Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша-қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы.
Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды: