Транслитерация (лат. trans - арқылы, littera - әріп) — бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудын әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды баска бір әліпбиге ауыстыру. Егер сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкес келсе, онда әліпби ауыстыру қиындық келтірмейді. Ал сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкеспеген жағдайда оларды жазу күрделенеді. Қазақ жазуын араб әліпбиінен латынға, латыннан орыс әліпбиіне ауыстыруда бірқатар қиындық туғаны мәлім
Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф – М.Балақаев. Ол өзінің “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: “Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді – бәрібір – әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек ”.-дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |