Орындаған: С.Е. 4-курс. Тарих
Тоқтамыс Сарайды басып алуға көп көңіл бөлді. 1379 жылы ол мұнда өз атына теңге соқтырған болатын [7, 207 б.]. Өтеміс-қажының «Шыңғыснамесінде» былай айтылады: «Сарайда хан да, сұтан да болмаған». «Тоқтамыш өз атынан хұтпа оқып, хан болды» [93, 156 б.]. Тоқтамыстың Темір-Мәлікті жеңгені туралы алғаш рет белгілі болғаннан кейін-ақ осында теңге соқтырған Арабшах Тоқтамыстың билігін мойындаса керек.
Сарайды баып алу 1979 жылдың көктемінде болды. Осыдан кейін Тоқтамыс Көк-Ордадағы билігін нығайта бастайды. 1379 жылдың жазында оның билігін Орта Еділде, алдынғы Оралда және Сібірде мойындады.. 1379/80 жылы Тоқтамыс Хорезмді, мүмкін, Көк-Орданың да шеткі шекарасын бағындырды.
Абд-ар-раззах Самарқанди былай деді: «хижраның 782 жылы (1380) Дешті Қыпшақ даласын шыңғыстық Тоқтамыс иемденді және (сол жерді) 20 жыл билеген хан өлтірілді» [6, 452 б.]. Көптеген орыс жылнамалары, Тоқтамыс Мамайды 1380 жылдың күзінде өлтірді, «седе на царство» (таққа отырды) [95, 128 б.].
Тоқтамыс Мамайға жорық жасамай тұрып, ең алдымен бүкіл Еділ жағалауында өз билігін нығайтуды ұйғарады. Хорезмді өз иелігіне қосу бұл саясаттың соңғы кезеңі болды. Осыдан кейін Тоқтамыс Мамайға қарсы жорыққа шықты. 1380 жылы Тоқтамыс Азақ қаласы мен Қырымды басып алды.
Бір қызығы, 1376 жылдан бері Мамай Ордасында теңге соғылмады. Осының бәрі Қағанбек Мұхамммед-Бұлақты Сарайдан қуғаннан кейін Ақ Орданың саяси бірлестігі екіге бөлінді: біріншісі ол - ханы болмаған Мамайдың Ордасы және әйелінің атынан билік жүргізген; екіншісі - Мұхаммед-Бұлақ Ордасы, тиындарға қарағанда, Солтүстік Кавказда 1381 жылға дейін билік жүргізген. Мұхаммед-Бұлақ Маджар қаласында тұрып, алдыңғы кавказ жазықтарынада көшіп-қонып жүрген және Қажы-Тархан қаласында билік жүргізген.
1380 жылдың жазының соңында Тоқтамыс Мұхамед-Бұлаққа шабуыл жасап, Қажы-Тархан мен Маджарды өзіне қосты. Тоқтамысқа енді Мамай ғана бағынбай тұрған болатын.
Куликово шайқасына дейін Мамайға Дон мен Днепр облыстар бағынды. Шайқастан кейін Мамай қалған күшпен Дмитрий Донскойға қайтадан шабуыл жасай алды, өйткені оған одақтас әскерлері көмекке келді. Мұндай нұсқаны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ олай болмады. Мамай шағын отрядымен ұлысына барды. Мұндай асығыстыққа Тоқтамыс өз соққысын оның (Мамйдың) ұлысына бағыттай ма деген қауіп қана себеп болуы мүмкін.
Мамай басқаратын аумақтың географиялық орналасуын ескере отырып және орыс жылнамаларына қарағанда, олар қарсылық ұйымдастыруға тырысады. «Хроника литовская и жмойтская» жылнамасында Мамай Куликово даласындағы соғыстан жеңіліп, Кафа қаласына қашады, сол жерде өлтіріледі [96, 60 б.].
Бірақ қалған жылнамалардың барлығында Мамай мен Тоқтамыс жасақтарының Қалқа өзенінің бойында кездескені туралы айтылады. «Оған бір хабар келді, ол хабарда оған қарай шығыстан (Көк-Ордадан) бір хан (Тоқтамыс) келе жатақаны айтылды. Мамай әскерін жинап, Қалқа өзенінің бойында соққы беруге дайындалды. Өзеннің бойында шайқас басталды. Тоқтамыс жеңді. Мамайды қуып жіберді. Мамайдың әмірлері аттан түсіп, Тоқтамысқа бас иіп, өздерінің діндерімен оған адал болуға ант етті. Мамай қалған әмірлерімен қашты. Тоқтамыс оған артынан қууға аттанды. Тоқтамыстың әскерлерінен қашып Кафа қаласының маңына келді. Кафа қаласына, алтын-күмістермен жетіп, кафалықтардан қуғын аяқталғанша қала кіргізе тұруын сұрады. Кафалықтар қала кіргізбей, оны өлтіріп тастайды. Осылай Мамайдың өмірі аяқталды» [99, 130 б.].
Оны кім өлтіргені туралы тарихшылар арасында ортақ пікір жоқ. Кейбіреулер Мамайды оның алтындарына қызыққан генуялықтар өлтірді деп жазады. Басқалары кафалықтар Тоқтамыс ханның көңілінен шығу үшін оны сатып жіберген дейді.
Тоқтамыс қазан айының басында бүкіл Мамай ұлысын басып алып, Мамайды жеңгенін хабарлап, орыс ұлысына елшілерін жіберді [100, 69 б.].
Тоқтамыстың саяси доктринасының бір бағыты Мамайға қарсы бағытталған, оны (Мамайды) Орда ақсүйектері Алтын Ордадағы дүрбелеңге кінәлі деп таныған.
1381 жылдың соңына қарай Алтын Орда аумағында билік институты қалпына келтірілді. Ұлыс Жошы толығымен бірікті.
Достарыңызбен бөлісу: |