Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері



Pdf көрінісі
бет63/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113
3.Стресстің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. 
Мазасыз күй, стресс (ағылш. stress) - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс 
ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған 
адамның ерекше күйі. 
Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның 
анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің 
қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, 
жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады. 
Стресс үш кезеңнен тұрады: 
үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. 
Таңырқау іспетті сезім пайда болады; 
төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. 
Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының 
мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен 
жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық 
еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; 
әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда 
дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. 
Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. 
Стресс - организмнің кез-келген төтенше жағдайға қалыпты және табиғи қорғаныстық 
реакциясы. Бұл жағдайда ағза аман қалуға көмектесетін көп мөлшерде адреналин 
гормонын шығарады. Стресс болатын жағдайлар тіпті адамға жеткілікті түрде қажет. 
Бірақ олар көп жинақтаған кезде, денесі стресске көбірек ұшырайды, содан кейін адам 
стресті жеңуге мүмкіндік береді. 
Стрестің дамуын өз кезінде Селье үшке бөлді. 
1.
Жайсыз хабарға реакция 
2.
Резизтенттілік кезең 
3.
Әлсіреу 
Жайсыз хабарды естігенде тимустың,сөлдің, майлы тіннің көлемінің кішіреюі, асқазан 
мен ішекте жара пайда болуы, қан құрамында эозинофилдердің жоғалып кетуі, бүйрек 
үсті безінің құрамындағы липидгранулуларының жоғалуы көрініс береді. Өте күшті 
стресс алғанда яғни күйікте, жоғары немесе төмен температурада адам ең бірінші кезеңде 
ақ өліп кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет