S - жердің ұсыныс қисығы; D - жерге сұраныс қисығы;E - жер рентасының деңгейі, ол жер сұранысын және ұсынысын теңестіруші болып табылады;R – рента;Q – жер көлемі.
Q
R
D
S
E
Жер рентасы– бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде анықталады. Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастырылады. Жерді қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға болады:
Абсолютті жер рентасы– бұл жердің құнарлылығы мен басқа да ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық жерлерден алынатын рентаның бір түрі.
Ерекшеленген жер рентасы– бұл құнарлылығы жоғары,
нарыққа жақын аумақтарда орналасқан және өндіріс шығындары төмен болатын жалға берілетін жерлерден алынатын рентаның бір түрі. Жалгерлер осындай жерлерден үстеме пайда алып отырады. Ерекшеленген жер рентасының өзі екіге бөлінеді:
1) Бірінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – жердің табиғи құнарлылығына байланысты және оны экстенсивті жолмен игеру әдістері арқылы алынатын төлем;
2) Екінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы– бұл жердің құнарлылығын жасанды түрде игеру және оның сапасын арттыру арқылы интенсивті жолмен игеру әдістері бойынша алынатын төлем. Бұл жерде тыңайтқыштар, жаңа құрал-жабдықтар, жоғары сұрыпты тұқымдар, биотехнологияның дамыған әдістері қолданылады.
Кейбір жерлерге жеке меншік болғандықтан, олар тауар ретінде сатыла алады. Жер сатылатын жағдайда оның бағасын анықтауға тура келеді. Жердің бағасы жер рентасына және банктің пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады және ол рентаның пайызға қатынасы ретінде анықталады: