Лекция жинағы 1 -дәріс. Кіріспе. Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде Кіріспе



бет10/44
Дата30.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#46294
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
ҒТФ., лек.жинағы (1)

Практикалық сұрақтар:
1. Ғылымның жеке адам, қоғам өміріндегі маңызын анықтаңыз.
2. Жаһандық мәселелердің антропологиялық сипатын түсіндіріңіз.
3. Жаңа гуманизм мен ғылымның қзара байланысын көрсетіңіз.
4. Ғылым мен білімнің байланысы туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.


3,4-дәрістер. Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ежелгі дүние, орта ғасыр және Қайта Өркендеу дәуіріндегі ғылым

1. Көне Шығыс ғылымы, оның ерекшеліктері


2. Ежелгі Греция – ғылымның отаны
3. Орта ғасырлық Батыстағы ғылыми таным
4. Орта ғасырлық Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыстағы ғылым
5. Дүниенің Коперник ұсынған гелиоцентристік жүйесі
6. Галилейдің астрономиялық жаңалықтары


Өзекті ұғымдар: алгоритм, натурфилософия, пантеизмғ геоцентризм, гелиоцентризм.

1. Көне Египет пен Вавилонды арифметика мен геометриялық маңызы зор мліметтер жиынтығын көрсететін папирустар болған. Оларда эмпириялық физика және құрылыстың дамуы бейнеленген, сифонның, айнаның, көтергіш құралдың, өлшеуіштің кескіндері бар.


Біздің эрамызға дейінгі 1000 жылдықта Вавилон тұрғындары есептеудің жетілген тәсілдерін игеріп, геометриялық білімнің үлкен көлемін білген, алгебралық жолды пайдаланып, теңдеудің екінші дәрежесін шешкен, есептеуді жеңілдету үшін әртүрлі таблицалар жазған.
Көне Қытайда құрылыс пен қолөнер өндірісі өте қарқынды дамып, механикада табиғи реттілік пен әрекетті түсіндіретін өлшеу құралдарын қолдану және оларды стандарттау, іске асырылған, оптика мен акустика, философиялық ілімдері пайда болған.
Көне Үндіде натурфилософиялық ілімдер мен физикалық білімнің бастаулары әлемнің түпнегізін құрайтын бес элементті (жер, су, ауа, эфир, от) түсіндіруден басталды. Олардың әрқайсысы өтпелі және тұрақты. Әрбір элемент иісі, дәмі, түрі бар, бірақ көлемі белгісіз нәрсеге сай келіп отырады. Көзге көрінетін түрлер әртүрлі атомдардың өзара ұшырасуы нәтижесінде пайда болады.
Көне Үнді мәдениетінде адамның ішкі жан дүниесіне үңілу басымырақ, сондықтан психология, абсолютті болмыспен біте қайнасу тетіктеріне назар аударылады. Ақиқат тек ақыл мен ғана емес, сезіммен де танылады.
Көне Үнді мәдениетіндегі білім жүйесінің көрнекті құралы «Упанишадаларда» бастапқы орын грамматикаға берілген, сонан соң аруаққа сиыну ережесі, санау ғылымы, көріпкелдік өнері, логика, тәртіп ережелері, этимология, қасиетті білім туралы ғылым, демондар туралы ғылым, астрономия туралы білім орналасады.
Нағыз даналық, яғни өзін-өзі абсолютті тану процесінде білім адамнан адамға беріледі, сондықтан ұстаздардың пікір қатты құрметтеледі.
Көне Қытайда (6 ғ.б.ғ.д. - 1 ғ.б.ғ.э.) моральді – этикалық нормаларға қатты көңіл бөлінді, тіршілік заңдылықтарын түсіндіретін негізгі дін конфуцишілдік болды. Түс жору мен жорамал айтуға ерекше мән беріледі. Біздің эрамызға 318 жылы Цинь патшалығының қожайыны Сюань көрнекті ғалымдарды топтастыратын алғашқы академияны құрды. Конфуцийдің ізбасарлары аспанды бүкіл әлемді басқаратын кәдімгі саналы жан ретінде таныды, олар бос кеңістікте дененің қозғалысын зерттеу немесе ақ пен қараның айырмашылығын танудың қажеті жоқ, өйткені кәсіпкер бұл білімдердің көмегінсіз-ақ табиғатты игеріп, өзіне керегін алады деп есептеген.
Жаратылыстану эмпириялық жолмен дамыды. Көне шығыста білім қолданбалы сипатта болды, аксиоматикалық дәлелдеу, білімді талдау және құрастыру жүйесі болмады.
2. Егерде Шығыста өндірістік, практикалық сұраныстарға байланысты өлшеу техникасы дами бастаса, ал батыста, яғни Грекияда дәлелдеу ғылымы қанат жая бастады.
Көне гректер әлемді және оны құрайтын заттар мен құбылыстардың қалыптасуын, дамуын баяндап, түсіндіруге тырысты.
Бұл көзқарастарды натурфилософия деп атаймыз. Натурфилософия дегеніміз – табиғатты кейбір жаратылыстану ұғымына сүйеніп, біртұтастықта философиялық тұрғыдан түсіндіру. Басқаша айтсақ, натурфилософия – табиғат философиясы.
Ғарыштың моделін жасау үшін математикалық аппарат қажет болды. Математиканың теориялық ғылым ретінде қалыптасуында Пифагор мектебі зор рөл атқарды. Осы мектептің өкілдері әлемді рационалдық тұрғыдан түсіндіретін философиялық ілімді жасады. Бұл әлем үлгісінің негізінде сан ұғымы жатты. Пифагоршылар әлем құрылымының кілтін сандық қатынастардан іздестіруді ұсынды. Сандық қатынастарды және олардың қасиеттерін табу, ғарыштың бастаулары мен үйлесімділігін тану болып есептелінді. Сан ақылдың көмегімен танылатын ерекше нысан, әуелі оның қасиеттері мен байланыстарын біліп, сонан соң бақыланатын нысандарды түсіндіру қажет.
Пифагор математикасында теореманы дәлелдеумен қатар геометриялық фигураларды теориялық зерттеуді сандық қасиеттермен байланыстыру математикалық ережеден абстрактілі принципке өте де қарастырылады.
Пифагор ілімінде көне мифтердің әсері бар, мұны оның Вавилон мен Египетке көп саяхат жасауының нәтижесі деп түсіндіреді.
Апулейдің пікірінше, Пифагор үнді брахмандарымен де кездескен. «Вавилондық ілімдер» трактатында Демокрит Египеттің, Вавилонның және үнділердің қасиетті ілімдерімен таныс болғандығын көрсетеді. Геометрияның дамуын құрбан шалумен байланыстырады. Делос есебі құрбандықтың формасы көрсетуде болды. Геометриялық фигуралардың бұрышын анықтау белгілі бір құдайлармен байланыстырылды. Үшбұрыш Афинаға, жартылай дөңгелек Диаскураға, төртбұрыш Гермеске, 56 – бұрыштық Тифонға, 210 саны (5х6х7) ұзындығы 7 метр, жалпақтығы 6 метр, биіктігі 5 м табыну нысанына телінді.
Антикалық ғылымда материалдық әлемнің құрылымы туралы континуальді және атомистикалық пікір қалыптасты. Континуальді көзқарасты Анаксагор – Аристотель дамытты. Олардың ойынша, материя үздіксіз, бірдей бірліктерден тұрады. Олардың бөлінуі шексіз, материя өз ішінде бос болмайды.
Аристотельдің ойынша, әлем айналып тұратын космос, оның қозғалысы алғашқы түрткіден басталған. Космос оқшауланған сфера, ортасында жер орналасқан. Кеңістік пен уақыт осы космос аймағында ғана өмір сүреді, ал алғашқы материямен толықтырылған. Алғашқы материя ыстық, суық, құрғақ, ылғал секілді түпкі күштердің әсерінен не суға, не ауаға, не отқа, не жерге айналып отыруы мүмкін. Олардың әрқайсысы басқамен байланыса отырып, нақты затты тудыра алады. Яғни заттардан дене түзіледі.
Аристотель табиғи және күшпен қозғалыс ұғымдарын енгізді. Жер бетінде ауыр заттар төменге, ал жеңіл заттар жоғарыға қозғалады. Мұндай орын ауыстыру заттың өз табиғатынан заңды туындайды. Сонымен қатар, заттарды күшпен де қозғауға болады.
Левкипп – Демокрит заттар мен құбылыстар кішкене бөлшектер – атомдардан тұрады деп есептеді.
Платон «Заңдардан кейін» еңбегінде сан туралы ғылымды – жоғары бағалаған. «Мемлекет» деген еңбегінде Платон арифметиканы таза болмысты тануға және пайымдауға жетелейтін ғылым деп анықтаған. Есептеу өнерін абстрактілі арифметикадан бөліп қарастырған. Білім жүйесінде арифметикадан кейін геометрия, одан кейін стереометрия орналасқан. Осы қатарды гармония туралы ілім аяқтайды. Егер астрономия аспан денелерінің қозғалысы мен сандық қатынастарын зерттесе, ал гармония музыкалық үннің сандық қатынастарына мән береді. Платонның пікірінше, ғылымның осы жүйесінің көмегімен адам түйсіктен тыс, ақылына сүйене отырып, кез келген заттың мәніне түсінгенше ешбір тоқтамайды. Сөйтіп, ол оймен танылатын қасиеттердің көтеріледі.
3. Орта ғасырларда батыс мәдениетінде пайымдаушылық, абстрактілі ойлау, тәжірибеге сүйенген білімнен бас тарту, универсализмнің ерекшеліктен басым болуы сияқты антикалық дәстүрлер одан әрі дамыды, тереңдетілді, сонымен қатар, алхимия, астрология дамыды. Осындай ерекше сипаттар батыс мәдениетінің ішкі бірлігінің жоқтығын, амбиваленттілігін көрсетеді.
Орта ғасырлық Батыста философия, арифметика, логика, грамматика, риторика, латын тілі өте жақсы дамыды, ал жаратылыстану ғылымдарына мән берілмеді, өйткені, батыс мәдениеті обьективті заңдармен түсіндірілетін табиғат идеясын білмеді, табиғат бұл уақытта жаратушының еркімен басқарылатын жасалған нысан.
4. Ал орта ғасырлық Шығыста математикалық, физикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами бастады. ІХ ғасырда Птоломейдің «Астрономияның ұлы математикалық жүйесі» кітабы араб тіліне аударылды. Европада «Альмагест» деп аталатын бұл кітаптың аудармасы мен оған берілетін түсініктемелер аспан денелерінің орнын есептеуге арналған әртүрлі таблицилар мен кестелерді жасауға мүмкіндік береді.
Мұхамед ибн-Мұса әл-Хорезми (780-850) математикадан бірнеше көрнекті еңбектер жазған, олар латын тіліне аударылып, европада оқулық ретінде қолданылған.
Хорезмидің «Әл-Жабр уа әл-Муқабала» атты еңбегі математика тарихындағы алгебраны дербес баяндауға арналған тұңғыш кітап. Сондықтан да кейде Хорезмиді алгебраның атасы деп те атайды. Ал оның «Жер түрлері жайындағы кітап» араб тілінде жазылған бірінші географиялық шығарма болды. Хорезми астрология, күн сағаты туралы еңбектер жазған, астрономиялық, тригонометриялық таблицалар жасаған.
Әл-Хорезми Көне Үнді, Орталық Азия мен Грекияның ойшылдарының еңбектерін жан-жақты зерттеп, олардың негізінде құнды топшыламалар жасаған. Солардың мәліметтеріне және өзінің жеке байқауларына сүйене отырып, орта ғасрлардағы математика мен жаратылыстанудың маңызды бағыттарына бастау болатын еңбектер жазған.
Әл-Хорезмидің 10-нан астам жұмыстары сақталған. Олардың арасында алгебралық трактат, арифметикалық трактат, астрономиялық кестелер, географиядан, тарихтан және күн сағаттары мен күнтізбек туралы кітаптары бар.
Хорезмидің алгебралық трактаты қазіргі алгебраның фундаменті болып табылады. «Алгебра» сөзінің өзі арабтың «ал-джабр» - толықтыру – деген сөзінен шыққан. Әлем математиктерінің бәрі жеке ғылым ретінде алгебра Әл-Хорезмиден бастау алғандығын мойындайды.
Әл-Хорезмидің арифметикалық трактаты санаудың позициялық ондық жүйесінің негізін қалады. Оның латын тіліндегі аудармасы ХІІ ғасырдан бастап Европа елдерінде практикалық арифметикадағы негізгі шығарма болды.
Қазіргі математиканың іргелі ұғымы алгоритм де Хорезми шығармашылығымен тығыз байланысты. Қосудың, алудың, көбейту және бөлудың ережелері – арифметиканың негізгі алгоритмдері.
Ал-Хорезмидің алгебраны ашуы – белгілі мен белгісіз өлшемдер қарама-қарсылығының өзара қарым-қатынасын анықтау барысындағы күрделі шығармашылық ізденістердің нәтижесі. Қарама-қарсылықтардың бірлігі және белгілі мен белгісіз өлшемнің қайшылығы – нәтижесінде теңдеу пайда болады. Яғни, кез келген теңдеу бір-біріне қарама-қарсы ұғымдардың диалектикалық бірлігі.
Әл-Хорезмиге дейін сызықты және квадратты теңдеулер белгілі болған. Олар әр түрлі жолдармен шешіліп отырған. Оларды шешудің ортақ ережесі, яғни алгоритмі болған жоқ. Әл-Хорезмидің табысы – әр түрлі теңдеулерді талдай отырып, оларды шешудің ортақ ережесін табуы. Индукция әдісін қолдана отырып, ол теңдеудің 6 типіне қол жеткізеді.
«Алгебра» кітабының 6 бөлігінде әл-Хорезми теңдеудің 6 түрлі типін көрсетеді, яғни 1-деңгейдегі 1 теңдеу (сызықты) және 2-деңгейлік 5 теңдеу (квадратты).
Бұл теңдеулер өлшемдердің үш түрінің, яғни қарапайым сандардың түбірлер мен квадраттардың өзара қарым-қатынасын білдіреді.
Әл-Хорезми есімімен тығыз байланыста дамыған алгоритм ұғымы белгілі реттілікті білдіреді. Алгоритм – кез-келген дұрыс есептеудің әдісі, ол ұдайы және тұрақты. Бұл – белгілі түрде нақтыланған ережеге сүйенетін кез келген есептеу жүйесінің ортақ атауы.
Әл-Хорезми математикадан басқа ғылыдарға да көңіл бөлді. «Жердің келбеті» кітабында ғалым қалалардың, теңіздер мен өзендердің нақты мәліметтерін келтіреді, мұның өзі халифаттың әртүрлі аймақтарымен сәтті байланыс жасауға көмегін тигізді.
Әл-Хорезми алғашқылардың бірі болып карта сызды.
Көрнекті араб ғалымы Аль-Кинди (800-879) геометриямен, астрономиямен, оптикамен, метеорологиямен, медицинамен, психологиямен, музыкамен айналысқан. Ғалым себеп-салдардық байланыстың айнымастығын атап көрсеткен.
Аль-Кинди ғылыми танымның үш деңгейін ұсынған: 1. Логика мен математика; 2. Жаратылыстану ғылымдары; 3. Метафизикалық.
Сөйтіп, ғалым философия ғылымын негіздеу үшін математика мен жаратылыстанудың маңыздылығын дәлелдейді.
Әл-Бируни (973-1048) – орташа салмақ туралы ілімнің авторы, астрономиядан, математикадан, философиядан, филологиядан, географиядан, тарихтан, яғни, ғылымның барлық бөлімін қамтитын 150-ден астам еңбек жазған. Көрнекті шығармалары: «Үнді тарихы», «Минералогия», «Өткен ұрпақтар ескерткіштері», «Жұлдыз туралы ғылым», «Көне халықтар хронологиясы». Жер қабатының әр уақыттарда пайда болғандығын айтып, организмдердің дамуындағы табиғи сұрыптаудың маңызын атап көрсеткен. Бирунидің «Хронология» деп аталған «Өткен буындардан қалған ескерткіштер» зерттеуі Шығыс халықтарының тарихы мен этнографиясынан мол мағлұмат ұсынады.
Бируни Үнді, Таяу Шығыстағы көптеген елдердің күнтізбелік жүйесін баяндаған. Оның география саласындағы еңбектері араб-мұсылман елдерінде, Оңтүстік Азия, Афина, Европа елдерімен сауда-саттық орнауына байланысты этнографиялық, топонимикалық материалдар беретін бірден-бір тарихи көзге айналған.
Натурфилософ А.Р.Бируни ғылым мен практиканың өнердің пайда болуы туралы прогрессивті идеялар айтқан. «Геодезияда» ғылымды адам өмірінің қажеттілігі тудырғаны, сонан соң олар өзіндік даму барысында жеке-жеке салаларға бөлінгендігі туралы айтылады.
Бируни тек білім мен еңбек адамды ізгілендіреді, еңбек жоғары адамгершілік қасиеттерді дамытады деп атап көрсетті.
Абу Али ибн Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, дәрігер. «Медицина канонын» жазды.
Ибн Сина «Сауығу кітабы» мен «Білім кітабында» табиғатты зерттеуге көп көңіл бөлді, логикалық ойлау мен тәжірибенің, ақыл мен эксперименттің бірлігі принципін жақтады. Таным процесінде сезімдер мен ақыл-ойдың өзара байланысын көрсете отырып, Ибн Сина танымның жоғары сатысы абстракция деп есептеген; қабылдауға негізделген баяндау мен жинақтаудан туындайтын анықтамаларды бөліп қарастырған. Теория мен практиканың өзара тығыз байланысына ерекше мән берген.
Ибн Сина ғылымдарды топтауда, жүйелеуде осы принциптерге сүйенген: ойға құрылған физика, математика, метафизика ғылымдарының мақсаты – ақиқатты айқындау. Ал практикалық ғылымдар – игілікті анықтауға ұмтылады. Олардың қатарына этика, экономика, саясаттану жатады. Ал басқа ғылымдар осы ғылымдарды одан әрі дамытады.
Ибн Синаның шығармашылық тұлғасы көп қырлы, өз дәуірінің ұлы философы, медицина ғылымының көрнекті теоретигі және қиын науқастарды емдеуші, математик, астроном, ботаник, геолог, сонымен қатар, атақты ақын, тілтанушы, әуез танушы. Мұның бәрі осы бір ерекше дарын иесінің бойынан табылған. Әлемдік ғылым мен мәдениетке оның сіңірген еңбегі ұшан теңіз.
Ибн Сина әлемнің, табиғаттың мәңгілігін мойындайды, ал материяны, оның көмегінсіз ешнәрсе пайда болмайтын әмбебап мүмкіндік деп жариялады. Авиценнаның табиғи заттар мен процестердің себеп-салдарлы байланысы туралы ілімінің маңызы зор. Ғалым материалдық денелер қозғалысының жалпылығы, қозғалыс пен уақыт, кеңістіктің өзара байланысы туралы оңды пікір қорытты. Оның пайымдауынша, қозғалыс – кез-келген өзгеріс, яғни сандық көбею және азаю, сонымен қатар, сапалық өзгеру. Кеңею мен кішірею, тарылу мен ісіну, тартылу мен алыстау, өсу мен өшу қозғалыстың түрлері болып табылады. Уақыт та қозғалыстың бір түрі. Қозғалыс пен өзгеріс болмаса, уақыт та болмайды.
Ибн Сина барлық құбылыстар мен процестерді ақылмен түсіндіруге болады деп есептеді.
Оның рационалистік көзқарасы логиканың маңыздылығын дәлелдеп, оның танымдық мәнін ашуда, философияның және табиғи заттар мен процестер туралы ғылымдардың ерекшелігін анықтауда көрініс тапты.
Омар Хайям (1048-1122) – тек ұлы ақын ғана емес, өз заманына белгілі математик, астроном, механик, философ.
5. Николай Коперник (1473-1543) көне гелиоцентрлік идеяны жаңғыртты, дамытты және математика тұрғысынан дәлелдеді. Жер әлемнің орталығы емес және орында тұрған жоқ, ол басқа планеталар сияқты күнді айналып жұр. Әр планета күнді айналумен қатар өз орбитасын да айналып отырады. Оны жер планетасы арқылы білуге болады.
Табиғат заңдары жер және бүкіл әлем үшін де бірдей, адам оны танып біле алады. Бұл – Коперник жаңалығынан туындаған маңызды философиялық қорытынды. Коперник ілімі ғасырлар бойы дамып келген Аристотель – Птоломей геоцентрлік дәстүрін ығыстырып, жаңа астрономия мен физикалық, әлемді ғылыми танудың бастауы болды.
Коперниктің үлкен жетістігі – көне дүние ойшылы Аристарх Самосский болжам ретінде айтқан гелиоцентрлік идеяны ғылыми тұрғыдан дәлелдеуі және жерді әлемнің ортасы, оны Күн мен басқа планеталар айналып жүр дейтін Птоломейдің геоцентрлік болжамын терістеуі.
Птоломей концепциясының негізгі ұстанымдарын сынай отырып, Н.Коперник сезімдік танымның шынайы орнын анықтайды және бір жақты эмпиризмнің жеткіліксіздігін көрсетеді. Птоломей болжамының кемшілігі – қозғалыс пен оның сезімдік көріністерін өзара ажыратпауы. Шын мәнінде, егер жер қозғалып тұрса, онда жерде тұрған одан тыс барлық космостық денелер қарама-қарсы бағытта қозғалып тұрған сияқты көрінеді. Осы сезімдік танымға негізделген көріністі шынайы қоғзалыс ретінде алып, Жер барлық әлемнің орталығы деп есептеген.
Коперник шынайы жылдық қозғалыс Күнге емес, жерге тән екендігін дәлелдеген. Жер – әлемнің орталығы емес, ол күнді айналып, өз орбитасымен қозғалатын планеталардың бірі ғана. Ғалымның бұл пікірі Аристотельдің жетілген аспан денелерінің және жетілмеген жер денелерінің қозғалысы деген қорытындысына негізделген қозғалыс туралы схоластикалық көзқарастың негізсіздігін дәлелдейді.
Коперник идеяларын көрнекті неміс ғалымы Иоганн Кеплер (1571-1630) одан әрі дамытып, планеталардың Күнді айналып, қозғалуының жалпы заңдылықтарын ашты.
6. Галилео Галилей (1564-1642) итальян физигі және астрономы, алғашқылардың бірі болып, тәжірибенің тікелей нәтижелері әлі де танымның алғашқы материалдары бола алмайды, оны әр уақытта теориялық жағынан түсіндіру қажет, сонда ғана ол таным көзі бола алады деп пайымдаған.
Галилей табиғатты зерттеудің екі негізгі тәсілін ұсынды:
1. Аналитикалық («резолюция методы») – математикалық құралдарды пайдалана отырып, сезімдік тәжірибені болжау. Соның нәтижесінде тікелей қабылдауға болмайтын қасиеттер анықталады.
2. Синтетикалық – дедуктивті метод («композиция методы») – тәжірибенің нәтижесін математикалық тұрғыдан жинақтау. Осының көмегімен құбылыстарды түсіндіретін теориялық кестелер жасалады.
Галилейдің маңызды ғылыми жаңалықтары дененің еркін түсуі оның салмағына байланысты еместігін көрсету, параболистік қозғалыстың, материалдардың мықтылығы мен қарсыласуы теориясын жасау, телескопты құрастыру, маятниктін қозғалу заңын анықтау болып табылады.
Астрономиялық зерттеулерде Галилей Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін негіздеді.
Галилей «Жұлдызды күнделік» тақырыпты еңбегінде өзінің ғылымдағы жетістіктерін төмендегі кестегідей жүйелеген.



1. Дөңес обьективті телескоп бұрын белгісіз болған көптеген жұлдыздарды көруге мүмкіндік берген

2. Айдың беті тегіс емес, онда ойпаңдық, қисық жолдары да бар. Яғни, жер мен айдың айырмашылығы жоқ. Галактика дегеніміз – көпжұлдыздардың жиынтығы

3. Тұмандар кішкене жұлдыздардың шоғыры

4. Юпитердің серігі бар

5. Сатурнның шеңберін анықтаған

6. Венераның фазаларын ашқан

7. Күнде дақтар бар және ол айналады

8. Галилейдің сезімдік тәжірибесі Коперник жүйесінің ақиқаттығын дәлелдейді

9. Галилей ғылым мен сенімнің бірдей еместігін көрсетті. Қасиетті жазу – бұл астрономия емес. Қасиетті рух аспанға қалай жетуді үйретеді, бірақ ол аспан қозғалыстарын түсіндірмейді

10. Галилей сенімнен жоғары ғылымның образын жасады

11. Дәстүрдің маңызын жоққа шығармаса да Галилей бедел алдында жалаң бас ие беруге қарсы болған

12. Ғылым субьективті қасиеттері мол адамды өз қатарынан шығарған уақытта ғана обьективті бола алады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет