Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі.
Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы.
Саяси шиеленістерді шешу түрлері мен жолдары.
Этносаяси шиеленістер. Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі.
Шиеленiс дегенiмiз әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң, пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас.
Шиеленiс дегенiмiз әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң, пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас.
Шиеленіс дегеніміз бұл мүдделер мен құндылықтардың сəйкес келмеуі немесе қорлардың жетіспеушілігі негізінде екі немесе одан да көп тұлғалар, топтар арасында орын алатын күшке сүйеніп əсер ету.
Саяси шиеленiс дегеніміз саяси субьектiлердiң саяси қызығушылықтары, құндылықтары, мақсаты мен көзқарастарын қарама-қайшылықтарына негiзделген қақтығыстар мен күресулер.
Саяси шиеленiс дегеніміз саяси субьектiлердiң саяси қызығушылықтары, құндылықтары, мақсаты мен көзқарастарын қарама-қайшылықтарына негiзделген қақтығыстар мен күресулер.
Саяси шиеленiс ұғымы бiр субьектiлердiң екiншiсiмен саяси қатынас жүйесiне ықпал ету мақсатындағы күресiн бiлдiредi.
Саяси шиеленiс әлеуметтiк шиеленiстен ерекшелiгi, ол барлық азаматтар үшiн мiндеттi, мүдделер мен мемлекеттiк билiк субьектiлерi арасындағы өзара әрекет.
Саяси шиеленiстердiң обьектiсi мен пәнi саяси және мемлекеттiк билiк, оны иелену, билiк институттарының құрылымы, әлеуметтiк топтардың саяси статусы, саяси құндылықтар мен рәмiздер болып табылады.
Р. Дарендорф «қоғамның шиеленiстiк моделi» теориясын жасады. «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленiстер» атты еңбегiнде билiктi бөлуге байланысты адамдар арасында теңсiздiк пайда болады, олар шиеленiске әкелiп, қоғамның құрылымын өзгертедi деп жазды. Қоғамға қажетті өзгерiстердi шиеленiстер өздерi-ақ жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкерiске жол бермеу керек деп есептедi. Сонымен бiрге жаншылған шиеленiстер қоғам организмiндегi қатерлi iсiкке айналады деп санады.

К. Боулдингтiң «шиеленiстiң жалпы теориясы» концепциясы «Шиеленiс және қорғау. Жалпы теория» деген кiтабында қалыптасқан. Оның пiкiрi бойынша шиеленiссіз қоғам болмайды. Әлеуметтiк шиеленiстiң мәнi адамның қалыпты реакциясына байланысты. Қандай кикiлжiң болмасын тiтiркендiргiштер, қоздырғыштардың әрекеттерi арқылы реакцияларды, құндылық-тарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның нәтижесiнде қоғамдық құрылыс түбiрiмен өзгерiске түседi деп санаған. Сонымен бiрге, К.Боулдинг шиеленiстiң алдын-алу керек немесе шектеп отыру керек деп есептеген.
Саяси шиеленiстерге ерекше көп көңiл бөлген марксизм. К. Маркс пен Ф. Энгельс «Коммунистiк партияның манифесi» атты еңбектерiнде тап күресi таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы деп жазады.
Саяси шиеленiстерге ерекше көп көңiл бөлген марксизм. К. Маркс пен Ф. Энгельс «Коммунистiк партияның манифесi» атты еңбектерiнде тап күресi таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы деп жазады.
Л. Козер шиеленiстерге құндылықтар, мәртебе, билiк, қаржы-қаражат үшiн күрестердi жатқызды.
Л. Козер концепциясының мәнi – қоғамға әлеуметтiк теңсiздiк, мәңгiлiк психологиялық қанағаттанбаушылық тән, сондықтан индивид пен топтар арасында қайшылық, сезiмдiк – көңiл-күйдiң тұрақсыздығы тән, бұл олардың қарым-қатынасын бұзылады.
Л. Козер әлеуметтiк шиеленiске белгiлi әлеуметтiк пен индивид сезiмдерiнiң қайшылығын жатқызады.
Шиеленiс шығуының себептерi:
1. Адамдардың қоғамдағы мәртебесi, қызметi, билiкке қатынасының теңсiздiгi.
2. Қоғамдағы адамдардың сұраныстарының, мұқтаждықтарының, мүдделерiнiң өтелмеуi немесе қанағаттандырылмауы.
3. Қоғамда әр түрлi әлеуметтiк, этникалық, дiни т.б. бiрлестiктерге жататын адамдардың өмiр сүруi.
4. Адам санасына байланысты. Қоғамда қалыптасқан құндылықтар мен жеке адамның түсiнiктерiнiң сай келмеуi, адамдар үмiтiнiң ақталмауы, iшкi сезiмдерiнiң сай келмеуi.