Лекция Интернетке кіріспе



бет17/19
Дата31.12.2021
өлшемі497 Kb.
#22160
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Лекция 15. РНР тілінен пайдалану әдістері.


  • Apache жүйесін және РНР процессорын орнату.

  • Denwer жүйесімен жұмыс істеу.

  • CGI-технологиясы. cgi-модульдер.

Apache жүйесін және РНР процессорын орнату. Локальды серверлерді пайдаланудың себебі көп – бізге РНР-ді үйрену керек болды. Өзіңіздің хостингіңізде Web-жобаларды тестілеу қымбатқа түседі және мұндай мүмкіндік мүлдем жоқ. Бұл жағдайда сізде локалды машинада Apache+PHP байланыстары қажет болады.

Ең алдымен Apache және РНР дің архивін шығарып алу керек. Apache ресми сайтындағы келтірілген беттен алуға болады. Іздестіруде мынаны есте сақтаған жөн. Apache өзінің UNIX тегі демонының аты бойынша httpd деп те аталуы мүмкін. Әдетте сайт бетінде әртүрлі файлдар көп, мысалы: httpd-2.0.49-win 32-src.zip httpd-2.0.49. tar. Gz, apache 2.0.50-win 32-x86-no ssl-exe.

Арасhе Web-серверінің орнатушысын жіберіңіз. Нәтижесінде лицензиялық келісімі бар терезе пайда болады. одан кейін Арасhе екінші версиясының жаңа кіріспесі туралы ақпараты бар келесі терезеге өтіңіз. Суретте көрсетілген келесі терезе сервер туралы ақпарат ендіруге мүмкіндік береді; сервердің домендік аты. Сервердің аты, басарушының электрондық почтасының аты. Егер орнату локальды машинада жүретін болса, домендік атау мен сервер атауына өріске localhost ендіру керек болады. терезенің төменгі бөлігінде сервер сұранысты қабылдайтын порт нөмерін таңдау керек болады. (80 немесе 8080). Ол төмендегі. суретте көрсетілген (сурет 9). Localhost – бұл ІР –мекен жайымен байланысты локалды машинада серверді пайдалануға арналған атау.

Бұдан кейін орнату тәслі ұсынылады. Стандартты (Typical) немесе таңдаушы (Custom). Бұл тәсіл сервер компонентін қолмен таңдауға мүмкіндік береді. Келесі терезе сервер орнатудың каталогын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл C: Program Files Apache Group, дегенмен біз басқа каталогты таңдауды ұсынамыз. Мысалы С: www. Бұдан кейін орнату шебері орнату процесіне дайын екендігін хабарлайды.

Сосын Install түймесін басқан соң сервер файлдарын көшіру жүзеге асырылады. Егер құру сәтті шықса, Windows автоматты түрде Apache жібереді. Теру кезіндегі сәтті инсталляциядан кейн браузер терезесіне http://localhost/ немесе http://127.0.0.1/- на сервер бетіне жүктелуі керек.

Windows қызметтері жүйенің стартында фондық қосымшаларды шығаруды жүзеге асырады. Бұл үшін свойства терезесіне өту керек. Сервистің контекстік мәзірінен свойства пунктін таңдап, пайда болған терезеде “Тип запуска” тізімінен “Авто” пунктін таңдау керек.

Енді С: /www/ Apach 2/conf. бумасында орналасқан Apache –http. conf. Web-серверінің конфигурациялық файлын орнатуға кірісу керек. Есте сақтаған жөн бұл файлда жүзеге асырылған өзгерістер күшіне серверді қайта жүктегенне кейін ғана енеді.

Сервер Apache ISO-кодтауына орналастырылған. Яғни сервер бұл кодтауға жазылғанның бәрін сіздің файлыңыз деп санайтын болады. Кодтауды кодтауға өзгерту үшін Windowsта http.conf ашып, мына қатарды табу керек.

AddDefaultCharset ISO-8859-1

Оны мынаған өзгерту керек.

AddDefaultCharset –WINDOWS –1251

Бұдан кейін бізге кеңейтілген файлдардың орналасқан бумасын құру керек болады. Оларды мына мен жаймен табуға болады. Бұл үшін сіз бәріне дайын болатын буманы таңдау керек. Бұл былай болсын C:/www/scripts.

Apache сервері құрылды- енді РНР ді құруғе кірісуге болады. Бұл үшін С: /РНР жобасын құрыңыз. Және ол жерде рhр-5.0.0-Win32.zip. архивіндегілерді архивтеңіз. PHP орнату бумасы ретінде бөлек бума құрамыз. Ол үшін, мысалы: Internet бумасын құрып алып, Пуск - выполнить командаларын орындап, subst E: C:\Internet командасын береміз. Сонда бізде тағы да виртуалды Е дискісі пайда болады. Енді сол дискте usr бумасын құрып, содан кейін usr бумасының ішіне php бумасын құрамыз. Орнату файлы ретінде екі файл болады, біреуі ехе, екіншісі zip файл. Алдымен ехе файлды жүктеймізде пайда болған сұраныс терезелерінен Next батырмасын басып кете береміз және Standart типті орнатамыз. Орнату жолына e:\usr\php жолын көрсетіп оны сонда орнатамыз. Одан кейін SMTP серверін және электронды пошта адрестерін енгізу терезесіне ойдан енгіземіз. Содан кейін бізге PHP жұмыс істейтін серверді таңдау қажет болады. Ол сервер ретінде біз Apache серверін аламыз. Енді бізге қосымша модульдерді орнату мен Apache серверін PHP кодтарын түсінуге үйрету керек болады. PHP - ді Apache - ге келтіру E:/usr/apache/conf бумасынан Apache-ді келтіру httpd.conf файлын кез-келген мәтіндік редактормен ашамыз, мысалы: “Блокнот” немесе “Word”. Содан кейін

# АddType application/x-httdp-php .php қатарын іздейміз. Ол жерден кометарий белгісін # алып тастаймыз. Осы қатардан кейін,

ScriptAlias /_php/ “PHP жолы”

Action application /x-httpd-php “/_php/php.exe” қатарларын жазамыз.



«PHP жолы» қатары біздің жағдайымызда e:/sr/php/. Бұдан кейін келтіру файлын сақтап, файлды жабамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет