Лекция жоспары (1 сағат) Қонақ үй кәсіпорнының басты қызметі. Қонақ үй шаруашылығының негізгі түсініктері


Қонақ үй шаруашылығының негізгі түсініктері



бет3/4
Дата04.04.2022
өлшемі20,81 Kb.
#29833
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
1-тақырып. Кіріспе. Мейрамхана мен қонақ үй қызметі.

Қонақ үй шаруашылығының негізгі түсініктері.

Қонақжайлылық жүйесінің мәнін құрайтын қонақ үй шаруашылығы туризм аясында маңызды орын алады. Оның негізінде кез-келген қоғамдық құрылысқа тән көне дәстүрлер жатыр, ол – «қонақжайлылық» түсінігінің мәнін білдіретін қонақты сыйлау, оны қарсы алу мен оның құрметіне мерекелер ұйымдастыру. Арнайы әдебиеттерде «туризм индустриясы» түсінігімен салыстырғанда «қонақжайлық индустриясы» түсінігі жиі кездеседі. Қонақжайлық индустриясы америкалық дәстүрге сәйкес орналастыру, қоғамдық тамақтандыру, көлік және мәдени-ойын-сауық кәсіпорынын қамтиды. Тап осы АҚШ-та, кәсіби мамандардың айтуынша, қонақжайлық индустриясының қалыптасуы мен даму үрдісі байқалады.

Транзитті туристер есебінен тіршілік ететін туристік орталықтар мен жерлер әлемде аз емес, дегенмен, туристік өнім тауарлы құрама жағына қарай бет бұруы тиіс. Туристік ағымдар қонақ үй секторының көлемі мен ұсынылатын бөлімдердің сапасынан байланысты.

Орналастыру құралдары жалпылама алғанда ғимарат, үйді білдіреді. Ол туризм индустриясының алтын қоры. Мемлекет негізгі құралдардың толуы мен қолданылуын мұқият қадағалайды, есепке алынатын төсек-орын санын бақылайды, қазынаға айтарлықтай салық жинайды.

Орналастыру кәсіпорындарының қызметін сипаттайтын келесі көрсеткіштерді ажыратады:

- нөмірлердің (орындардың) саны;

- кластылығы (категориялығы);

- толығу коэффициенті;

- қызметтер жиынтығы;

- қызметтер құны.

Нөмірлердің (орындардың) саны – туристерді қабылдау үшін туристік орталық немесе аймақтың әлеуетін бағалауда қолданатын негізгі көрсеткіш.

Жалпы, орналастыру құралдарының категориясы мысалға, қонақ үйде көрсетілетін қызметтер жиынтығы мен сәйкес туристік инфрақұрылымның даму деңгейін білдіреді. Қонақ үйлер мен басқа орналастыру құралдарының категориялығы әр елде әртүрлі белгіленеді - Франция мен Қазақстанда жұлдыздардан Ұлыбританиядағы тәжге (корона) дейін. Қонақ үйлердің барлығына бірдей халықаралық жіктелуін енгізу жолдары ешбір нәтиже бермеді.

Нөмірлік қордың толығу интенсивтілігі, өз кезегімен, жергілікті әкімшілік пен туризмді ұйымдастырушылардың қызмет тиімділігін анықтайды.

Кез-келген категориялы қонақ үйлер алдына келесідей талаптар қойылады: ғимараттың ыңғайлы келіп тоқтау жолдары, жарығы жақсы ғимарат алды алаңы, авто көлікті қысқа мерзімді орнықтыру мен маневрлауға арналған қатты қабатты алаңы, қажетті анықтамалық-ақпараттық сілтемелері, телефон байланысы, суық және ыстық сумен жабдықтауы болуы тиіс.

Қонақ үйлердің алдын-ала жіктелуі, көп елдерде, қонақ үй қызметіне лицензия алу үшін қажетті жағдай болып келеді. Көптеген қонақ үй тізбегі ұлттық стандарттарға қарағанда жоғары талаптар қоятындығын атап кету керек.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет