Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер



бет24/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Сурет 1. 2013 жыл әлемдік интернет-сатылымның тауарлық құрылымы (%)

Ескерту: мәліметтер https://www.shopolog.ru/сайтынан алынған.



Кесте № 1. Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары

Ескерту: мәліметтер Электронды оқулықтарды пайдалану. А.Абубаева, Информатика негіздері, №4 — 2016ж. 124-беттен алынған

Электронды оқулықтың құрылымы

Енді электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін карастьірайык. Электронды оқулықтың кұндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:

“1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с түрінде беріледі. Сонымен кодтар мұнда, кдрапайым оқулықга мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерде тән элементтер орын алуы мүмкін .


  1. Схемоқурс — оқулықгың мазмұнын қысқартылған мәтін  график түрде  бейнелеу. Бүл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауда үлкен көмек береді.

  2. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі — оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақгар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықгың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мұндай жүйе оқулықгың авторлары кұрған  тестер  қорынан тұрады. бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады” [17].

         Енді электронды оқулықтың кұрамы жөнінде айтып өтелік.

           “  Электронды оқулықгың құрамында: — титул беті;

— мазмұн;

— аннотация;

— оқу материалының толық мазмұны (схемалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер);

— тапсырмалар жүйесі;

— бақылау тестік жүйесі;

— мәтін бөлігін іздеу жүйесі;

авторлар жөнінде мәлімет;

— программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.

Электронды оқулықгың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. мүнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықгың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.”[18]

Мазмұн электронды оқулықгың ең маңызды кұрылымдық элемент. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде кұрылуы қажет.

“Аннотация — программа жөнінде қысқаша мәлімет болуы керек. Жақсы электронды оқулықгы кұрудың бастапқы шарты оқу материалының толық камтылуы керек, яғни мәтін, графиктер болуы тиіс.

Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақгар мен тапсырмалар береді. Егер тапсырмалар толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өте алмайды. Бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалдарын мұқият қайталауға мәжбүр етеді.Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытынды білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақтар түрінде беріледі. Тестік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықгы жазушылар тандап, құрастырып, текстік сүрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.

Авторлар жөнінде мәліметтер — оқулықты кұрастырушылардың аты — жөндері, туылған жылдары, жұмыс орындары, телефоны, электрондық почта адресі т.с.с

Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі падаланушыға оқулықгың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Әдетте қысқа әрі нақты подсказкалар түрінде болып келуі керек” [19].

 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар

 Электрондық оқулықтың жай оқулықтан айырмашылығы қандай? Электрондық оқулық — оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны қамтитын, компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. программалардың жиынтығы.

“Электрондық оқулық жай оқулықтарға тиімді қосымша мүмкіндікгер береді. Әсіресе, кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз ету; жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатындықтан болғандықтан электронды оқулық қажетті оқулықгы табуға тез мүмкіндік береді; гипертекст түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеу; жеке  тұлғаға  бағдарланған, яғни оның нақты бір бөлім бойынша білімді тексеру және қысқа текстпен кодтар оны көрсету, баяндау, модельдеу т.б. мүмкіндіктер тез орындалады.

Компьютерлік өнімдер, оның ішінде оқыту программалары мен электронды оқулықтар саны жылдан-жылға көбеюде. Алайда, осы күнге дейін электронды оқулық кандай болу керек және қандай функциялар оның міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр” [20].

Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесідей талаптар қойылады:

“-тандалған курс бойынша ақпарат  жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;

-текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе виде  түрдегі ақпараттан түру керек («жанды  лекциялар»). «Жанды лекциялардың» міндетті интерфейс элемент! ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек; текстік ақпарат «Жанды лекциялардың» кейбір бөліктерін кайталауы мүмкін; күрделі модельдер  мен  қүрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болу керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны жөн; керекті ақпаратты іздеу уақытын қыскартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім камтамасыз етілуі тиіс. Бір пән аумағында арнайы  түсіндірме сөздік енгізілген болу керек; материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені жөн. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға  өзі көрмеген кейбір күбылыстарды (сарқырыма, өрт, т.б.) түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді “[21].

Енді, электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді кұралдарын қарастырайық. Олар:

“-дәстүрлі алгоритмдік тілдер;

-жалпы мақсатгағы инструментальді кұралдар;

-мультимедиа құралдары;

-гипертекстік және гипермедиалық кұралдары;

Ал, электрондық оқулықгың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықгың негізгі үш жұмыс істеу режим! бар:

-бақылаусыз оқыту;

-бақылаумен оқыту

-тестік бақылау.”[22]

Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақгар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімді тексереді.

Қазіргі кезде оқулықтарға қойылатын талаптар: берілетін материалды кұрылымдандыру, пайдалану ыңғайлылығы, материалдың мазмұнының көрнекілігі. Жоғарыдағы айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипертекст технологиясын қолданған дұрыс. Оқытудағы негізгі мәселелердің бірі білімді бақылау болғандықтан, электронды оқулық кұрамында бақылау құралы қамтамасыз етілу міндетті.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет