Ғылыми білімнің метатеориялық деңгейі. Ғылыми білімнің эмпириялық пен теориялық деңгейлерімен бірге жалпы - метатеориялық деңгейі бар. Ол өзі екі деңгейден тұрады:
1. жалпы ғылыми білім;
2. ғылымның философиялық негіздері.
Жалпы ғылыми білім келесі элементтерден тұрады: 1) дүние бейнесінің нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми түрлері; 2) нақты ғылыми, жалпы ғылыми гносеологиялық, методологиялық, логикалық пен гносеологиялық қағидалары.
Ғылымның метатеориялық деңгейі логикалық-математикалық ғылымдарда маңызды: мысалы, өзгеше пəндер - метаматематика мен металогика қалыптасты. Ал табиғаттану мен гуманитарлық білімдерде метатеориялық деңгей нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми қағидалар ретінде болады.
Ғылыми білімнің құрылысында дүниенің нақты ғылыми бейнесі нақты ғылымның эмпириялық пен теориялық объектілердің үйлесімділігінің категориялық түрде көрінісі. Ол қалай пайда болады? Ол теориялық пен эмпириялық танымның жалпылау нəтижесі емес; ол жалпы философиялық онтологияның нақты түрі. Ал соңғысы жалпы ажырату мен оппозиция аумағында ақылдың рефлексивті-конструктивті қызметі. Дүниенің жалпы ғылыми бейнесі - ол бір кезеңде үстемділікке айналған нақты ғылыми бейненің бірі. Өздерінің нақты ғылыми бейнесі жоқ ғылымдардың метатеориялық деңгейінің қосымша элементі; мысалы, табиғаттануда дүниенің классикалық физикалық бейнесі жалпы ғылыми деп саналатын Ньютонның механикасының онтологиясына негізделген; механицизм басқа да ғылыми салаларда үстемді болған. Классикалық емес табиғаттануда жалпы ғылыми бейненің орнына дүниенің физикалық бейнесі бастама жасаған, оның негізінде ықтималды теория мен кванттық механика болған. Сөйтіп, қазіргі жалпы ғылыми бейне философиялық онтологияға негізделген.
Ғылыми танымның аксиологиялық жəне құңдылық мəселелеріне келсек; аксиологиялық принциптердің ішкі жəне сыртқы аксиологиялық негіздері бар. Ішкі - тек сол ғылымға қатысты қүңдылықтар мен нормалар: объективтік ақиқат, нақтылық, методологиялығы, дəлділігі, дəлелдемесі, жүйелігі, басқаша «ғылыми зерттеудің нормалары мен идеалдары» деп аталған. Ал сыртқы құңдылықтар ғылым мен сыртқы - яғни қоғам, мəдениет жəне оның əр түрлі құрылыстар арасындағы қатынастарды меңгереді: практикалық қажеттілік, эффективтілігі, қоғамның интеллектуалдық жəне білім потенциалын көтеру, ғылыми-техникалық, экономикалық жəне əлеуметтік прогресске ықпал ету, қоршаған ортамда адамның адаптивтік мүмкіндіктері. Жалпы, метатеориялық білімнің аксиологиялық пен негіздерін шектеуге болмайды, құңдылық пен ғылымды ажыратуға, алшақтауға болмайды. Құңдылықтар зерттеудің мақсатына, болашағына, нəтижелердің қажеттілігіне əсер етеді