Лекция жүрек-қан тамырлар жүйесінің механизмдері



бет1/2
Дата01.10.2024
өлшемі44,5 Kb.
#146314
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
6 Лекция Жүрек-қан тамырлар жүйесінің механизмдері.


6 ЛЕКЦИЯ
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің механизмдері
Жүрек – қан ьапмырлар жүйесінің физиологиялық миханизімін айтпас бұрын сүтқоректілердің жүрек-қан тамырларының эволюциялық дамуына тоқталып өткен жөн. Себебі жеке мүшелер мен оның бөліктерінің аралық байланыстары біртұтас комплекс түрінде және бұл жүйе тек ағзада қанды ағызушы жүйе ғана емес, қоректік заттарды клетка ұлпаларға тасымалдап, ыдырау кезіндегі пайда болған зиянды заттарды сыртқа бөліп шығару қызметін де атқарады.
Сондықтанда осы жүйенің эволюциялық даму жолы бір жасушалардың протоплазмасындағы қозғалысынан, ұлпалар мен жасушадағы арнаулы сұйықтықтан бастап, қан және лимфа тасымалдау жүйесі тамырлардың жиырылып қызмет атқарушы ерекше мүше – жүрек, өздігінен қозғалып, босаңсып іске асырушы ерекше ет жүйесінен тұратындығын көруге болады.
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің эволюциялық дамуын тыныс алу жүйесінің дамуы барысында омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың осы екі жүйесінде атқаратын қызметінде өте тығыз байланыста болатындығын байқаймыз.
Үлкен және кіші қанайналу және төрт камералы жүрегі сүтөоректілердің жоғарғы даму сатысына дамып жетілгенін көрсетеді. Зат алмасуы, оттегімен тыныс алуы (сыртқы орта температурасына тәуелсіздігі т.б.)
Осы айтылған эволюциялық өзара өарым-қатынасы эмбрионалды даму барысында байқалады. Әсіресе адамның жатырда жетілуінде ұрықтың даму кезеңдері клеткадан балыққа, амфибияға дейін жүреді. Онтогенез филогенездің кезеңдерін қысқаша қайталайды деген заңдылыққа бағынады.


Жүрек – қан тамырлар жүйесінің құрылымы мен қызметінің бірлігі.
Кез-келген функционалдық жүйелердің эволюциялық дамуындағы жүйе түзуші фактордың бірі, құрылымы мен қызметіндегі біртұтастық принцип болып табылады. Функция арқылы құрылым анықталады, бірақ ол бір түрлі қатып қалған процесс емес, реттеуші жүйе, дамып, өзгеріп, жетіліп отыратын процесс.
Сонымен, жүрек-қантамырлар жүйесінің маңызды қызметі – тасымалдау қызметі. Демек, оның екінші атқарушы шарты бар, ол тасымалдаушы жүйесі, ағатын жолы бар деген сөз. Сөйтіп, шеткі қан тамырларының болуы, осы принциптің басты шарты болады. Одан әрі қарай сұйықтың ағысын бағыттаушы, тәртәпке келтіруші шарт болуы тиіс. Тек қана қан ағысының ағысы оның қызметін орындауды қамтамассыз етеді.
Ал осы жағдайдың орын алуы сұйықтардың түтікше бойымен ағысын анықтаушы физикалық заңдылықтарға бағынады. Ол заңдылық бойынша сұйықтың қысымы жоғары жерден қысымы аз жағына ағады. Осындай гидродинамиканың заңы жер бетінде тіршілік пайда болғаннан бері «жұмыс» істеп еле жатыр. Ал түтікшедегі сұйықтыққа әсер етуші кедергі қанның тұтқырлығы қысым айырмашылығына байланысты емес. Сондықтанда арнаулы «мемраналық сорғыш» мүше жүрек керек болады. Осы мүше қан ағысындағы түтіктегі кедергіні азайтып отырады.
Сонымен, жүректің басты қызметі – қанды қан тамырларының бойымен белгілі ырғақпен ағызып отыру. Қан аққанда, қан тамырдағы кедергілерді жеңіп отырушы миокардтың рөлі зор. Адам денесіндегі қан тамырларының жалпы ұзындығы бірнеше километрге жетеді, ал қан тамырларының тесігі 8-10 мк-нан аспайды.
Жүрек жұмысының қабілетін және қасиетін осыдан аңғаруға болады. Басқа еттер тәрізді, жүрек еті де өзіне тән ерекшелігімен белгілі: қозғыштығы, жиырылғыштығы және өткізгіштігі.
Бәрімізге белгілі, жүректің жиырылуы белгілі ырғақпен жүреді. Жиырылу циклінің ұзақтығы тигізген физикалық жүктемеге және адамның психоэмоциялы күйіне де байланысты. Осылардың ішіндегі ең бір таңғаларлық қасиеттерінің бірі – қозу аймағында пайда болған қозудың автоматты іске асырылуы. Синоатриалды аймаққа пайда болған алғашқы қозу, ырғақты белгілі бағытта айдаушы болып есептеледі. Осы аймақта орналасқан жасушалардың топтары белгілі бір ырғақпен әрекет потенциалды жинақтап, күшейтіп, көрші клеткаларға таратып, қозуды жүрек етінің барлық массасының жиырылуына ісер етеді. Бірінші ошақта пайда болған электрлік қозудың өздігінен, жүрек етін бөлектеп алып тәжірибе жасау арқылы дәлелденген.
Синоатриалды түйін, автоматты түрде негізгі ритмді бағдарлаушы болғандықтан, ол қозуды одан әрі атриовенотрикулярлы түйіннен, Гисса шоғына жіберіп, жүрекше мен қарынша жүрек еттерінің белгілі ретпен жиырылуына мәжбүр етеді.
Миокардтағы қозуды тудыратын автоматты миханизм мен қатар жүрек жұмысының қызметін реттеуші ОНЖ орналасқан арнаулы реттеуші орталық бар, ол сопақша мида орналасқан. Клетка топтары мен талшықтар жүректің ырғақты қызметін атқарушыларды реттеудің бірінші контуры деп аталса, ал ОНЖ орналасқан арнаулы реттеуші орталық бар, ол сопақша мида орналасқан. Клетка топтары мен талшықтар жүректің ырғақты қызметін атқарушыларды реттеудің бірінші контуры деп атайды. Сонымен қатар, екінші реттеуші контурға сопақша мидың клеткаларымен қоса, жүрек жұмысын реттеудің ең жоғарғы бөлігі бас миының қыртысы да жатады.
Бәрімізге белгілі, адамның психо-эмоционалды күйі жоғарыласа, жүректің соғуы жиілеп, жиырылуы күшейеді, ал кейбір экстремалды жағдайларда жүрек жұмысының бұзылып, қозуды тежеп, оның толық тоқтауына дейін әкелуі мүмкін.
Вегетативтік жүйке жүйесі, оның ішінде симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері басқа мүшелермен қатар жүректің де қызметін реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі екі нейронды құрылым. Бірінші нейронды парасимпатикалық бөлігі дейміз, ол сопақша мида орналасса, өсіндісі (аксон) жүректің интрамуралды түйіндерінде аяқталады. Осы ганглияларда орналасқан екінші нейрон және атриовентрикулярлы түйінге дейін барады.Ал жүрек қарыншасы – кезеген жүйке реттелмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет