Лекция жинағы Пән: «Қазақстан тарихы»


Тақырыбы: Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы



бет70/81
Дата06.01.2022
өлшемі0,64 Mb.
#12222
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
kazedu 201595

Тақырыбы: Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.


  1. Қазақ диаспорсы

  2. Қазақтардың құрылтайы


Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан ҚытайғаОртталық Азиямемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн. деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан РесейгеҚытайға,Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн. адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қ. д. жартылай этн., мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

Жалпы “қазақ диаспорасы” ұғымы өзінің толық мағынасында көпшілік қауымға тек 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында мәлім болды.
Қауымдастық қазіргі кезде дүние жүзіндегі бар қазақтың басын қосып, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми орынға айналды.
1993 жылы Алматыда қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжан жазған “Қазақтың қысқаша тарихы” [5] деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Бұл еңбек шеттегі қазақтың арасынан шыққан тұңғыш көлемді кітап болатын. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты “Дүниежүзі қазақтарының кітабы” деп қарсы алды. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбегін пайдаланып, оған Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан аздап мәлімет қосып, қазақ халқының тарихын жазуға ниет білдіріпті. Бірақ, бұл мақсат толық орындала қоймады. Өйткені бұл кітаптың ғылыми тұжырымдардан гөрі саяси астары басым.
Мәселен, Қытай Халық Республикасында тұратын І миллионнан астам қазақтар ала бағанның арғы жағында қалғаннан бергі кезеңде өзінше тағдыр,қызғылықты тарих кешіп келеді. Олардың өздеріне тән күрес жолдары, халық кайраткерлері, өзіндік мәдениеті мен әдебиеті қалыптасты.Ал Түркия, Германия, Америка,Норвегия, Англия, Шведция тіпті Австралияға дейін кетіп қалған қазақ жұртының тағдыр талайы өз алдына тарих. Ең тамашасы олар әлі күнге дейін ұлттық белгілерін (қазақтығын) сақтап отыр. Дүние жүзінде диаспорасының тілдік жағдайын зерттеу- қазақ халқы, қазақ тіл білімі үшін ғана емес, әлемдік лингвистика үшін де өте маңызды мәселе. Өзінің ұлттық ортасынан тыс жерде өмір сүріп жатқан этнос өзге тілдік ортада өз тілін қалай сақтап қалды, қалай өзгертті, қалай дамытты деген сауал да мәнді мәселе.Сонымен бірге сырттағы қазақтардың тілін зерттеу - қазақ тілшің дүние жүзіндегі жағрафиялық таралу өзісін белгілейді. Ал бұл тіл біліміне аса қажетті мәлімет. Жер жүзінің әр түрлі елін мекендеген қазақ өз тілімен қатар, сол елдің тілдерін де меңгерді, яғни қос тілді,не кеп тілді. Мұның өзі дүниежүзілік әлеуметтік лигвистика ғылымын қазақ көптілдігі жөніндегі мәліметтермен байытары сөзсіз.Қаймағы бұзылмаған халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша касиеттерін тірілтуге. өткеннің өнегесінен үйренуге де баулитыны анық. Қазақ елінің өзін өзі ұлт ретінде сақтап қалуына мүмкіндік туғызатын әлемдік орта тек қана қазақ жері мен елі. Сондықтан сырттан келіп жатқан қазақтарға мемлекет тұрғысынан заңды көмек керсетілген жөн.
Бүгінгі күні әлемнің қырық елінде тұратын қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бір бөлігін құрап отыр немесе 4,5 млн адам. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады. Олардың белгілі бөлігі тарихи елінен кеңес кезеңіндегі Қазан революциясы, азамат соғысы және күштеп ұжымдастыру, аштық пен бұқаралық репрессияның салдарынан кетуге мәжбүр болған. Таяу шетелдегі қазақтар (ТМД елдерінде) Кеңес одағы тарағаннан кейін диаспора қатарын көбейтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет