Лекция кешені тақырып 1 Психологиялық диагностика заң тәжірибесінде психологтің функциясы ретінде



бет7/38
Дата07.01.2022
өлшемі390 Kb.
#19194
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Математикалық-статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.

Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)

Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.

Тест деп психодиагностикалық стандартталған зерттелетін қасиеттің сандық спалық даму көрсеткішін алатын әдістеме.

Тестердің түрлері:

Интелектуалды тестер – ойлауды дамуын бағалауға арналған тестер.Оған қабылдау, зейін, қиял, ес, сөйлеуді зерттеу тестері жатады.

Тұлғалық тестер – психологиялық-гностикалық адамның тұрақты дара ерекшеліктерімен байлаысты. Бұған темперамент, мінез, мотивация, эмоция, қабілет тестері жатады. Тестердің арасында жан-жақты тестер де бар. Оған Кэттел, ММРІ тестері жатады.

Тұлғааралық тестер - әртүрлі топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттейді.

Практикалық тестер тапсырмаларында жаттығулар, есептер бар.

Образды тапсырмалар – суреттермен, схемамен, жаттығулар жасалынады.

Вербалды тестер – тапсырмалар сөздермен беріледі. Мысалы ұғымдарды анықтау.

Бланктік тестер – тест материалдары, сурет, схема, таблицалар бланктік түрде беріледі.

Аппаратуралы тестер – бұл тестерде әртүрлі аппаратуралар қолданылады, Мысалы: электронды есептеу машиналары.

Процессуалды тестер – мінез-құлық процестері зерттелінеді. Оның нәтижесінде нақты сапалы және сандық мінездемелер беріледі.

Жетістікке жету тестері – адамның жетістікке жетуі зерттелінеді.

1) Проективті тестер – суреттерді, аяқталмаған сөйлемдерді, дақтарды қалай қабылдайды және талдайды, сол арқылы қорытынды жасалынады. Бұл топқа Роршах тесті,Тат тестілері жатады.

Тестерге ерекше талаптар қойылады:

1. Тестің әлеуметтік-мәдени бейімділігі. Тест міндетті түрде бейімделуі қажет. Кейбір тестер басқа елден келгендіктен оны аудару сөзбе-сөз емес, мағынасына қарай аударылып, бейімделуі керек.

2. Тестің қарапайымдылығы және бірмәнділігі.

3. Тестің тапсырмалары 1,5-2 сағат ішінде орындалуы керек.

4. Тестің нормасының болуы.

Тестілеу ережелері:

1) Тесті қолданбас үшін өзіңе немесе басқа адамдарға өткізу керек.

2) Нұсқауды түсіндіру.

3) Тестілеу кезінде адам жеке жұмыс істеп, маңайындағыларға әсер етпеуі керек.

4) Әрбір тестің нәтижесінің интерпретациясы болу керек.

Тестілеуді өткізбес бұрын дайындық жасалады. Зерттелінушіге нұсқауды түсіндіріп, тестілеудің мақсаты қандай, қандай нәтиже беру керек, және олар қалай өмірде қолданылады

Анкета дегеніміз – мотивтер, бағалаулар, ойлар туралы сұрақтар жиынтығы.

Анкета ереже бойынша үш бөлімнен тұрады.

1) Кіріспе.

2) Негізгі.

3) Демографиялық.

Кіріспе бөлімде сұрақ қоятын адамға арналады. Онда:

1. сұрақтама жүргізетін ұйымның аты.

2. зерттеудің міндеті және оның практикалық теориялық мәні.

3. әрбір респонднттің ролі.

4. толық құпиялылығы.

5. анкетаны толтыруға нұсқау.

6. сұрақтаманың нәтижесімен респондентті таныстыруға сендіру.

7. анкетаны диагностқа қайтару әдісі.

Негізгі бөлімде сұрақтар жиынтығы беріледі. Негізгі бөлімнің 3 баспалдақты формасы қолданылады:

Сұрақтардың алғашқы жартысы респонденттің қызығушылығының құрылуына бағытталады. Екінші жартысы зерттеудің негізгі міндеттерін – мотивтерді, пікірлерді, бағалауларды шешуге арналады. Ақырғы бөлігі – репонденттің ойларының интимді және даралық аспектілерінен ақпарат береді.

Анкетаның демографиялық бөлігінде респонденттің паспорттық мінездемесі беріледі. Онда фамилиясы, жынысы, жасы, кәсібі т.б жазылады.

Сұрақтардың әртүрлі негізді классификациясы болады.

1) Маңызына қарай: фактілер, мотивтер туралы сұрақтар.

2) Жағдаятты: шартсыз және шартты.

3) Формасы бойынша: жабық, жартылай жабық, ашық, тікелей жанама.

4) Функциясы бойынша сүзілуші – мағынасына қарай бақалау.

Фактілер туралы сұрақтар адамдардың іс-әрекетінің мінездемесін, олардың нәтижелерін анықтайды.

Мотивтер туралы сұрақтар іс-әрекеттердің, бағалаулардың субьективтік қабылдау себептерін анықтайды.

Шартсыз сұрақтар шынайы жағдаятарға құрылады.

Анкета сұрақтарының классификациясы:

1. Мағынасына қарай:

фактілер туралы сұрақтар

мотивтер туралы сұрақтар

2. Жағдаяттарға қарай:

шартсыз

шартты


3. Формасына қарай:

ашық


жартылай жабық

жабық


тікелей

жанама


жабық

дихотомикалық сұрақтар

4. Функцияына қарай:

сүзгілі сұрақтар

мағыналы сұрақтар

бақылау сұрақтары

Шартты сұрақтар. Қиялдағы жағдайлардан құрылады.

Ашық сұрақтар. Зерттеушінің ана тілінде диагностақ керекті фактілер мен мотивтерге жауап береді.

Жабық сұрақтарда дайын жауаптардың варианттарына таңдалынып алады.

Тікелей сұрақтар. Диагностикалық мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ақпарат алуға бағдарланған.

Жанама сұрақтар. Шынайы ақпарат алуға сенімсіз жағдайда қойылады.

Сүзгілеу сұрақтары. Жалпылау түрдегі, зерттелінуші нақтылау сұрақтарына басталады.

Маңызды сұрақтар – негізгі ақпаратты береді.

Бақылау сұрақтары – зерттелінушіден алынған ақпарат ақиқаттылығының деңгейін бағалайды.


Көптеген психодиагностиканық әдістер бланктік әдістер деп аталады. Зерттеушіге сұрақтар беріледі, оған ауызша немесе жазбаша жауаптар беріледі. Жауаптары бойынша адамныыыың психологиясын ашуға болады, Бланктік әдістердің кең таралуы оның қарапайымдылығында.

Виткий орынды сұрақтама әдістері алады. Зерттеуші зерттелушіге ауызша сұрақтар қояды. Оның жауаптары талданады.

Бұл әдәстердің жақсылығы бланктер керек емес және психодиагнот зерттелушімен икемді бола алады. Кемшілігі: сұрақтар дұрыс таңдалуы керек. Сұрақтама стандарттауға келмейді.

3 орынға психодиагностикалық сурет әдістері жатады. Зерттелушінің салған суреттеріне талдама жасалынады, кейде дайын бейнелерге талдау жасалынады.

Бірінші мен үшінші әдістер қолмен және компьютерлік болады.

Проективті әдістер бланкті, суретті, сұрақтамалы болады. Бұл әдіс топтамалары валидті және ақпаратты.

Келесі әдістер – обьективті манипулятивті әдістер. Зерттелушіге шынайы заттар беріледі. Сол заттардан бірнәрсе құрайды немесе жасайды.

Психодиагностика әдістерінің критерилері:

1. Әдістемеде тест қолдану типі.

2. Тест материалындағы адресат.

3. Тест материалының формасы.

4. Психодиагностика әдістерінің нәтижелерінің қорытындыларының мінездемесі.

5. Әдістемедегі тестік номалардың болуы.

6. Әдістеменің ішкі құрылымы.

Психодиагностика әдістері сұрақтамалы, нақтыланған, продуктивті, әрекетті, физиалогиялық болып бөлінеді.

Сұрақтамада – зерттелінушіге арналған сұрақтар қолданылады.

Нақтыланған әдістерде – зерттелінуші келісетін не келіспейтін нақтылаулар болады.

Продуктивті әдістер – зерттелінушінің творчествалық жұмыстары, вербалды, образды, материалды туындылары.

Әрекетті әдістерге – зерттелінуші кейбір әрекеттерді кешігіп орындайды.

Физиаологиялық әдістер –тестік материалдың адресаты бойынша сапалы, сапасыз болып бөлінеді.

Сапалы әдістерге – сұрақтамалар, сапасызға проэктивті материалдар жатады. Формасы бойынша әдістер бланктік (жазбаша, сурет), техникалық (аудио-видео материалдары), сенсорлыық (сезім органдарына стимул ретінде) мінездемелері бойынша оьбективті (Зерттелінуші мен зерттеушінің сапасы мен тілегіне байланысты емес көрсеткіштер қолданылады) және субьективті (зерттелінуші мен зерттеушінің тілегі мен санасына байланысты, ішкі тәжірибесіне тәуелді мәліметтер қолданылады), көп өлшемді және моно өлшемді деп бөледі.

Моно өлшемде бір сапа мен қасиет талданады да көп өлшемді әдістерде бірнеше сапа мен қасиет зерттелінеді.

Психодиагностикалық әдістер мәліметтері сапалы және сандық анализді негізделген болып бөлінеді.

Сапалы анализде – зерттелінетін қасиет белгілі ғылыми ұғымда сипатталады.

Сандық анализде – зерттелінетін адамның дамуы басқа адамдармен салыстырылады.

Барлық психодиагностика әдістері ғылыми және практикалық болып бөлінеді.

Ғылыми әдістер – еңбекті көп керек ететін, ғылыми зерттеу жұмыстарында қолданылады.

Практикалық әдістер - әмбебап, қарапайым, арзан болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет