2 апта: Сана-психика дамуының жоғарғы сатысы 1.Психика туралы жалпы ұғым. Ми және психика. 2. Психиканың филогенезде дамуының негізгі сатылары. 3. Сана психика дамуының жоғарғы формасы ретінде. Сананың құрылымы мен мазмұны. Сананың негізгі қызметтері. Сана күйлері. 4. Сана және бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер. Адамның даму тарихы сапалықжаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады.Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі – адамның санасы пайда болады.
Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.
Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады.Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек.Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап,еңбек үрдісінде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді,оның миы және сезім органдары,психикалық сапалары,қабілеттері қалыптасты.
Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді.Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу.Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет,Сана,Жеке тұлға» атты еңбегінде берген болатынды.
Сана –психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болды.Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады:осы белгілердің ішінде біріншісі – адамның саналы қызметі,биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес.Кей жағдайда адамдардың саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе оларды басып тастайды.РЕКЛАМА Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі –жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы білім мен ептілігі, бұл қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады.Демек,адамдардың меңгерген білімдері,ептіліктері,мінез-құлық тәсілдері оның өз тәжірибесінің нәтижесі емес, ұрпақтардың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.
Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай,сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды.Еңбек құралдарын жасау алғашқы қауымдағы адамның іс-әрекетін түбірімен өзгертті.
Адам мен жануарлар психикасының арасында ерекше айырмашылықтар бар.Жануарлардың «тілі» мен адамдардың тілін ешқандай салыстыруға келмейді.Жануарларда тіл,сөз болмайды, олар бір-біріне сигнал, бере алады, оның барлығы интеллектілік түрде іске асады.Адам баласы тілдің көмегімен басқа адамдармен ақпарат алмасып отырады,өйткені,бүгіні және болашағы туралы бір-бірімен пікір алысады, қарым-қатынас жасайды.Әрбір жеке адам тілдің арқасында қоғамның ғасырлар бойы жинақталған әлеуметтік тәжірибесін пайдалан алады және кейінгі өскелең ұрпаққа жеткізеді.
Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылығы адамдарда ойлау үрдісінің болатындығы, абстрактілі ойлаудың дамығандығы болып табылады.Жануарларда бірінші сиганл жүйесі болады да екінші сигнал жүйесі болмайды, адамдарда 1-11 сигнал жүйелері болатындығы адамды жануарлардан ерекшелейді.
Сана – психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі.Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай.Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.
Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес,қиял және ойлауды жатқызуға болады.
Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән.Жануарларда сана болмайды.Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды.Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді,атап айтқанда ,түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар,ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б.
Адам психикасы мен жоғары сатыдағы жануарлардың психикасының арасында ерекше айырмашылық бар.Құралдардың көмегімен адам өзінің органдарын күшейтті.Қолмен жұмыс істей отырып, адам ой-өрісін дамытты.Қол бірте-бірте ыңғайға көніп,ептілікпен түрлі іс-әрекеттерді орындай бастады.Адам көзі мен қолы дами отырып, өнердің ғажайып тамаша құндылықтарын жасауға үйренді.Мәселен,ондай құндылықтарға әлемдік өнер өкілдерінің Леонарда да Винчи,Рафаэль,Репин,Суриков,Қастеев және т.б.тамаша туындыларын жатқызуға болады.
Мыңдаған жылдарғы еңбек біздің есту органымыз –құлақты жетілдірудің нәтижесінде нәзік айыра білумен қатар, адам баласына музыканың ұлы қайраткерлері Бетховен,Чайковский, Құрманғазы және көптеген ұлы музыканттар мұраларын жасауға көмектесті.
Адамның еңбек іс-әрекетінің негізгі ерекшеліктеріне: 1)еңбек құралдарын пайдалану және жасау,2) еңбектің қоғамдық немесе бірлескен,ұжымдық сипаты.Адам еңбек құралдарын пайдалана отырып,сол арқылы қандай заттарды табуға және пайдалануға болатындығын саналы түсінеді.Еңбек құралдарын жасау мен пайдалануды саналы түсіну белгілі еңбек заттарын өндіру және шығаруға қатысты.
Еңбек үрдісі жекелеген еңбек әрекеттерінен тұрады,ол адамдардан ұжымдық ынтымақтастықты қажет етеді.Бұл ұжымдық еңбек, егер ұжымның әрбір мүшесі еңбектің жалпы мақсатын түсінген жағдайда еңбектің нәтижесін көреді.Демек,адам іс-ірекеті ұжымдық еңбек іс-ірекеті жағдайында саналы сипатқа ие болады.
Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан-жақты білуге көмектеседі.Осы заңдарды білуге сүйене отырып,адам қоршаған ортаға қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімделеді.Демек,сана- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.
Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болады. Тіл- адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды.
Тіл мен сөйлеу еңбек үрдісінде, адамның одан әрі миын дамыту және санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды.Адам миы мен адам санасының одан әрі қалыптасуы тарихи өзгерістерге ұшыраған өмір жағдайларының әсерінен болды.Адамның кез-келген еңбегінің қоғамдық-тарихи мәні бар, сана оның жемісі ретінде қоғамдық-тарихи сана болып табылады.
Адамзат қоғамының тарихы көрсеткендей, сана,ой,сезім әртүрлі кезеңде әртүрлі сипатқа ие болды.