Механикадағы күштер. 1) Тартылыс күштері (гравитациялық күштер).
Жермен байланысқан санақ жүйесінде, массасы кез келген денеге мынадай күш әсер етеді:
ол күш денені жердің тартатын күші – ауырлық күші деп аталады. Жерге тартылыс күшінің әсерінен барлық денелер, еркін түсу үдеуі деп аталатын бірдей үдеумен м/с2 құлайды.
Дене Жерге тартылуы себебінен сүйенішке әсер ететін немесе іліну жібін керетін күшті дененің салмағы деп атайды.
Ауырлық күші барлық уақытта әсер етеді, ал салмақ, денеге ауырлық күшінен басқа күштер әсер еткенде ғана өзін-өзі байқатады. Егер дененің үдеуі Жерге салыстырғанда нольге тең болса, ауырлық күші дененің салмағына тең болады. Кері жағдайда , мұндағы Жерге салыстырғанда дененің сүйенішімен бірге үдеуі. Егер дене ауырлық күші өрісінде еркін қозғалатын болса, онда және салмақ нольге тең, яғни дене салмақсыз болады.
Салмақсыздық деп дененің тек ауырлық күші әсерінен қозғалатын күйін айтады.
2) Серпімділік күші денелердің деформацияланып өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады.
Серпімділік күші бөлшектің тепе-теңдік қалпынан ығысуына пропорционал және тепе-теңдік қалпына бағытталған болады:
мұндағы - бөлшектің тепе-теңдік қалпынан ығысуын сипаттайтын радиус-вектор, - серпімділік. Мұндай күштің мысалы ретінде соғу немесе сығу кезіндегі серіппенің деформациялануының серпімділік күшін айтуға болады:
мұндағы - серіппенің қатаңдығы, х – серпімді деформация.
3) сырғанау үйкеліс күші берілген дененің басқа дене бетімен сырғанауы кезінде пайда болады.
мұндағы - сырғанау үйкеліс коэффициенті, ол жанасатын беттердің күйінде және табиғатына тәуелді болады, - үйкелетін беттерді бір-біріне қосатын нормаль күші үйкелетін денелердің беттерін жанама бойымен берілген дененің басқа денеге салыстырғанда қозғалысына қарама-қарсы бағытталған болады.
Абсолют қатты дене туралы түсінік. Импульс моменті. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қатты дененің бекітілген осіне қатысты айнымалы қозғалыс динамикасының теңдеуі. Күштің жұмысы және қуаты. Консервативті және консервативті емес күштер.