Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет86/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113
Байланысты:
Учебно-методические комплексы дисциплин (3)

 
№11 семинар 
Тақырыбы:
Қарым-қатынастың интерактивті жағы.
 
Жоспар:
1.Тұлға және топ ( Әлеуметтік психологиялық әсер)
2.Психологиялық әсер етудің негізгі әдістері:демонстрация, жалған ақпарат, қауесеттің 
таралуы, қорқыту, бұқаралық ақпарат құралдарында айла-шарғы жасау. 
Тұлға
— 
жеке 
адамның 
өзіндік адамгершілік, 
әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам 
мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің 
жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату 
арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі 
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық 
ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені 
адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз 
бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен 
айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды 
тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола 
бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі 
істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға 
дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын 
жоғары ұстауынан байқалады. 
Тұлғааралық қатынас
- этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық 
дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас 
әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. 
Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-
азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері 
болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың 
бір түрі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет