Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Кәсіби өсуге кедергілер, оларды болдырмау және жеңу жолдары



Pdf көрінісі
бет73/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113
Кәсіби өсуге кедергілер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. 
Кәсіби мұғалім - құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді 
меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған 
маман. Мұғалім, Педагог мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың 
ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып 
табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық 
тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның 
кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, 
оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да 
байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог 
өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға 
(студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды, кәсіби дамуды 
көздейді. 
Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде 
жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың 
әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену 
үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға 
идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның 
талпынысы болып табылады. 
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби 
дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. 
Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның 
үнемі кәсіби дамуы қажет. 
Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық 
сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің 
барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу. 
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу 
басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, 
ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді. 
Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн: 
1.
Жұмыс, еңбек әрекеті – қандай дағдылар қолданылмайды және неге? Түсіндіріңіз. 
2.
Кәсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды 5 балдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге 
қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі. 
3.
Құндылықтар-Сіздің 
құндылығыңыз
топтың 
өзекті 
деп 
санайтын 
құндылықтарымен қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды 
қайтадан қарауға көмектеседі. 
4.
Оқу – өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз. 
Білім берудегі гуманизация да тұлғаның ақыл – ой, эмоциональдық, еріктік және 
адамгершілік әлеуетін байыту, өзін – өзі көрсету, өзін – өзі дамыту шекарасын кеңейту 


және өзіндік қалыптасу үшін ақиқат жағдайлар туғызуды талап етеді. Мұны білім берудің 
гуманистік мақсаты деп санаған философ Э.В. Ильенков еді. Аталған гуманистік мақсат 
әр адамның жеке дамуының адамдық мәдениетінің шегін, танылған және танылмаған, 
жасалған және жасалмаған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамды мәдениеттің 
жаңа деңгейін меңгеруге көшіру, оның әлемге, басқа адамдарға және өзіне деген 
қатынасын өзгерту, өз іс – әрекеттері және оның әкелер жағдайына деген жауапкершілігін 
арттыру – білім беруді гуманизациялаудың басты нәтижесі. 
Ал білім берудің дәстүрлі жағдайында педагог тек педагогикалық әрекетті қатаң 
жүзеге асырушы ретінде болады. Осыдан келіп педагогтың кәсіби дайындығының да 
мақсаты өзгереді. Ол кәсіби білім, іскерлік, дақдылардан басқа (кәсіби құзыреттілік) 
педагогтың жалпы мәдени дамуын, тұлғалық ұстанымдардың қалыптасуын (педагогтың 
педагогикалық іс – әрекетке мотивациялық – бағалы қатынасын) қамтиды. Бұл бірлік - 
қасиеттердің жиынтығы емес, сапалы жаңа білім ретінде көрінеді. Ол педагогтың 
тұлғасының даму деңгейін сипаттайды. 
Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз - бұл «суперроль», «өсу», адамның өмірінің 
бейнесі мен стильін анықтау дейді. Адамның жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда 
іргелі қажеттіліктерінің қаншалықты болуына байланысты: шығармашылық өзін – өзі 
жетілдіру 
қажеттілігі, 
қоршаған 
ортадағы 
референтті 
тұлғалардың 
жекелік 
құндылықтарын түсінуі мен мойындауы, өзін – өзі дамыту және даму қажеттілігі және 
тағы басқа. 
Әр адам тек өз жұмысын орындауы және «тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз 
жұмысы немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде белгілі орын алатындай мақсат 
қоюы тиіс. Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен кәсібі арасында 
қайшылықтар болмайды, болашақта кәсіби іс – әрекетінде құнды қатынастарды күтуге 
болады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік 
байқалады. 
Тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуі кәсіпте өсу үрдісінде (мамандық таңдау, 
кәсіби білім алу, педагогикалық әрекетті жүзеге асыру) қайшылықтарды мақсатқа 
бағытталған шешу жүзеге асқанда ғана шектеулі бірлік болады. 
Кәсіби дамуда педагогтың кәсіби өзіндікдаму мен өзіндік білім алу психологиясы 
ерекше. Әр педагог өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. 
К.Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана 
мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі 
педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін 
қойып отыр. 
Кәсіби өзіндік дамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен 
белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Педагогтың өзін – өзі тәрбиелеудің 
қозғаушы күші мен қайнар көзі – өзін – өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндік 
дамуда өзін – өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие. 
Психологтар дұрыс өзін – өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: 
біріншісі – өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі – өз 
жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік 
бағалауда педагог әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар 
болатынын көрсетті. Қиындықтармен күресу педагогикалық – психологиялық жағдайды 
реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл педагогтарда кездесетін жағдай. 


Егер педагог өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана 
қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да пеадагогикалық 
кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында педагог бейнесін қалыптастыра алуы қажет. 
Егер өзіндік дамуды мақсатқа бағытталған әрекет деп қарасақ, онда оның негізгі 
міндетті бөлігі – өзіндікталдау болуы шарт. Педагогикалық әрекет танымдық психикалық 
үрдістерді дамытуға ерекше талаптар қояды: ойлау, қиял, ес. Әр педагог өз психикалық 
үрдістернің дамуын талдап, реттеп отырса, өзіндік дамуын байқай алады. 
Кәсіби өзіндік дамудың құрамдас бөлігі – педагогтың өзіндік білім алу 
жұмысы. Кәсіби өзіндік білім алудың тиімді жолы – педагогикалық ұжымның 
шығармашылық ізденіс жұмысына қатысу, білім беру мекемесін дамытуда жаңашыл 
жобалар, авторлық курстар мен педагогикалық технологияларды жасақтау. 
Өзіндік дамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші жағынан – тұлғалық даму 
мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан – өзіндік дамумен айналысуға 
қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден 
көруге болады: 
- Мақсат қоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндік мдаму міндеттерін 
қою; 
- Жоспарлау: өзіндік даму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін 
таңдау; 
- Өзіндік бақылау: өзіндік дамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру; 
- Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу. 
Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі іскерліктер мен уақытты 
талап етеді. Сондықтан зерттеушілер кәсіби өзіндікдамудың сатыларын бөліп көрсеткен: 
Бастапқы сатысында кәсіби өзін – өзі тәрбиелеуді меңгерудің мақсаты мен 
міндеттері нақты емес, мазмұны толықтыруды қажетсінеді. Құралдары мен әдістері толық 
анықталмаған. 
Екінші сатысында мақсаты нақтылана бастаған. Алға қойылған мақсат пен міндеттер 
белгілі тұлғалық қасиеттерді керек етеді. Өзіндікталдау жүзеге асады. 
Үшінші сатысында педагог мақсат пен міндеттерді өзбетімен және негізделген түрде 
қояды. Сондықтан өзіндікдаму мазмұны жекеленген сапалардан маңызды және жалпы 
кәсіби мәні бар тұлғаның қасиеттерін қажетсінеді. Жұмысты жоспарлау, құралдарды 
таңдау, өзіндік әрекет жасау жүзеге асады. Өзіндік дамудың барлық негізгі әрекеттері – 
мақсатқоюшылық, жоспарлау, өзіндікбақылау, түзету күштеусіз, автоматты түрде жүзеге 
асады. 
Кәсіби өсу – технологиялық әрекеттің үнемі жүзеге асуы, бағытталудың, 
құзыреттілік және кәсіби қажетті сапалардың баюшылығы, еңбектік қалыптасудың 
тиімділігін арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет