ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ
Тақырып 1 Психологиялық диагностика – заң тәжірибесінде психологтің функциясы ретінде
Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың заң тәжірибесіндегі зерттеу объектілерге ықпал ету қарқындылығының, шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика тұлғаның психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.
Психодиагностика – психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.
Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.
Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:
Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді (бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Заң тәжірибесінде бақылау әдісі кезінде – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |