Тәуелдi газ разряды
Тоқ көзімен қосылған екі параллель пластинаның арасындағы ауаны рентген сәулелерімен иондалсын (4-сурет). Айталық, ионизатор көмегімен бейтарап газ молекуласынан электрон бөлінді дейік. Сонда бейтарап молекула оң ионға айналады. Ал, бөлініп шыққан электрон басқа молекулаға қосылып теріс ион құрайды. Нәтижесінде газ массасында оң және теріс иондар пайда болады. Бірлік көлемде бір секунд ішінде ионизатор әсерінен туған қос иондарының саны дейік. Бірлік көлемде бір секунд ішінде рекомбинацияланған қос иондардың саны
(5)
болсын. Тепе-теңдік жағдайда , яғни
(6)
Осыдан бірлік көлеміндегі қос иондарының саны
(7)
болады.
Электродтар арасында кернеулігі Е болатын электр өрісін тудырған жағдайда, газ иондарының нейтралдануы молизация әсерінен ғана емес, иондардың электродтарға жетіп нейтралдануынан да болады (тоқ арқылы нейтралдану).
4-сурет
Тізбектегі тоқ күші , бұдан бірлік көлемнен секунд сайын сорылатын қос ион саны анықталады:
(8)
мұндағы - әрбір ионның заряды, S –электрод ауданы, -электродтардың ара қашықтығы.
тоқ тығыздығының формуласын пайдаланып (38)-ні төмендегідей жазуға болады
(9)
Тоқ жүріп тұрғандағы тепе-теңдік төмендегінше жазылады
бұған (8) және (9) формулаларын қойсақ
(10)
болып шығады, мұндағы тоқ тығыздығы
(11)
болады. Мұндағы U+0 , U-0 оң және теріс ион қозғалғыштығы, Ом заңына сәйкес газ өткізгіштігі делінеді.
Тәуелсіз газ заряды
Сыртқы ионизатор әсері тоқталғаннан кейін де ток жүруі тоқталмайтын газ зарядын тәуелсіз газ заряды деп атайды.
Электродтар арасындағы потенциал айырмасын арттырайық (3.2.11.2-сурет). Кернеу артқанда тоқ та артады (сызбадағы ВС қисығы). Екі К және А электродтардың арасында тоқ жүретін болсын (3.2.12.1-сурет).
.
5-сурет
К электроды электрондар көзі болсын. К электродтан бір бірлік уақытта бөлінетін электрон саны болсын. Электродтардың арасындағы кеңістіктен К электродынан Х қашықтықта орналасқан dx қабатты бөліп алайық. Осы қабаттың ішінде электрондардың соққысынан пайда болған жаңа электрондар саны болады, мұндағы - ионизация коэффиценті.
Достарыңызбен бөлісу: |