Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»



бет1/44
Дата13.10.2022
өлшемі112,8 Kb.
#42747
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)




«ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША


ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МӘТІНІ

1-ЛЕКЦИЯ




«КІРІСПЕ. ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ»


Жоспар:
1 Феодалдық қатынастардың тууы.
2 Феодализм, орта ғасырлар ұғымы.
3 Батыс Рим империясындағы құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы.
4 Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
5 Варварлық корольдықтардың құрылуы.
6 Варварлық жаулап алулардың қорытындылары.


Феодалдық қатынастардың тууы. «Орта ғасырлар» термині тұңғыш рет ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда тарихшы – гуманистер тарапынан ғылыми айналымға енгізілген еді. Олар оны өз кезегінде филологтардан алды. Филологтар латын тілін ерте, орта және жаңа латын тілдері деп бөлген еді. Бұл терминология ХҮІІІ ғасырда біржолата орнықты. “Орта ғасырлар” (латынша – medium aevum) курсын зерттейтін тарих ғылымының саласын “медиевистика” деп атайды. Осылайша, жаңа заманның тарихшылары адамзат тарихын: - ежелгі дүние, орта ғасырлар және жаңа заман кезеңдеріне бөлді. Тарих ғылымы дамуының әртүрлі кезеңдерінде “орта ғасырлар” ұғымына деген түсініктерде өзгеріп отырды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардың тарихшылары орта ғасырларды мәдениеттің құлдыраған, “түнек” заманы ретінде алып, оны мәдениеттің гүлденген антик заманына қарсы қойды. Марксист – тарихшылар орта ғасырларды ең бірінші кезекте – феодалдық қоғамдық- экономикалық формацияның пайда болуы, дамуы, ыдырауы дәуірі ретінде алып қарайды. Соған қарамастан “орта ғасырлар” мен “феодализм” ұғымдары барлық уақытты бір-біріне сәйкес келе бермейді. Олай дейтін себебіміз, бір жағынан алып қарағанда, орта ғасырларда феодализммен қатар басқада қоғамдық – экономикалық укладтар (патриархалдық, құл иеленушілік, кейінірек капиталистік) болды. Екінші жағынан, феодалдық уклад көптеген елдердің экономикасында орта ғасырлардан кейінгі кезеңдеде сақталынып қалды. Мысалы, басқа-басқа, Ресейдің өзінде ХХ ғасырдың басында феодалдық укладтың сарқыншақтарының сақталғандығын еске алыңыз. Ресми түрде бұл елде крепосниктік құқ 1861 жылы жойылды. Европа шаруаларының ХV ғасырдың соңында жеке басының шын мәнісінде бостандық алғанын ескерсек, әлеуметтік жағынан Ресейдің Батыс Европадан 400-500 жыл артта қалғанын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет