Лекция Кіріспе. Білім берудегі ақпараттық технология: мүмкіндіктері мен өзекті мәселелер



бет40/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19055
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лекция жинағы ҚО және АОТ-1

E-learning (қысқаша ағылш. Electronic Learning) — электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютерді қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту сияқты терминдердің синонимі. 
Юнеско мамандарының берген келесі анықтамасы бар: «е-Learning –Интернет пен мультимедиа көмегімен оқыту».
Бірнеше мағынасы болу мүмкін:

  1. Дербес компьютерді, ұялы телефонды, DVD-ойнатқышты, теледидарды  пайдалана отырып  электрондық құжаттармен өзіндік жұмыс жасау;

  2. Шалғай жердегі экспертіңнен (мұғалімнен) ақыл-кеңес, баға алу, қашықтықтан әрекеттесу мүмкіндігі;

  3. Жалпы бір виртуалды оқу қызметін жүргізетін әр жердегі (әлеуметтік желілердің) пайдаланушыларының қоғамын құру;

  4. Электронды оқу құжаттарын уақытылы тәулік бойы жеткізу;

  5. Электронды оқу құжаттарына және технологияларына, қашықтықтан оқыту құралдарына арнайы стандарттар мен сертификаттар

  6. Инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру және таныстыру, оны мұғалімдерге тарату;

  7. Оқу веб-ресурстарын дамыту мүмкіндіктері;

  8. Әлемнің әр жерінен кез-келген жерден, кез-келген уақытта заманауи білім алу мүмкіндігі.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын құруда қосымша ресурс ретінде           е-learning  технологияларын қолданудың тиімділігі келесі факторлармен айқындалады:

  1. Оқушылардың топтық және өзіндік жұмыстарының арқасында  оқу материалдарын меңгеру деңгейінің көтерілуі.

  2. Білімді бақылау, оқу ақпаратын ашу үрдісін автоматтандыруда.

  3. Оқу материалының көрнекілігінің жақсаруы.

  4. Берілген оқу ақпаратының көлемінің өсуі.

Е-learning технологиясын дидактикалық тұрғыдан педагогикалық үрдіске еңгізуге болады. Технологиялардың берілгендерінің ішінен интернет-платформаларды (виртуалды оқыту құралдары) бөліп шығаруға болады: виртуалды сыныптар, мұғалімнің оқу сайты; дискуссиялық форумдар, блогтар; әлеуметтік желілер, интернет-телефония (Skype типті) бағдарламалары.  Берілген технологиялардың әр қайсысына терең тоқталсақ. Виртуалды сыныптар  мұғалімге  көп оқушылармен бір уақытта қатар  көпжақты бейнеконференциялардың немесе аудиоконференциялардың көмегімен, презентацияларды көрсету, виртуалды тақтада жазулар(сурет салу) сызу, оқушыларға сұрақ-жауап қою (чатта, тақтадағы жазу), on-line  оқытуды ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.  Виртуалды сыныптардың қосымша міндеттері мұғалімге оқушының қызметін педагогикалық бақылауға алуға (оқушының сабаққа қатысуын бақылауға) мүмкіндік береді. Тәжірибеге сүйенсек, виртуалды сыныптарды ң мүмкіндіктерін оқушылардың дискуссиялық топ жұмыстарында (жобалар, кейс топпен шешу), оқушылардың өзіндік жұмыстарының нәтижесін бағалауда пайдаланған тиімді.

Е-learning-тің басқа технологиясы –бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тесттық жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді. Мұғалімнің оқыту сайты уақытылы тәулік бойы электронды оқыту материалдарына қолжетімділікті, кеңес алуды, ұсыныстарды, мұғалімнің бағалауын қамтамасыз етеді. Сайтта тіркелген барлық қатысушылардың электронды пошталарына  мұғалім тез арада хабарламалар жібере алады. Құндылығы бұл оқытуды асинхронды режимде ұйымдастыруға болады: блогта қандай да бір тақырыпта дискуссия жүргізуге болады.  Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап арқылы әртүрлі қатысушылардың пікірлерін біле алады.  Осылайша, оқу үрдісінің дәстүрлі жүйесіне ұсынылған қосымша            e-learning технологияларының көмегімен ұйымдастырылған қосымша педагогикалық әрекеттесу формаларынан тұрады:



  1. Синхронды (чат, скайп) немесе асинхронды (пошта, форум) мұғаліммен оқушының хабар алмасуы, оқушылардың өзара блогта, форумда, чатта пікір-таластырулары;

  2. Оқушылардың  чаттың синхронды форматында немесе топтық конференцияларда хабар алмасулары.

Е-learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктер береді:

  1. Берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін  өте қолайлы және ыңғайлы;

  2. Оқу материалынын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын және көлемін таңдаудағы жекешілдік;

  3. Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарыңмен синхронды және асинхронды әрекеттесу арқылы оқуға болады.

Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, е-learnіng жүйесі білім беруді жаңғыртуға арналған негізгі құралдардың бірі болып табылады. Оңтүстік Корея, Финляндия мен Ирландияда электронды білім беру жөнінде арнайы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылады. Францияда балабақшадан бастап, үлкендерді оқытуға дейін білім беру үрдісінің барлық саласына ақпараттық-коммуникациялық технология енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада елдерінде электронды білім беру күнделікті өмірдегі тәжірибе сияқты көрініс тапқан. Ал Қазақстанда білім берудің ақпараттық жүйесі қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде 16 балаға 1 компьютерден келеді. Мектептердің 98 пайызы, ал ауыл мектептерінің 91 пайызы ғаламтор желісіне қосылған. Білім беру ошақтарының 43,1 пайызына кең жолақты ғаламтор тартылған. Ал 459 мектеп лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.

Е-learnіng жүйесінде алға ілгерілеу үшін «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған қазақ және орыс тілдерінде жүздеген сандық білім беру ресурсы, соның ішінде қазақ тілінде, орыс тілінде ресурс әзірленген. Қазіргі таңда республикалық жоғары оқу орныаралық электрондық кітапхана құрылғаны белгілі. Оның құрамына Қазақстанның 38 жоғары оқу орны кіреді. Жоғары оқу орнының кітапханаларында 90 мыңнан астам оқулық, миллионға жуық мақала мен оқу құралдары жинақталған.

Е-learning технологияларының көмегімен педагогикалық үрдісте қолданылатын келесі әдістерді бөлуге болады:
Виртуалды топтық жұмыс – бұл бір берілген тапсырма бойынша жұмыстанатын топта оқитын оқушылардың біріккен жұмысы, олар өз беттерінше немесе кеңесшінің көмегімен хабар алмасу және әрекеттесу нормаларын белгілейді, виртуалды ортада өз жұмыстарының бағыттарын және оған жету жолдарын таңдайды.  Мысал ретінде синхронды форматтағы (уақыты алдын-ала белгіленеді) және асинхронды форматтағы сауалнама жүргізу, мұғаліммен сыныптастарыңның алдында дайындаған жұмысынды қорғау (чат-конференциялардың көмегімен). Оқытудың бұл әдісі оқушының өзіндік жұмысын жетілдіруді ұйымдастыруда қосымша ресурс ретінде бола алады.  Виртуалды сыныптардың техникалық мүмкіндіктері қазіргі уақыт режимінде оқытудың барлық субъектілеріне бейнероликтерді , презантация слайдтарын , үлкен көңіл бөлетін жерлері бар әртүрлі құжаттарды көрсету, алмасу және өз файлдарын пайдалануға рұқсат беру, электронды тақтаны қолдану, барлық қатысушылардан қандай да бір сұрақ бойынша қазіргі уақытта ақпарат жинау, дауыс беру және сауалнама өткізу; тез арада хабарламалар алмасуға (барлық оқитындарға немесе жеке адамдарға  рұқсат беру) мүмкіндік береді. Хабарламаларды көру шегі барлық субъектілермен виртуалды әрекеттесу арқылы  анықталады. Аудиобайланыс арқылы да байланысқа шығуды ұйымдастыруға болады. Кейбір виртуалды сыныптар құжаттармен біріккен жұмыстар жасауға, виртуалды қол көтеру немесе эмоцияларды көрсету арқылы көңіл аудару механизмдерін пайдалануға, сыныптағы виртуалды кездесулерді жазуға жағдай туғызады.

Бейнеәдіс – бұл ақпаратты көрнекіліктер арқылы қабылдайтын әдіс (оқу бейнефильмдерді пайдалану, бейнетренингтер, аудиториядағы лекция және практикалық жұмыстардың бейнежазбалары, бейнеэкскурсиялар, эксперт-мамандардың видеожазбалары және т.б). Бейнеәдіс келесі міндеттерді атқара алады: білімділік, бақылаушылық, қорытындылау, жүйелілік. Оқу мақсатында бейнежазбаларды пайдаланудың екі тәсілі қолданылады: дайын бейнематериалдарды көрсету және кері байланыс жасау немесе талқылау мақсатында есептерді (жобаларды, тренингтерді және т.б.) шығару барысында жазбаны пайдалану.  Кері байланысқа шығуды пайдалану  барысында қарауға және тақылау негізіне бейне форматта жазылған сол қатысушылардың іс-әрекеттері алынады.
Блог-әдіс – бұл мәтін, суреттер, мультимедиа, соның ішінде авторлық жазулар (посттар) құрауға мүмкіндік беретін оқушының оқу-танымдық қызметінің әдісі. Бұл қызмет іздеуден, белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинаудан тұрады. Оқытудың дәстүрлі әдістерін қолданумен қатар  мұғалімдермен оқушылардың әрекеттесуіне ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасайтын арнайы интерактивті педагогикалық технологияларды пайдалану қажетті.  Сондықтан, e-learning электронды білім беруді енгізу оқу негізінде педагогикалық үрдісте маңызды құрал болып табылады. Мұндай форматта оқыту интерактивті болуда, ал ал оқу үрдісі перманенттіге айналуда.

Мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми - әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Сандық білім беру ресурсы - әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер атсалысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды.

Осылайша, e-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде).  Оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.

Сонымен бірге осы бағдарламаның артықшылығы – қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын /сайтын/ ашып, мектептің тарихы, оқушы, мұғалім рейтингісі, құрмет тақтасы, ҰТБ-ға дайындығы, қашықтықтан оқыту курстары, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілігі, т.б. мәліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығы.

Бұл оқыту үдерісін автоматтандыру жүйесі біздің мектепте  биылғы оқу жылынан іске асырыла бастады.


Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде.

E-learnіng жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі болып табылады. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады деген сенімдемін.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Электрондық оқулық

  2. Ғаламтор

  3. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә.
    Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. Алматы 2011

  4. Семченко А.А. Мұхамбетжанова С.Т.  Толықбаева Ғ.Н. Жартынова Ж.А. Коровина С. В.Объектіге бағдарланған «MOODLE»ортасы арқылы білім контенттерін жасау. Алматы 2011

  5. М.А.Ғалымжанова. «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» Атырау 2012

  6. Жаңа білім беру жүйесі.  Wikipedia http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа_білім_беру_жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет