Жалпы халыққа бағытталған үгіт-насихат жұмыстарының басым көпшілігінде
дамуында кемістігі бар мектеп жасындағы балаларға немесе ақылы жетілмегендерге
арналған дәлелдер, кейіпкерлер, сөздер мен интонациялар қолданылады.
Тыңдаушыны қаншалықты жаңылыстырғысы келсе, сөйлегенде соншалықты көп
инфантильді тіркестерді қолдануға тырысады. Неге? Адамға 12 жастағы бала, тіпті жасы
одан да кіші ретінде қарасаң, оның жауабы мен әрекетінде 12 жастағы балаға тән қасиет –
мәселеге сыни көзқарастың болмауы – таңқалдырмайды.
6. Ойланудан гөрі, сезімге баса назар аудару
Адамдардың рационалды ойлану қабілетін, болып жатқанды сана сарабынан өткізу
қабілетін жоюға бағытталған классикалық әдіс – сезімге әсер ету. Сонымен қатар сезім
факторын қолдану адамның санасына есік ашып береді. Ол дегеніміз – санаға «қажетті»
ойларды, тілектерді, үрей мен қауіпті, тұрақты әрекеттер моделін сіңіру.
7. Дарынсыздықты насихаттап, халықты надандықтан шығармау
Халықты өздерін басқару мен еркіне бағындыру үшін қолданылатын әдістер мен
тәсілдерді түсінбейтін жағдайға жеткізу. «Қоғамның төмен сатыларына берілетін білім
сапасы сол төмен сатыдан шығармайтын деңгейде болу керек»
Достарыңызбен бөлісу: