Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Италия



бет40/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Италия. ХҮІ- ғасырдан бастап Италияның экономикалық құлдырауы басталды. ХҮ ғасырдың соңында-ақ италиян өнеркәсібінде құлдыраушылық элементтер байқалған еді. Тіпті, Италияның өзінде флоренция шұғасы (мауыты) ағылшын шұғасымен алмастырыла бастады. Ағылшындардан бөлек Франция мен Германияда да өнеркәсіп өрледі. Нидерланды ХҮІ ғасырдың өн бойында сауда жағынан ғана емес, өнеркәсіптік жағынан дамып отырды.
Ұлы географиялық ашулар Италия қала-республикаларының экономикасына үлкен нұқсан келтірді. Венеция аса бай көпестік республика болып қала берді, бірақ оның мұхиттық саудадағы ролі жоқтың қасы болды. Италиян қалаларының саудасы Таяу Шығыспен шектелді. Сауда мен өнеркәсіптен ығыстырыла бастаған италиян буржуазиясы көбіне көп банкілік - өсімқорлық операцияларға назар аудара бастады. Капиталды жұмсаудың басқа формасы жер сатып алу болды. Буржуазия жерлерді сатып алып дворяндарға айнала бастады. Өнеркәсіптің құлдырауы мануфактура жұмысшыларына да әсер етті. Олардың көпшілігі қайтадан қаладан деревньяларға қоныс аударды. Ірі жер иелеріне айналған Италияның буржуазиясы өндірісті дамытуды қолға алған жоқ. Олар да, дворяндар сияқты жерді ұсақ шаруаларға і шартпен пайдалануға берді (испольщина). Осылайша, дамудың белгілі бір кезеңіңде Италияда кері процесстер, яғни феодалдық қатынастардың орнығуы жүрді.
ХҮІ- ғасырда Италия саяси жағынан бұрынғысынша бытыраңқы ел болып қала берді. Солтүстіктегі ең ірі мемлекеттер: Венеция, Генуя, Милан, Савойя және Пьемонт герцогтықтары; Орталық Италияда – Флоренция республикасы (1531 жылдан Тоскана герцогтығына айналды) мен папа мемлекеті; Оңтүстіктегі неаполитан корольдығы (Сицилия құрамында) болды. Бұлардан бөлек ондаған ұсақ тәуелсіз иеліктер сақталынды. Барлық республикалық құрылыстар монархиялық институттармен алмасып жатты.
Италиядағы реформация қарсаңындағы діни идеялық қозғалыс Д. Савонаролланың (1452–1498) қызметімен байланысты. Бұл моральдың тазалық жолындағы күрес болды. Реформациялық қозғалыстың ошақтары Лукка, Флоренция, Венеция, Ферраре, және т.б. қалаларда орналасты. Италиядағы реформациялық қозғалыс интеллектуалдық қозғалыс деңгейінде қалып қойды. Елдің бытыраңқылығы, реформациялық қозғалыс бытыраңқылығы ,католык шіркеуінің жеңісін қамтамасыз етті.


Әдебиеттер:
1. Гусарова Г.П. Город и деревня в италии на рубеже позднего средневековья М., 1983г.
2. История Италий. В 3т., М., 1970г. 1т.
3. Дживелегов А.К.Творцы итальянского Возрождения. В 2 кн., М., 1998г.
4. Искуство и культура Италии эпохи Возрождния и Просвещения.,М.,1997г.
5. Чиколини Л.С. Социяльная утопия в Италии ХҮІ начало ХҮІІ в., М.,1980г.
6. Культура и общество Италии накануне нового времени. М.,1993г.
7. Рутенбург В.И. Народные движения в Италии в ХІҮ – ХҮ вв. Л.,1958г.
8. История средних веков. С.П. Карпова. М., 2003г.

14. ЛЕКЦИЯ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет