Аланинаминотрансфераза (АлАТ) аланин мен α-кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен пирожүзім қышқылы түзіледі:
аланин + α-КГ глутамин қ. + ПЖҚ
2. Аспартатаминотрансфераза (АсАТ) аспарагин қышқылы мен α –кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен қымыздықсірке қышқылы түзіледі:
аспарагин қ. + α-КГ глу. + ҚСҚ
аспартат α-КГ
Глутамат ҚСҚ
Фосфотрансферазалар (киназалар)
– фосфор қышқылының қалдығын бір қосылыстан екінші бір қосылысқа тасымалдау реакциясын катализдейтін ферменттер тобы.
Олар:
көпшілігінің төртіншілік құрылымы бар (бірнеше суббірліктен тұрады);
аллостерикалық орталығы бар (зат алмасуда лимиттеуші роль атқарады);
aктивтенуі үшін магний ионы (Mg2+) қажет.
Белгілі бір затқа фосфор қышқылын қосу фосфорлану деп аталады. Бұл реакцияларда субстраттың құрылымы өзгеріп, ол активтенеді де, реакцияға түсуге қабілеттілігі артады, сондықтан фосфотрансферазаларды киназалар деп те атайды. Ферментті атағанда субстраттың атына киназа жалғанады.
Фосфор қышқылының қалдығы макроэргиялық байланысты () сақтап тасымалданса, реакция – қайтымды; байланыс сақталмаса – қайтымсыз.
Киназалар катализдейтін реакцияларда фосфор қышқылының доноры: