Вестфаль бітімі қорытындылары. Келіссөздер Вестфалияның екі қаласында – Оснабрюке мен Мюнстерде жүрді. Оснабрюкеде императордың елшілері швед елшілерімен және протестанттық князьдармен келіссөздер жүргізсе, Мюнстерде императордың елшілері француз үкіметімен келіссөздер жүргізді.
Отыз жылдық соғыстан көп ұтқан Франция мен Швеция болып шықты. ХҮІІ- ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІІІ – ғасырдың басында бұл екі ел халықаралық дипломатияда жетекші роль атқарды. Ең ұтылған және зардап шеккен ел Германия болды. Германия едәуір территориясынан айырылып қана қойған жоқ – ұзаққа созылған соғыстан елдің экономикасы, шаруашылығы күйзелді. Солтүстік Шығыс және Оңтүстік Батыс Германияның тұрғындары екі есе, кейбір елді мекендерде он есе азайды. 1618- жылы Чехияның халқы 2,5 млн. болса, осы ғасырдың ортасында 700 мыңға кеміді. Ел қаңырап бос қалды. Жүздеген селолар мен елді мекендер жермен жексен етілді. Ғасырлық өндірістік дәстүрлері бар Саксония мен Чехияның кен орындары істен шықты. Соғыс жылдары неміс қалаларының саудасы мен өнеркәсібі онан сайын құлдырады. Вестфаль бітімінен кейін Герман мемлекеттері европалық халықаралық қатынастар жүйесінде екінші қатардағы елдердің санын көбейтті. Бұрынғысынша елде феодалдық өндірістік тәсілі сол қалпынша сақталынып қалды. Германия басқа батыс европа елдеріне қарағанда – мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан алғанда көш кейін қалды.
Әдебиеттер: Алексеев В.М. Тридцатилетняя война. Л., 1961
Достян И.С. Борьба Сербского народа против турецкого ига. ХҮ – начало ХІХ вв. М., 1958
Ивонин Ю.Е. Становление европейской системы государств. Англия и Габсбурги на рубеже двух эпох. Минск, 1989
Его же. У истоков европейской дипломатии нового времени. Минск, 1984
Малов В.Н. Великие географические открытия. Международные отношения конца ХҮ – ХҮІ вв. в заподной Европе. История Европы. Т.3 М., 1993
Османская империя и страны Центральной, Восточной и Юго – Восточной Европы в ХҮІ в. Ч.1. М., 1998.
Османская империя: система государственного управления, социальные и этнорелигиозные проблемы М., 1986
Поршнев Б.Ф. Тридцатилетняя война и вступления в нее Швеции и Московского государства. М., 1976
Тодоров Н. Балканский город ХҮ – ХІХ вв. Социально – экономическое и демографическое развитие. М., 1976
Фрейденберг М.М., Дубровник и Османская империя. М., 1989.
№15. ЛЕКЦИЯ