет жүйесін қалыптастыратын маңызды элемент болып табылады.

Қазіргі заманғы Батыс философиясының беделді бағыттарының бірі Франкфурт мектебінің өкілдері Вебердің көзқарастарын әрі қарай жалғастырады. Т.Адорно ақын алғашында адамға табиғатты бағындыруға көмектескенмен, кейінірек бір адамдардың басқа адамдарға үстемдік жүргізуінің құралына айналды деп есептейді. Ғылыми-техникалық рациональдылық пен биліктің бірігуі адамды еркінен айырып, оны биліктің қолындағы ойыншығына айналдырады. Ю.Хабермастың пікірінше, рациональдық мемлекетке бүкіл қоғам өмірін жоспарлап, реттеп отыруға мүмкіндік береді, ал мұндай мүмкіндік өзінің ішкі мәні бойынша адамның реальды тіршілігіне қарсы бағытталған. Рациональды әрекет тек ақылға бағынатын әрекет емес. Адам бос кеңестікте емес, әлеуметтік кеңістікте өмір сүреді, басқалармен үнемі өзара қарым-қатынаста болады. Ал бұл қатынастар ғылымға, білімге емес, негізінде адам аралық қатынастардың өз ережелеріне арқа сүйейді. Белгілі бір мақсатқа жетуді ғана көздеген әрекет (Ю.Хабермас мұны адам әрекетінің стратегиялық бағыты деп атайды) адамдар арасындағы қатынастардың ішкі мәнін бұрмалап, адам өмірінің мағынасыздығын туғызады. Сондықтан адам табиғатына қолайлы, лайықты, гуманистік сипаттағы қоғам өмірін қалыптастыруды Ю.Хабермас адам қатынастарының коммуникативтік бағытын дамытумен байланыстырады. Мақсатқа бағытталған рациональдылық адамның жағдайға бейімделу әдісі болып табылады, ол коммуникация адамға өмірдің мағынасын ашып беріп, әлеуметтік-мәдени өмірдегі өз орнын түсінуге мүмкіндік береді. Ендеше, рациональдылық қоғам өмірі үшін, адам үшін жалпы алғанда зиянды нәрсе болып шығады.

Қазіргі Батыс философиясыңдағы өмір сүру философиясы, феноменология, экзистенциализм сияқты бағыттар да рациональдылық жөнінде жалпы алғаңда сыншыл пікірлерді негіздеуге ұмтылады.

О.Шпенглердің айтуынша, ғылыми рациональдылықтың салдарынан батыстық мәдениет цивилизацияға айналады. Техниканың шамадан тыс артуы, табиғаттың адамға бағыныштылығының ерекше күшеюі түріндегі цивилизация рациональдылықтың ең жоғарғы үлгісі ретінде мөдениеттің күйреуі болып табылады, өйткені оның арқасында қоғам өмірі иррациональды сипатта болып шығады.

Э.Гуссерль де европалық мәдениетгің дағдарысын европа ғылымының рациональдылық дағдарысымен байланыстырады. К.Ясперс бойынша, ғылым және рациональдылық Батыс Европа цивиизациясының ажырамас белгілері болып табылады. Бірақ, қазіргі заманғы ғылым біртұтас болмас туралы білімге ұмтылатын таным емес, болмыстың әртүрлі жеке-дара жақтарын зерттейтін ғылым, яғни танымдық жасампаздығынан айрылған ғылым. Қазіргі ғылым өмірдің мақсаты жөнінде ғана емес, өзінің нақты мағынасы туралы да сұраққа жауап бере алмайды. Ғылыми таным нәтижелеріне олардың мағынасын түсінбей-ақ сену ғылымға сену мен ырымға сенудің айырмашылығын жоққа шығарады. Нағыз ақиқат білім мен шын мәніндегі нанымды бір-бірінен ажырату мүлдем мүмкін болмай қалды. Осының салдары-адамдар арасындағы шын мәніндегі коммуникацияның жоқтығы. Шын мәніндегі коммуникация жоқ жерде адамдардың бір-бірін шын мәнінде түсінуі жоқ, қоғамда гуманистік сипат жоқ. Бәріне айыпты түбінде рациональдылық болып шығады.

Рациональдылықтың қоғам өміріндегі, мәдениеттегі қызметін қатты сынайтын социологиялық бағытпен қатар XX ғ. философиясында рациональдылықты методологиялық тұрғыдан қарастыратын бағыттар да бар. Мұндай козқарастарды ең алдымен позитивистік философия бағыттарының өкілдері қалыптастырып, дамытты.

Неопозитивизм өкілдері ғылымды да, ғылыми рациональдылықты да өте жоғары бағалайды. Олар үшін ғылым-адам әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ғылыми рациональдылық ғылымның мәнін білдіреді, ғылыми тұжырымдардың дұрыс-бұрыстығын тексеріп, бағалауға шамасы келетін бірден-бір құрал болып табылады, сондықтан оның қызметі, мүмкіндіктері уақытқа тәуелді емес, өзгеріссіз сипатта болады. Ғылыми рациональдылық адам білімінің мазмұнына дүниегекөзқарастық, ізгілік принциптері, құндылықтар және т.с.с. сыртқы әсерлердің еш қатысы жоқ деп есептеуге тиіс. Сондықтан неопозитивизм бәрінен бұрын XX ғ. бас кезіндегі ғылыми революцияның барысында көтерілген ғылыми-таным әрекетінің гносеологиялық мәселелерін талдаумен шұғылданады. Бұл мәселелердің ең негізгілері - ғылымның шартты белгілік-символикалық құралдарының рөлі, фактілік материалдар мен теориялық зерттеулердің арақатынасы, білімнің математикалануының табиғаты және қызметтері туралы мәселелер. Ғылымда тек арнайы білімдер ғана болады деп есептеп, непозитивистер ғылымды философияға қарама-қарсы қояды. Дәстүрлі философиялық сұрақтар эмпириялық тексеруге келмегендіктен, ғылымға қатысы жоқ, мағынасыз сұрақтар деп атады. Философияның шын мәнінде зерттейтін пәні білімді көрсететін ғылым тілі және білімнің өзі ғана болуға тиіс деп жариялады. Ал бұндай таңдаудың құралы ретінде математикалық логиканың аппараты алынды. Философия еңді ілім емес, тілге (ғылым тіліне) сыни талдау әрекеті болып шықты. Тіл өзінің логикалық құрылысы арқылы фактілерді белгілеп көрсету қызметін атқарады. Осыдан келіп тілді талдауды формализациялауға, математикалық есеп түрінде қарастыруға болады деген үміт туады. Алайда, көп кешікпей-ақ ғылым тілін формализациялау мүмкін еместігі айқын болды, жалпы алғанда, ешқаңдай реальды теория толық түрде формализациялауға көнбейді екен. Ал екінші жағынан, неопозитивистердің рациональдылықты тек логикалықпен теңестіруі ғылым дамуының барысында, әсіресе тіршілік және тарих туралы ғылымдардың дамуының арқасында мүлдем теріс болып шықты. Сонымен, неопозитивистік түсініктегі классикалық рациональдылық мүлдем дәрменсіз болып шықты. Ақыл-ойдың, рациональдылықтың қызметтері, мүмкіндіктері уақыттан, тарихи жағдайлардан тәуелсіз емес, қайта нақтылы тарихи сипатта болатыны айқындалды.

Рациональдықтың тарихи сипатын негіздеуге герменевтикалық философия белсенді түрде атсалысты. Гадамердің пікірінше, философия таным мүмкіндіктерін қарастыра бергеннен гөрі болмыс мәселелеріне, онтологияға көбірек көңіл бөлуі керек. Адамның дүниені меңгеруінің универсальды әдісі-ұғыну, ал үғыну теориялық танымды ғана қамтымайды, өмірлік тәжірибені де қамтиды. Тәжірибенің қалыптасу механизмін тілден ғана табуға болады. Тіл адамның қоршаған дүниені пайымдауының бастапқы схемаларын белгілейді, сөйтіп түсіну процесін қамтамасыз етеді. Дүниені теория арқылы түсіну адам тәжірибесінің ұғымға дейінгі формаларына арқа сүйейді, ал ұғымға дейінгі түсіну мүмкіндігін белгілі бір нақты әлеуметтік-мәдени орта тудырады. Сондықтан да, Гадамердің ойынша, ойлаудың, ақылдың тарихи сипаты бар.

Ақылға, ойлауға тарихи көзқарастың шығуы ғылыми рациональдықты талдаудың жаңа бағыттарына түрткі бодды. Бұл бағытгар философиядағы постпозитивизм деп аталатын кезеңмен байланысты. Постаозитивизм ғылымның табиғатын түсіндіру үшін ғылымның реалды тарихына жүгінеді. Нәтижесінде рациональдық проблемасын талдаудың екі бағыты пайда болды.

Бірінші бағыт Лакатостың бір-бірімен бәсекелес ғылыми-зерттеу программалары туралы теориясы түрінде көрінеді. Ғылым дамуы зерттеу программаларының үздіксіз алмасып отыруы түрінде жүзеге асады. Ғылым дамуының әрбір нақты сатысының нормативті ережелері болады, олардың кейбіреуі осы сатыдағы зерггеу программасының түрақтылығьш сақтап қалуға тырысса, енді біреуі зерттеу программаларына өзгерістер тигізудің жолдарын нұсқайды, олардың қолдану ауқымының кеңею мүмкіндіктерін белгілейді. Жалпы ғылыми-зерттеу программасын ауыстыру мүмкіндігі танымдық күші артығырақ жаңа программа шыққанда ғана пайда болады. Ал жаңа программаның артықтығын оның рациональдылығына тарихи сын тұрғысынан жасалған талдау ғана көрсете алады. Сонымен, Лакатос ғылыми рациональдылықтың сыншыл сипаттағы ішкі өзіндік көрсеткіші (критерийі) бар деп есептейді.

Екінші бағыт ғылымның қоғам өміріңдегі әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланыстылығын басшылыққа алады. Т. Кун тарихи-ғылыми процесті әртүрлі ғылыми парадигмалардың орын алмастыруы түрінде қарастыруды ұсынды. Ғылым дамуының бір қалыпты кезеңінде ғылыми жұмыстар қалыптасқан парадигма бойынша жүзеге асады, ал ғылыми революция кезеңінде бір парадигманың орнын екінші парадигма басады. Әрбір кезеңнің өз теориясы болады, бұл теориялар бір-бірімен өлшемдес емес, салыстыруға болмайтын теориялар болып табылады. Оларды рациональдылық тұрғысынан салыстыруға келмейтіндіктен, парадигмалардың қайсысын таңдап алу қажеттігі дүниегекөзқарастық, әлеуметтік-психологиялық негізі жағынан ғана мүмкін болады.

Ал Фейерабенд методологиялық плюрализмді негіздеуге тырысады. Ғылым дамуы альтернативті теориялар арасындағы күрес түрінде жүзеге асады, олардың әртүрлілігі ғылымдардың дүниеге және әлеуметтік өмірге көзқарастарының әртүрлілігінен шығады, сондықтан білімде теориялық қана емес, идеологиялық та мазмүн болады. Ендеше, теориялардың ішінен біреуін таңдап алу рациональдылық негізіңде мүмкін емес. Рациональдылықтың критерийі тек салыстырмалы сипатта болғандықтан, ол ғылымда да, жалпы адам әрекетінде, өмірінде де оншама рөль атқармайды. Фейерабендтің ойынша, XX ғ. ғылымының ғылыми мазмұнына қарағанда идеологиялық мазмұны әлдеқайда басым, ғылым мемлекетпен тым тығыз байланысып кеткен. Сондықтан, ғылым тұжырымдарына сену жеке адамның таңдау еркіндігін тарылтып, қоғамның демократиялық құрылымына қауіп төндіреді. Қазіргі ғылым догматизм мен авторитаризмнің ұясы, онда ешқандай рациональды негіз жоқ, сондықтан ғылымның ғылымға дейінгі немесе ғылымнан тыс сана формаларынан ешқандай артықшылығы жоқ.

Қорыта келгенде, Батыс философиясының қазіргі бағыттары әртүрлі жолдармен рациональдылықты адам білімінің объективтік шындыққа сәйкестігі, яғни ақиқаттылығы туралы мәселеден бөлек қарастырғысы келеді, субъективті тұрғыдан, адам санасының ерекше қасиеті ретіңде түсіндіруге тырысады. Осыған байланысты рациональдылық, оның қызметі мен мүмкіндіктері, оның критерийі туралы бір-біріне қарама-қарсы, бірін-бірі теріске шығаратын көзқарастар көбейе береді. Бір жағынан, рациональдылықты арнайы дербес философиялық мәселе түрінде талдаудың қанағаттандырарлық нәтиже бермеуі, ал екінші жағынан, ғылымның өзінің реальды даму барысында дүниенің өте күрделі, қарама-қайшылыққа толы бейнесі ашыла түскен сайын, рациональдылықты тек ғылымммен шектемей, оның басқа да түрлерінің болу мүмкіңдігі көбірек зерттеле басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет