Лекция жүрек-қан тамырлар жүйесінің механизмдері


Қан тамырларының тонусын реттеу



бет2/2
Дата01.10.2024
өлшемі44,5 Kb.
#146314
түріЛекция
1   2
Байланысты:
6 Лекция Жүрек-қан тамырлар жүйесінің механизмдері.

Қан тамырларының тонусын реттеу.
Жүректің жұмысы мен оың реттелуі жайлы айтқанда, қан тамырларының да тонусын реттеу механизмдерін ажырата білу керек, себебі жүректің қанды ағызудағы басты жұмысы, қан тамырлары арқылы іске асырылады.
Айтып өткеніміздей, түтікшемен сұйық заттың ағысы екі күш арқылы анықталады: қысым, нақтырақ айтатын болсақ, түтікшенің басындағы және аяғындағы, оның қабырғаларындағы кедергі, әртүрлі сұйықтың иірімді қозғалысы мен оның тұтқырлығы.
Қысым айырмашылығының оның кедергісіне қатынасын,түтікше бойымен белгілі уақытта ағып өткен сұйықтың көлемімен анықтайды.
Қан тамырларының кеңеюі мен тарылуы рефлекторлы түрде өзгеру прессорецепторлар арқылы ғана болып қоймай, аортаның жоғарғы жағында орналасқан хеморецепторлардың қозуынан да болады. Ондай аймақтар каротидті денеде, гипоталамогипофиз жүйесінде де кездеседі. Бұл рецепторлар СО22, цианид, никотин және басқа да химиялық заттардың концентрацияларының өзгеруіне сондай сезімталдық білдіреді.
Басы биохимиялық медиаторлар-адреналин, ацетилхолин, вазопрессин, ренин, гистамин, т.б.вазодилятациялық қасиеттерімен белгілі. Мысалы, сератонин, ол қан ұю кезінде және қан пластинкасы ыдыраған кезде пайда болып, ұан тамырларын белсенді қысып, қанның, әсіресе шеткі қан тамырларының ағуына кедергі келтіреді.
Қанның көп мөлшері, қан тамырлары оның капиляр торында болады. Осыған байланысты капилярлар тонусын реттеу механизмі қандай тепе-теңдік күйде болуы керек.
1871 жылы В.Ф.Овсяников көрсеткендей, орталық сопақша мида қан тамырын қозғаушы екі бөлімнен тұрады деген. Прессорлы (қысушы), депрессорлы (кеңейтуші), Прессорлы жүйкеден шыққан импульс симпатикалық жүйкенің клеткаларына жетіп нейрондар арқылы бірден қан тамырларымен түйісіп, сигнал эффекторлы талшықтар бойымен келіпқан тамырын кішірейтеді, қысады. Сол кезде артерия қысымы жоғарылайды.
Депрессорлық механизіміне келетін болсақ, өысым көтерілген сайын ұзақтығына қарай импульс жиілігі жоғарылап, қан тамырларын реттейтін орталыққа келіп, оның тонусын рефлекторлы түрде төмендетіп, өз кезегінде ет талшықтарын босаңсытып, қан тамырларын кеңейтіп артериядағ қан қысымын төмендетеді. Бұл механизмін депрессорлық рефлекс деп те атайды.
Жоғары жүйке қызметі және оның психикасы да қан тамыр, жүрек жұмысына әсер етеді. Мысалы, стресс жағдайда, көбінесе спортшылар жарыс алдында қан тамырларындағы қысымды жоғарылатады. Бірақ алдын-ала жаттығулардың нәтижесінде рефлекторлық реакциялар бейімделініп, қалыптасып, ағзаның адекватты реакциясын қалыптастырып, әсіресе стресс және кез келген эндогендік факторларға төзімділік көрсетеді.
Гормоналдық реттеу механизімі де адам ағзасының әртүрлі факторларға бейімделу механизімін реттейді. Мысалы, ацетилхолин парасимпатикалық жүйке талшықтарының ұшында және әртүрлі вазодилятаторлар ацетилхолин майда артериялар мен атрериолдарда кеңейіп отырады. Бірақ оның әсері белгілі бір телімде, ацетилхолинэстераза ферментінің әсерінен тез ыдырайды. Ал акивті зат – гистаминге келер болсақ, ол асқазан және ішек ұабырғасында, теріде қаңқа еттерінде түзіледі.
Гормон адреналин бүйрек безіндегі және вазопрессин гипоталамустың алдыңғы бөлігінен бөлінетін қан тамырларын қысып қысымын көтереді.
Ренин –белсенді түрде қан тамырын жиырушы. Ол бүйректегі юкастагломедулалы комплексте орналасқан. Қанға еніп, плазма глобулиннің бірі активті гипертензиногенге айналдырып гипертензия түзеді. Осының нәтижесінде оның әсерінен бүйректен артерия қан қысымы жоғарылап кетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет