№1 Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы.
Жоспар:
Саркомастигофора типі
2. Талшықтылар класы
3. Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы
4. Жануарлартектес талшықтылыр
Cаркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар -классы - Sarсodina және талшықтылар – Мastigophora.
Саркодиналар классы - Sarсodina
Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиі кездеседі. Барлық өкілдері псевдоподиялары арқылы қозғалады. Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді.
Cаркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар -классы - Sarсodina және талшықтылар – Мastigophora.
Амебалар отряды-Amoebina
Амебаға бір ядролы, кейде көп ядролы, денесінің тұрақты пішіні болмайтын, уақытша пайда болатын псевдоподия арқылы қозғалатын, қабыршағы да, скелеті де болмайтын қарапайым жануарлар жатады. Әртүрлі амебада псевдоподия әртүрлі пішінді болып келеді, көбінесе қалқан немесе саусақ тәрізді (А.proteus), жебе тәрізді (A.radiosa) және басқалары.
Амебалардың мөлшері әр түрлі-10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін.
А.proteus –тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Клеткасының көлемі - 0,5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталған. Цитоплазма екі қабат құрайды, ашық түсті, мөлдір сыртқы - эктоплазма, және қоңырқай келген, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Цитоплазманың ішінд бір ядро және көптеген органойдтар орналасқан (1 сурет).
1 -сурет – Амеба – Amoeba proteus: 1- эктоплазма; 2- эндоплазма; 3- асты қамтып алу; 4- ядро; 5- жиырылғыш вакуолі; 6- асқорыту вакуолі
Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде пайда болып, сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сондықтан амебаның тұрақты пішіні де болмайды.
Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдылармен фагоцитоз жолымен қоректенеді. Қорек заттарын жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, содан кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез келген жерінен сыртқа шығарып отырады.
Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді. Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады: зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға және суға толып жиырылып тұрады.
Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.
Амебалар отрядына еркін өмір сүретін түрлерінен басқа, паразитті өмір сүретін түрлері де жатады. Мысалы, Enthamoeda histolitica-дизентериялық амеба. Денесінің мөлшері 20-30 мкм. Эктоплазма және эндоплазма айқын бір-бірінен ажырап тұрады. Псевдоподиялары қысқа, тек қана эктоплазмадан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |