Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Феодализм, орта ғасырлар ұғымы



бет2/44
Дата14.10.2023
өлшемі313,57 Kb.
#113866
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»-emirsaba.org

Феодализм, орта ғасырлар ұғымы. Еуропа феодализмі антикалық құлиеленушілік қоғаммен герман, кельт, славян және басқа халықтардың рулық – тайпалық, “варварлық” қоғамдарының өзара қақтығысуымен өзара араласуынан пайда болды.
ІІІ-Ү ғасырларда Рим империясында дағдарыс күшейе түсті. Құл иеленушілік шаруашылық құлдардың толассыз ағылып келуі жағдайында ғана арзан әрі рентабельді еді. Алайда, біздің заманымыздың ІІ-ғасырынан бастап, шеткері аймақтардан құлдардың келуі күрт азайып, сондықтан олардың бағасы өсті. Құлиеленушілер құлдарды ұзақ пайдалануға тырысып, олардың тұрмыстық жағдайына мән бере бастады. Құлдардың құқықтық жағдайы жеңілдеді. Ол адам деп танылып, оның семья құру құқы мойындалды. Семья мүшелерін күшпен ажыратуға тыим салынды. Тіпті құл өзінің қожасы шексіз қатал болған жағдайда, оған шағым айтып, сотқа жүгіне алды. Құл еңбегі өнімділігін арттыруда үлкен рөл атқарған құл семьясының кейбір мүліктік меншіктік құқтарының – п е к у л и я - мойындалуы болды. Ол бойынша оның жеке заттары ғана емес өндіріс құралдары: жұмысшы аспаптары, мал – мүлкі, шеберханасы, азғантай жер участогі оның жеке меншігі болып есептеліп, заң бойынша қорғалды. Кейінгі антик қоғамда ауылшаруашылығындағы құлдардың жер пекулияларының болуы үйреншікті құбылыс болды. Уақыттың өтуімен ондай құл жерге бекітілген, дербес шаруашылығы бар, бірақ ірі латифундия иесіне тәуелді, оған рента төлейтін егіншіге айналды.
Құлдық шаруашылықтың дағдарысы, сондай-ақ к о л о н а т жүйесінен көрінді. Алғашында к о л о н – қоныстанушы, егінші мағынасында қолданылды, ал б.з. І ғ. бастап әртүрлі дәрежедегі ұсақ арендаторлардың барлығы колондар деп аталды. Олар басқа адамдардың жерлерін келісімшарт негізінде өңдеген еркін адамдар, азаматтар болды. Жерді пайдаланғаны үшін алғашында ақшалай рента, ал ІІ-ғасырдан бастап натуралды оброк төледі (өнімнің үштен бірі).
Батыс Рим империясындағы құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы. ІҮ-ҮІІ ғасырлар Евразия тарихында халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуірі деген атпен қалды. Бұл антикалық өркениеттің күйреуі және жаңа феодалдық қатынастардың тууы дәуірі болды.
Халықтар қозғалысының негізгі себебі варварлық сатыдағы халықтардағы тұрғындар санының өсуі. Осы қоғамдардағы өндіргіш күштермен өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы еді. Варварлық тайпалар қоғам дамуының әскери-демократиялық сатысында болды. Бұл сатыда кезкелген қоғам өте агрессивті болады. Қоныс аударуға алып келген себептердің ішінде-қазіргі гидрометереологиялық ғылым анықтағанындай – климаттың күрт өзгеруі маңызды болды. Шамамен б.д. ІІ – ғасырынан Ү – ғасырға дейін Евразия құрылығының ішкері аймағында ауа – райы қатты суыған. Бұл өзгерістер көптеген отырықшы және көшпенді халықтардың шаруашылық өміріне кері әсер етті. Тайпалар мен халықтар жайлы қоныс іздеп, жаппай қозғалысқа келді. Бір халықтар екінші халықтарды жылы орнынан ығыстырды, ал олар өз кезегінде үшінші халықтарды ығыстыруға мәжбүр болды. Қоныс аударуға алып келген келесі факторлардың бірі – сыртқы саяси себептер болып табылады, оның ішінде әлемдік рим империясының әлсіреуі маңызды роль атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет