3. Ғылым мен мәдениет өзара тығыз байланысқан феномендер.
Тарихи тұрғыдан мәдениет бұрын қалыптасты. Өйткені ол табиғаттан бөлініп шыққан соң өзінің өмір сүру дағдысына сай келетін ортаны қалыптастырып, жетілдіруге, көркейтуге тырысты. Осы ұмтылыстың жолында ғылым пайда болды. Адамның қоғамдық прогресс жолындағы әрбір қадамы оның ғылым жолындағы қадамы болып табылады.
Ғылымның жоғары мақсаты – адамдарға білім беру, ал мәдениет пен өнердің жоғарғы мақсаты – тұлғаның жан-жақты дамуы. Жан-жақты дамыған тұлға қазірдің өзінді барлық елдерде экономика дамуының қарқыны мен ғылыми-техникалық өрлеудің айқындайтын күшке айналды. Соңғы уақытта жиі айтылып жүрген адам капиталы ұғымы осыған меңзейді. Адам капиталының өзегі, күре тамыры – білім жүйесі.
Материалдық байлықты өндіру өзінің маңызын жоғалтпайда, бірақ ол қалай іске асырылады деген сауал алдыңғы қатарға шығады. Материалдық өнідірістің экономикалық тиімділігі алдымен жоғары санат мамандар, жаңа білім, технология және басқару әдісін пайдаланумен анықталады. Яғни алдыңғы қатарға өндірістің әдісі және білім, зерделік потенциалы – адамның өзі шығады.
Қоғамның әрбір мүшесінің білім алу зерделік, ақпараттық, тағы басқа мүмкіндігі көп болған сайын ұлт пен мемлекеттің зерделік ресурсы да, экономиканың өсу қарқыны да жоғары, қоғамныңмүмкіндігі анағұрлым артық болады. Өндірістік қарым-қатынастарда адамның творчестволық еңбегі өте маңызды.
Экономиканың үздіксіз табысты дамуының негізгі шарты – адам капиталының жиналуы мен сақталуы, адамдардың өз тәжірибесі мен біліктілігін өмір бойы үздіксіз білім алу және кәсіптік дайындық арқылы жетілдіріп отыруы.
«Адам капиталы» ұғымын ғылыми айналымға американ экономисі Теодор Шульц енгізді. Адамның жақсы тұрмысқа қол жеткізуінің ең негізгі өлшемі – оның білімінің өсуі.
Адами капитал дегеніміз – жинақталған білім қоры, кәсіптік дайындық барысында қол жеткізген тәжірибесі, шеберлігі. Бұған жеке тұлғаның өзі қол жеткізген әлеуметтік, мәдени, рухани құндылықтарын қосуға болады.
Адами капитал жөнінде арнайы диссертация қорғаған Қазақстандық ғалым Д.Сейтхожина «Адами капитал құрылымын» мынадай кестеде көрсеткен4.
Сейтхожина Д. Адами капиталдың төрт аса маңызды құырылымдық бөлімдерін анықтаған: 1) биологиялық, 2) білім беру, 3) кәсіпкерлік қабілеттер, 4) басқа да мүмкіндіктер. Басқа мүмкіндіктер қатарына әлеуметтік, психологиялық, дүниетанымдық, қабілеттер мен дарынды атап көрсеткен.
Автор жеке-жеке оқшаулап көрсеткен құрылымдық элементтердің ішінде білім ерекше көзге түседі. Өндірістік тәжірибе, кәсіптік, мамандану, икемділік бөлшектері біліммен тығыз байланыста дамиды. Ал бұл білім жүйелі, арнайы ұйымдастырылған, белгілі кәсіпке бейімделген. Оның астарында, әрине, ғылым жатқандығы ешкімді кұмәндандырмайды.
Мәдениет пен өркениет дамыған сайын қоғамның кәсіптік, кәсіпкерлік, әртүрлі адами іс-әрекеттік құрылымы да күрделене түседі. Мұның өзі ғылыми білімнің белгілі дәрежеде дамуын қажет етеді. Ғылыми білімнің жан-жақтылығы, тереңдігі, кең өлшемділігі материалдық және рухани құндылықтардың адам өміріне қажетті мөлшерде дамуына жағдай жасады.
Ғылым мен мәдениеттің өзара байланысын қамтамасыз етіп, оған дәнекер болатын фактор – адам капиталы. Әрбір дәуірдің өзіне тән ерекше белгілері болады. Олар – әлеуметтік тәжірибенің жинақталған түрі. Адам соларға сүйеніп, әлемді бағалайды, түсінеді, толғанады. В.С.Степин дүниетанымдық мәдениет универсилийлерін әртүрлі мәдениеттегі кез келген сананы бейнелейтін ойлау түрлері, оның іс-әрекетін, тәртібімен қарым-қатынасын анықтайтын, ұйымдастыру формаларын айқындайтын негіздік сипаттағы ұстанымдар жүйесі деп атады.
4. Философия мен ғылым өзіндік ерекшеліктері бар мәдени феномендер. Философия – ең алдымен, дүниетанымның формасы. Кез-келген дүниетанымдық ұстаным сияқты философия да әлемге қарым-қатынасты айшықтайды, оны өз идеалдары тұрғысынан бағалайды. Философия әр уақытта тұлғалық сипатта дамиды. Ол – дүниені өзгеше түсіну мен ұғыну ғана емес, дүниені өзгеше көру де, өзгеше сезіну де. Ғылымда ашылған жаңалықтар, оны ашқан ғалымдардың атымен айшықталғанына қарамастан, обьективті, жалпыға бірдей орта ақиқат ретінде қарастырылады.
Философияда көптеген идеялар, жүйелер, көзқарастар, пікірлер бар. Олардың әрқайсысы тұлға қасиетін, ерекшелігін, қайталанбас даралығын көрсетеді.
Философия мен ғылымның байланысы әр уақытта күрделі болған. Философия мен ғылымның ұқсастығы екеуі де білімді теориялық дәрежеге көтеріп, қорытындыларын қисынды түрде дәлелдеуге тырысуынан көрінеді. Философияның туындауы алғашқы ғылыми білімдердің қалыптасуымен тарихи тұрғыдан қатар жүрді.
Философия мен ғылымның өзара байланысының бірінші кезеңінде олар бірге болып, бір арнада дамыды. Алғашқы философиялық теориялар өзінің мағынасы жағынан синкретті, яғни жиынтық білім болды, өйткені оның құрамында әлем мен адам туралы барлық білімдер, сонымен қатар, математиканың, астрономияның, механиканың, медицинаның, тарихтың, этиканың, эстетиканың бастамалары орын алды.
Екінші кезең – ХҮІІ ғасыр және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көптеген ғылымдар жеке бөлініп шығып, философия мен жеке ғылымдардың жігін айыру мәселесімен ерекшеледі.
Үшінші кезең ХІХ ғасырдың 30-жылдарында позитивизмнің қалыптасуымен сәйкес келіп, ғылымның философиядан ажыратылуымен көзге түсті. Позитивизмнің негізін салушы О.Конттың пікірінше, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары дами бастаған постпозитивизм аясында философияның ғылымның дамуындағы эвристикалық рөлі жоғары бағаланды. К.Р.Поппер, И.Лакатос, П.Фейербенд, Т.Кун, С.Тулмин еңбектері философия ғылымның дамуы үшін маңызды фактор екендігін айқын көрсетті.
Философия мен ғылым қоғамдық сананың әртүрлі формалары, бірақ олардың арасында тығыз өзара байланыста бар. Философия мен ғылымды қатар қоюға болмайды, бірақ философияның ғылыми сипаты туралы айтуға болады.
Философия дүниетанымның теориялық негізі ретінде ғылыми білімнің маңызды белгілерін бойына сіңірген.
Философия – белгілі логикалық категориялар мен заңдарды айқындайтын білім жүйесі, обьективті ақиқатты көрсетеді және дәлелдейді.
Ғылыми білімді сезім арқылы (сенсуализм) ақылмен (рационализм), интуицияның көмегімен де алуға болады. Аталған бағыттар қол жеткізген білімдер философия тарихында кеңінен тараған.
Ешқандай ғылым, химия, биология, физика немесе психология өздері ұсынатын теориялық ұстанымдардың философиялық дүниетанымдық негіздерін арнайы зерттемейді. Өйткені, бұл - о бастан-ақ философияның негізгі міндеттерінің бірі болған.
Тарихта әлеуметтік өмірді дәстүрлі көзқарастарды, басты нанымдарды күрделі, түпкілікті өзгерістерге ұшыратып отыратын ірі идеялық қозғалыстар, кең көлемдегі діни мистикалық, жаңарту ағымдары көп болған.
Қазіргі уақытта мұндай процестердің кең орын алғандығы соншалық, оның ерекше қарқыны туралы атап айтуға тура келеді. Бұл философияның қоғамдық маңызын жоғарылатады, өйткені белгілі бір дүниетанымға негізделмеген қоғамдық белсенділік өте қауіпті.
Дүние күрделенген сайын философияның қоғамдағы маңызы арта түседі. Оның бірнеше маңызды себептері бар:
- әлемнің ірі жетістіктері философиялық тұрғыдан түсіндіру мен бағылауды қажет етеді;
- қазіргі өркениетте орын алып отырған діни өрлеу философияға, оның дүниетанымдық мүмкіндігіне тағы да көңіл аударып, оны кеңінен пайдалануға мүмкіндік алуда. Өйткені әр түрлі діни көзқарастар мен ізденістер өзара сұхбаттасып, ұышрасу процесінде бұрын онша мән беріле қоймаған тосын жағдайлар туғызып, философиялық талдауға кең өріс бере бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |