АҚ–ның декарбоксилазалары– екікомпонентті, Ко – пиридоксальфосфат (В6 вит. + Н3РО4).
Бұл ферменттер
бактериялар үшін;
инфекциялық аурулар мен шіру үрдісінде маңызы зор;
АҚ-ның аралық алмасуына қатысады.
АҚ-ның декарбоксилдену реак-цияларын (қайтымсыз) катализдейді, реакция өнімі – биогенді аминдер (серотонин, гистамин, ГАМҚ).
Триптофанның декарбоксилденуі нәтижесінде серотонин түзіледі:
Триптофан 5-гидрокситриптофан
серотонин СО2 Гистидиннен гистамин түзіледі:
Гистидин гистамин
СО2 Глутамин қышқылынан -амино май қышқылы (ГАМҚ) түзіледі:
Глутамин қ. ГАМҚ
СО2 Аспарагин қышқылы декарбоксилденгенде -аланин түзіледі:
Аспарагин қышқылы -аланин СО2 2 тобы. Карбангидраза. Екікомпонентті, Ко-ң құрамында Zn 2+ бар. Көмір қышқылының түзілу және ыдырау (су мен көмір қышқыл газына дейін) реакциясын катализдейді:
Н2О + СО2 Н2СО3 Негізінен эритроциттерде кездеседі, СО2 тіндерден өкпеге тасымалдауға қатысады. Бұл реакцияның бағыты СО2 концентрациясына тәуелді. 1 л қанда 2 г жуық фермент бар.
Трансферазалар
– атом немесе атом топтарын бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын катализдейтін ферменттер класы.
Көбі екікомпонентті, жасушалық ферменттер, тасымалдайтын топтарының ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлінеді. 4 тобын қарастырамыз:
метилтрансферазалар,
ацилтрансферазалар,
аминотрансферазалар,
фосфотрансферазалар.
Метилтрансферазалар
Метилтрансферазалар организмде бір атомды көміртек қалдықтарын (метил, метилен, метин, оксиметил, формил және т.б. топтарын) бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын тездетеді. Метилтрансферазалар нуклеин қышқылдары мен белок синтезіне, кейбір АҚ-ның алмасуына қатысады.
Екікомпонентті, Ко – тетрагидрофоль қышқылы (ТГФҚ), құрамында Вс витамині бар.
Жасушаларда фоль қышқылы (Вс витамині) НАДФН2 тәуелді фермент пен С витаминінің қатысуымен, тотықсызданып, тетрагидрофоль қышқылына (ТГФҚ) айналады.
ТГФҚ-ң құрылысы күрделі, 3 бөліктен тұрады:
птеридин сақинасы;
парааминобензой қышқылы;
глутамин қышқылы.
Егер реакция барысында метил (-СН3) тобы тасымалданса, метилдену реакциясы деп аталады. –СН3 доноры - S-аденозилметионин (SAM): Метилдену реакцияларының
этаноламиннен холиннің,
норадреналиннен адреналиннің,
гуанидинсірке қышқылынан креатиннің,
урацилден тиминнің, т.б. түзілуінде маңызы зор.
Мысалы:
ТГФҚ
Этаноламин + 3 Метионин
Холин + 3 Гомоцистеин
ТГФҚ
норадреналин + метионин адреналин + гомоцистеин
НО СН – ОН НО СН – ОН
ТГФҚ
СН2 – NH2 СН2 – NH – СН3
НО НО
норадреналин адреналин