Лекция. Кіріспе. Бір клеткалы жануарлар патшалықтармағы. Жоспар: Саркомастигофора типі Талшықтылар класы Өсімдіктес талшықтылар класс тармағы



бет65/70
Дата14.04.2022
өлшемі7,08 Mb.
#30963
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
Зоология рубежка

Зәр шығару жүйесi Насекомдардың зәр шығаруын бiрнеше түзiндiлер атқарады, олар — мальпиги түгiкшелерi, май денелерi, перикардиальдi клеткалар немесе нефроциттерер және фагоцитарлык мүшелер.

Ең бастысы — мальпиги түгiкшелерi. XXV ғасырда насекомдардың зәр шығару мүшесiн алғашқы рет ашқан италия ғалымының есiмiмен Мальпиги түтiгi деп аталған. Олар артқы iшектен түзіліп эктодермальдi болады, ортаңғы iшек пен артқы iшектің шекарасында орналасқан, бос жатқан бiр ұшы тұйық, екiншi ұшы iшекке жалғасады, оның ішкі қуысы бір қабатты эпителий клеткаларымен астарланған. Саны 2-ден 200-ге дейiн (әр түрлi насекомдарда) Мальпиги түтiкшелерiнiң негiзгi қызметi - несеп қышқылын түзу. Мальпиги түтiкшелерін гемолимфа үздiксiз шайып өтiп жатады, сондықтан денедегi зат алмасудың соңғы өнiмдерi - несеп заттары қан қысымы әсерiнен мальпиги түтiкшелердiң ішiне сүзiлiп өтiп тұрады. Мальпиги түтiкшелерiнiң қабырғасын құрайтын эпиттелий клеткалары алғашқы несеп құрамындағы суды және организмге қажетті ерiген заттарды барынша қайтадан гемолимфаға өткiзедi, ал сiңбей қалған заттар мен түтiкшелер эпителиiндегi синтез нәтижесінде түзiлген заттар қосылып, соңғы несеп қышқылын және несеп кристалын құрайды. Олар артқы iшекке түсiп нежiспен бiрге аналь тесiгi арқылы сыртқа шығарылады. Мальпиги түтiкшелерінде несеп құрамындағы сiңiрiлмей қалған сулар артқы iшекте ректальдi бездер арқылы толығымен денеге сiңiрiледi. Бұл, құрлықта тiршiлiк ететiн насекомдарға, суды үнемдi пайдалануына жағдай жасайды.

Зәр шығару қызметін мальпиги түтiгiнен басқа, майлы дене де атқарады. Ол борпылдақ дәнекер ткань құрамындағы клеткалардың бiр бөлiгi, несеп қышкылдарын дөңгелек конкреция түрiнде жинап сақтайды.

Негiзiнде майлы дене қоректік заттар қорын, әсiресе майларды жинап, кейде “жинау бүйрегi” деп те аталады. Майлы денедегi қоректік заттардың есебінен насекомдар бiраз уақыт қоректенбей жүре алады және олардың жұмыртқалары дамып, пiсiп жетiледi кейбiр насекомдардың майлы дене клеткаларында ерекше зат люцифераза болады. Оттегi мен люцифераза ферментінің әсерiнен люциферин тотығып жарық шығарады. Мысалы, жарық шығаратын қоңыздарда (Lampyris noctiluca).

Жүректің бүйiр жағында орналасқан жұп клеткалар тобы - нефроциттер және жүректiң астындағы фагоцитарлық мүшелерi де организм үшiн зиянды заттарды өздерiне сiңiрiп, зәр шығару қызметiн атқарады.

Тыныс алу жүйесi. Насекомдардың тыныс алу мүшесi - кеңiрдек немесе трахея (осыдан да Tracheata тип тармағына жатады). Трахея насекомдардың эмбриональдi даму кезінде қалыптасады, яғни эктодерма қабатының қабырғасы iшке қарай жиырылып трахея түтiгiне айналады, оның қуысы хитиндi кутикуламен астарланып, бұрала спиральданған хитиндi сақиналарынан тұрады, олар трахея қуысының тарылуына кедергi жасап және ауаны еркiн өткiзiп тұрады.

Трахеялар стигма ден аталатын тыныс тесiктерiнен басталады. Стигмалар дененiң кеуде бөлiгiнде және құрсақтың сегменттерiнiң екi бүйiрiнде орналасқан. Стигмалардан басталатын қысқа көлденең трахеялары өзара жалғасып ұзына бойлық трахея бұтақтарын құрайды. Бұтақтар сан рет тармақталып өте ұсак трахеолаларға айналады. Трахеолалар бүкіл iшкi мүшелердi торлап, әрбiр клетканың iшiне кiрiп ауадағы оттегiн тiкелей клеткаларға жеткiзедi. Кейде трахеялар кеңейiп ауа қапшықшаларын түзейдi (бал араларда). Ауа, трахея жүйесiне құрсақтың созылып-жиырылу нәтижесінде енедi Құрсақ бұлшықеттері жиырылғанда ауа трахеялардан шығарылады, ал босаңсығанда трахеяларға кiредi. Ауаның трахея жүйесiне кiрiп шығуын және судың булануын стигма аппараты реттеп тұрады.

Суда тiршiлiк ететiн, атмосфера ауасымен тыныс алатын насекомдар (сүңгуiр қоңызы, су қандаласы) құрсағындағы түктерi арқылы ауа қорын ұстап сақтайды, ол үшiн насеком ауық-ауық су бетiне көтерiлiп түктер арасына ауаны жинайды. Суда ерiген оттегiмен тыныс - алатын насекомдардың личинкаларында (инелiктердiң, веснянкалардың) кеңiрдек желбезектерi дамыған, олар суда ерiген оттегiн ауа оттегiне бөлiп трахея жүйесiне өткiзедi.

Төменгi сатыдағы насекомдардың көпшiлiгiнде трахея жүйесi дамымай, олар терi жамылғысы арқылы тыныс алады.

Насекомдардың тыныс алу жүйесi, жылу энергиясын бөлiп шығаратын зат алмасу процесiмен қоса дене температурасын реттеуде де маңызды роль атқарады. Насекомдардың дене температурасы тұрақсыз, яғни сыртқы орта жағдайындағы температураның ауытқуына байланысты өзгерiп турады. Насекомдар пойкилотермды (грекше poikilos — әр түрлi, therme — қызу) организмдер тобына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет