Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция


Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет81/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113
2. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. 
Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, 
эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл 
әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны 
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік 
психологияда социометрия яғни таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты өлшеу) 
әдісін қолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын 
білуге болады.Таңдау әдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана 
қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі. Қойылатын 
сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті және осал болып екіге 
бөлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы - тұрақсыз және ат үсті 
қатынасты көрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір 
еңбек бригадасында болуды қалар едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға 
болады, Ал, «Қалаға саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, өйткені 
ол ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды. Сыналушыға негативті жауап (теріс 
таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен 
бірге дайындалғың келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, 
ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар 
басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Біреулер қарым-
қатынас жасауға шын ниетімен көбірек тартылады, ал екіншілері топтың өзге 
мүшелерімен сирек араласады.
 
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, сынып ұжымында төрт-бес оқушы ғана басқалардан 
айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба білетін адам» адам қашан да 
көпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану 
жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады. 
Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін аямай, олармен риясыз бөлісуге, 
көмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт бейнесі 
факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы өзінің қара күшке ие, мықты 
құрбысын құрметтейді.Топта, ұжымда әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы 
болады, көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден 
онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық қатынастағы 
адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар 
дұрыс қатынас орнату үшін өзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға 
қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласып ӛзіне жүктелген міндетті жақсы 
атқарады. Мысалы, оқушы өзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа 
мектепте оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек көретін, маңайына жуытқысы 
келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда өзгелер оған жоламай, іргесін аулақ 
салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген оқушылардың өзгелермен 
араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған оқушының сабаққа селқостығы, мұндай 
оқушылар сабақты нашар оқиды және сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір 
талаптанбайды. Мұндай балалар сынып оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне 
ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2- ден 


кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан 
болады. Ол оқушылармен өзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді. Кейде 
оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады.Көпшілікке қадірлі, ұжымда 
жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдар да болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас 
психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста ӛзін еркін, 
сенімді ұстайды.
 
Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады. 
1-ші лидер жағдайға байланысты ӛзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта 
музыкалық кеш өткізеді делік. Ол кӛптеген шығармаларды біледі, әр түрлі музыкалық 
аспаптарда ойнайды. Бұл арада өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетеді.Ол осы шараны 
өткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы 
мүшесі болып қала береді. 
Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды өткізуде ұжымның басқа мүшелеріне 
жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін 
болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті 
құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың 
лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де 
бітеді. 
3-ші типі оқушы өзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып 
және топ бастығы т.б. 
Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық 
үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ, ұжым мүшелері 
қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әр 
бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да кӛп адам 
арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе 
ӛзгелеріне ұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас 
тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды. 
«Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші 
бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс 
қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық үйлесімсіздікке кейде адамдардың 
тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады. Шағын топтың ұзақ 
уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да 
«үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, 
арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық қалмайды. 
Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік- 
психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің 
өзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның 
қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда 
ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі кӛңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі 
орындалуына қолайлы әсер етеді. Өзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін 
қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда 
ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. 
Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең 
меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет