Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Неолит (жаңа тас ғасыры) және энеолит (мыстытас ғасыры)



бет6/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
kazedu 201595

Неолит (жаңа тас ғасыры) және энеолит (мыстытас ғасыры)

дәуіріне сипаттама.

1.Неолитке жалпы сипаттама. «Неолит революциясы».

2.Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы.

3.Неолит кезеңінің мәдениеті мен тұрақтар.

4.Энеолит кезеңіне сипаттама.

5.Энеолит кезеңінің мәдениеті мен ескерткіштері.


Жаңа тас ғасыры неолит тас ондеу индустриясының жоғары дамыған кезеңі. Бұл кезенде адамдар жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер ондеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Егіншілік пайда болды. Өндіруші шаруашылықтың пайда болуы адамның табиғатқа деген тәуелділігін азайта түсті. Мал осіру мен егіншіліктің пайда болуы адам-ның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті және мәдени-тұрмыстық жаңалық-тардың шығуына ықпал етті.

Бұл дәуірде кен кәсібі мен тоқымашылық және керамикалык ыдыс жасаудың алғашқы бастамалары шықты. Саз балшықтан жасалып отқа күйдірілген ыдыстар қолмен жасалынды және өте қарапайым болды. Ыдыс-ты күйдірмей тұрып жұмсақ кезінде оған онша күрделі емес геометриялық өрнектер салды. «Неолиттік төңкеріс» деп аталған егіншілік шаруашы-лықтың одан әрі дамуы мен оның жаңа түрлерінің пайда болуына себеп-кер болды. Жинақталған тәжірибелер ұрпақтан ұрпақка жалғасып адам-зат қоғамының даму қарқыны арта түсті.

Археологиялықматериалдар бойынша Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит (тас-мыс ғасыры) арасындағы уақытжеткілікті айқындалма-ған. Сондықтан да Қазақстан тарихында неолит пен энеолит бірге қарасты-рылады. Бұл дәуір Қазақстан тарихында б.з. бұрынғы 5—2 мың жылдық-тарды қамтиды.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 400-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіштер табылды, бірак олардың басым көпшілігі зерт-телген жоқ. Неолиттік дәуірдің көптеген тұрақтары Оңтүстік Қазақстан-нан, Қаратаудан табыдды. Орта Азиялық келтеминар мәдениетіне ұқсас Қараүңгір тұрағының материалдары үңгір тұрғындарының керамикалық ыдыстарды қолмен жапсырып жасау әдісін жақсы меңгергендігін көрсетеді. Сүйектен жасалған біздер, тескіштер, көзі бар инелер, тегістегіш жон-ғыштар, тас қалақтар, шот-балталар, қырғыш-пышақтар, жебелер, тас келісаптар үңгір тұрғындарының аңшылықпен, егіншілікпен және тоқы-машылықпен айналысқанын дәлелдейді.

Қазақстан аумағындағы неолиттік тұрақтар Оңтүстік Қазакстаннан басқа да жерлерде, Арал маңыңда (Сексеуіл), Батыс Қазақстаңда (Қара-торғай), Орталық Қазақстаңда (Иманборлық), Солтүстік Қазақстаңда (Мақанжар, Дүзбай, Железинка) және Шығыс Қазақстаңда (Уст-Нарым) табылды. Қазақстанның әртүрлі аймағындағы неолиттік тұрақтардан та-былған материалдар осы дәуір адамдарының Орта Азия және Батыс Сібір тайпаларымен қарым-қатынаста болғандығын көрсетеді.

Неолиттік ескерткіштердің келесі бір үлкен тобы Сырдарияның бұ-рынғы Іңкәрдария сағасынан табылды. Арал маңынан табылған ескерт-кіштердің ең ірілерінің бірі Сексеуіл маңыңдағы неолит дәуірі адамдары-ның түрағы. Жалпақ қойнауындағы алты тұрақтан жапсырылған керами-каның сынықтары және кварциттен жасалған құралдар табыдды. Балшық-тан жасалған ыдыстардын көпшілігінің мойны жоғары шығарылып жасал-ған үлкен қыш құмыралар мен дөңгелек тостағаңдар. Бұлардың екеуініңде түбі томпақ. Ыдыстардың сырты тісті қалыппен басылған және сызып жасалған қарапайым ©рнекпен безеңдірілген. Сексеуіл I және Ақеспе неолитгік тұрақтарынан трапеция қалпындағы қыстырмалар, көптеген ұсақ және дұрыс қырланған пышақ тәрізді қалақтар көптеп табылды.

Неолит дәуірінің жеткілікті зерттелмегеніне қарамастан, оның өзіне тән көптеген ерекшеліктері мен белгілері, даму сипаты мен деңгейі қазірдің өзіңде белгілі болып отыр. Бұл дәуір дала аңшыларының мәдениеті дамы-ған кезең еді. Аңшылар мен балықшылардың шаруашылық аясы кеңейді, олар дайын онімдерді тұтынушы ғана емес, өвдірушілерде болып санадды. Неолит дәуірі әлеуметтік сипаты жағынан рулыққауымдаржәнеұжым-дық еңбек пен өндіріс құраддарына қоғамдық меншіктің үстемдік құрып

тұрған кезеңіне жатады.

Неолиттік тұрақтардан табылған жерленген адам сүйектері діни нанымның пайда болу нышандарын білдіреді. Неолиттік адамдар өлгендерді соған дейін өмір сүрген жерінде жерлеп, ездері басқа жаққа көшіп кететін болған. Олар өлген адамды арнайы қазылған қабірге жерлеген, мәйітпен бірге қабірге әр түрлі әшекей заттар, тас қарулар, ыдыстар және тамақ қойған. Аналық рулық қауымда өмір сүрген жаңа тас дәуірінің адамдарында отқа табыну рәсімі де болған сияқты. Бұл болжам-ды Солтүстік Қазақстандағы Железинка селосының маңындағы Пеньки тұрағынан табылған археологиялық материалдар да дәлелдей түседі.

2. Археологиялық кезеңдерге бөлу өлшемдеріне сәйкес, адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуірді энеолит деп түсіну керек. Әдетте, бұл жалпы алғанда шақпақ тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соғады.

Энеолиттік дәуір мал шаруашылығы басым дамыған далалық өңірде де маңызды рөл атқарған. Қазақстан даласындағы энеолит мүлдем басқаша және оны игеру үшін адам ең оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын таңдап алды. Бұл уақытта қалақша-қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал ды болды. Аңшылық ұжымдар бір жерде ұзақ уақыт шоғырлана білді. Тарылған аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, аңшыларданбосаған аумақтардантабындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды.

Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ-ІІ м.ж. белгіленеді. Демек, ол бір мың жыл болған.

Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құрған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысында Шығыс Каспий маңы мен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәлеметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты. В.Н. Логвин, С.Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында - Бестамақ, Тұздыкөл-1, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дұзбай-3, Красный Яр қоныстары ашылды; барлығы 20-дан астам қоныс белгілі.

Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдың, Терісаққанның , жоарғы Тобылдың, Обағанның, Шағалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларында алаптарды алып жатыр. Олардың кейбіреуінің көлемі 15 га жетеді. Сипаттау үшін ең көп мәлемет беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды – б.з.б. XXIY-XXII ғғ. Қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Мұндай томаға – тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-ға дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады: ені: 4-8 м. болатын, ал ұзындығы 50 м. дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.

Өндірістік-шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі болғанын көрсетеді. Тас тоқпақтар, пышақтар, қанжарлар, сүңгілердің, найзалардың ұштары аң аулаумен байланысты құралдар. Шаңышқылар балық аулау кәсібін көрсетеді.Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар.

Орасан зормөлшердегі стеолоиялық материалдың басым көпшілігі жылқы сүйектері. Мәселен, Ботай қонысында 70 000 жылқының сүйегі табылды. Сондай-ақ зубрдың, турдың, бұланның, еліктің, аюдың, иттің, түлкінің, суырдың, қабанның, құстардың сүйектері де табылды.

Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. Тұрғын жайлардың табалдырығы астында ит көмілуі жиі кездеседі, сірә, рәсімдік сипатта болса керек.

Далалық энеолит қауымының өз ішінде де мәдениет бір мезгілде қалыптасқан жоқ және даму мен өзара ықпал етудің түрлі деңгейінде болған. Тегінде, Еділ бойын және Жайық-Ертіс өзендерінің аралығында мал шаруашылығы қалыптасқан екі орталықты атап өтуге болады. Энеолиттің орта шенінде Афанасьев және Усть-нарым ескерткіштеріне Ботай мәдениетінің ықпалы аңғарыла бастады. Тек энеолиттің орта шенінде ғана Ташков тұрғындарының (Тоболдың орманды өңірі) ілгері басқан құбылыстар байқалады.

Маңғыстау тарихындағы энеолит көп жағынан алғанда шартты болып табылады, жалпы жұрт қабылдаған кезеңдерге бөлу сәйкес келеді. Бұл аумақ үшін б.з.б.Y мж аяғы -IY мж басына да байырғы тұрғындардың көршілерімен интенсивті байланыстары немесе ең дұрысы, солтүстік пен оңтүстік-шығыстан мәдениеті өзгеше екі толқынның жергілікті ортаға құйылып қосылуы тән болды. Бірінші толқын Еділ-Жайық бойының энеолиттік хвалын мәдениетіне жататын шебір үлгілес ескерткіштерменкөрсетілген. Бозащы түбегінде, Маңғыстау түбегінің орталық және жағалау бөлігінде тұрақтар мен жекелеген олжалар табылды. Ең әуелі тұрақ Бозащыда, Шебір елді мекенінің маңынан табылды.

Шебір халқы теңіз моллюскаларының қабықтарының жасалған ірі моншақтар мен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ сияқты жаңа әшекейлер туғызды.

Шебір тұрағынан кішкене металл біз табылды. Сонымен, Маңғыстау түбегінің археологиялық кезеңдерге бөлінедегі дәуір ретінде энеолиттің бастауы мұнда шаруашылық жүргізудің жаңа түрі жылжымалы мал шаруашылығының пайда болуына байланысты. Көшіп келген тайпалардың жергілікті неолиттік тұрғындармен неғұрлым белсенді араласуы уақыт өте келеМаңғыстауда қола ғасыры көшпелілерінің жаңа мәдениетінің пайда болуына жеткізді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет